Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Олжас Бектенов Қазақстан Еуроодақ диалогтік платформасының 18 ші отырысын өткізді

Олжас Бектенов Қазақстан Еуроодақ диалогтік платформасының 18 ші отырысын өткізді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Үкіметтің баспасөз қызметі 2025 жылы 12 қарашада аталған жиынға ЕО елдері бизнес-қоғамдастығының өкілдері, дипломатиялық миссиялар және сауда-өнеркәсіп палаталарының басшылары қатысқанын хабарлады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның еуропалық әріптестермен өзара іс-қимылды тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында инвестициялық саясатты жетілдіруге ерекше көңіл бөлді. Біз экономикаға ұзақмерзімді инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Еуропалық бизнесті Қазақстандағы қатысуын кеңейту үшін және өндірісті локализациялау мақсатында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамын", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сурет: primeminister.kz

Осы жылдың 10 айында Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция 13,1%-ға өсіп, 16 трлн теңгеге жетті.

Қазақстан Үкіметі инвесторлардың мүдделерін қорғауға, бизнеске қолдау көрсетуге кепілдік беретін құқықтық және институционалдық негіздерді жоспарлы түрде нығайтып келеді. Бизнеске арналған әкімшілік талаптарды жеңілдету шаралары аясында есеп беру түрлерінің жартысына жуығы жойылды. EgovBusiness веб-порталы және мобильді қосымша арқылы инвесторларға барлық мемлекеттік қызметтер мен қолдау шаралары "бір терезе" қағидаты бойынша ұсынылып отыр. Жалпы, мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн-форматқа ауыстырылған.

Жаңа Салық кодексінде инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер, кедендік баж салықтарынан босату, заттай гранттар беру және басқа да жеңілдіктер түріндегі икемді преференциялар сақталған.

Бизнеске инфрақұрылым бойынша қолдау арнайы экономикалық, индустриялық, шағын өнеркәсіптік аймақтарда дайын өндіріс алаңдарын ұсыну түрінде көрсетіледі.

Жиында ЕО елшісі Алешка Симкич, Германия елшісі Моника Иверсен, Нидерланд елшісі Нико Схермерс, Франция елшісі Сильван Гиоге, Швеция елшісі Стефан Эрикссон, Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының төрағасы Ерлан Досымбеков, Glovo Қазақстан (Испания) бас менеджері Лаура Мартин Алькарас ұсыныстары мен ұсынымдарын айтты. Бизнес жүргізу мен дамыту шарттары, болжамды салық саясаты мен заң үстемдігіне қатысты және тағы да басқа мәселелер көтерілді.

Еуропалық Одақ елшісі Алешка Симкич Қазақстан еуропалық инвесторлар үшін Орталық Азиядағы негізгі бағыт екенін атап өтті. Ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары ретінде энергетика, цифрлық коммуникациялар мен ЖИ, көлік, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару сияқты басқа да салалар аталды.

"Қазақстан WEF жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі сияқты рейтингтердегі өз позициясын жақсарта түсуде. Инвестицияға қатысты бірқатар негізгі көрсеткіш бойынша Қазақстан өңірде көш бастап тұр. Инвесторлар жағдайын одан әрі жақсару болашақта үлкен пайда әкелуі мүмкін", — деді Нидерланды елшісі Нико Схермерс.

Франция елшісі Сильван Гиоге инвесторлар үшін сенімді құқықтық база қалыптастырып отырған мемлекеттік деңгейдегі реформаларға байланысты француз компаниялары Қазақстан нарығына үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Швеция елшісі Стефан Эрикссон Қазақстандағы цифрлық трансформацияның маңыздылығын атап өтіп, швед компанияларының жасанды интеллект технологияларын енгізу саласында тәжірибе алмасуға мүдделі екенін растады.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға және инвестициялық байланыстарды жандандыруға жан-жақты ықпал етуге дайын екендерін жеткізді. Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жиында айтылған мәселелер мен ұсынымдардың барлығын пысықтауды тапсырды.

Еуропалық Одақ – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Биыл 9 айда Қазақстан мен ЕО арасындағы тауар айналымы 33,1 млрд долларды құрады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 4,2 млрд долларға жетті. Елімізде машина жасау, энергетика, агрохимия, фармацевтика, азық-түлік өнеркәсібі сияқты басқа да салаларда еуропалық капиталдың қатысуымен 4 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында Alstom, Claas, Carlsberg, Polpharma және басқа да бірқатар компания бар.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 19:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары