Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Олжас Бектенов Самұрық Қазына АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Олжас Бектенов Самұрық Қазына АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2026 жылғы 1 тоқсандағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштеріне назар аударылды. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов есепті кезеңдегі кірістің 8%-ға, таза пайданың 93%-ға ұлғайғаны туралы хабарлады. Негізгі өндірістік көрсеткіштер бойынша жоспар орындалды.

Биыл сәуір айында «Самұрық-Қазына» компаниясының 3 млрд юань болатын дебюттік панда-облигацияларын Қытайдың ішкі нарығында сәтті орналастырғаны маңызды қадам болды. Орналастыру мерзімі — 3 жыл, облигациялардың кірістілігі — жылдық 2,18%, бұл — қарыз алудың рекордтық төмен құны әрі нарықтың қазақстандық қорға деген сенімін көрсетеді. Бұл қаражатты көлік-логистика, инфрақұрылым және тағы да басқа салаларды дамытуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағыттау жоспарлануда.

Сонымен қатар есептік кезеңде бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды. Олардың қатарында «Тау-Кен Самұрық» АҚ мен Ngali Holdings (Руанда) арасындағы негізгі шарттар жөніндегі келісім (Term Sheet), сондай-ақ «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен AZCON (Әзербайжан) арасындағы Қазақстан мен Әзербайжан порттарында су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу жобасы бойынша акционерлік келісім және басқа да құжаттар бар.

Фото: Үкімет

Президент тапсырмалары аясында жалпы құны 38,6 трлн теңге болатын мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, көлік-логистика және тау-кен салаларындағы 64 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. 41 жоба бойынша ЕРС және СМР келісімшарттары жасалған, олардың 33-інде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Атап айтқанда, осы жылдың наурыз айында Жамбыл және Павлодар облыстарында әрқайсысының қуаты 1 ГВт болатын екі ірі жел электр стансасының құрылысы бастау алды. Жобалар «жасыл» энергетиканы дамытуға және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге бағытталған. «Бутадиен» мұнай химиясы жобасы бойынша Sinopec Guangzhou Engineering (ҚХР) компаниясымен EPC-келісімшарт жасалған, жұмыстарды осы жылдың мамыр айында бастау жоспарлануда. Тағы 6 инвестициялық жоба жобалау кезеңінде, ал 17 жоба инвестиция салу алдындағы сатыда тұр.

«Бейнеу — Бозой — Шымкент» магистралінің екінші желісінің құрылысы, сондай-ақ Атырау облысындағы «ҰИМТ» арнайы экономикалық аймағының мәселелері қаралды. Жоба көмірсутек шикізатын терең өңдеу саласындағы ірі өндірістерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстан өнеркәсібі мен экономикасы үшін геологиялық барлау саласында жасанды интеллект технологияларын қолданатын «Тау-Кен Самұрық» жобасының маңызы зор.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов қор басшылығына барлық жоба бойынша бақылауды күшейтуді және оларды жүзеге асыру барысында тауарлар, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту үлесін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды.

Айта кетелік Үкімет ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейту бойынша шетелдік инвесторлармен кездескен еді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Сәуір 2026 14:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see122

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see116

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see115

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары