Полицей қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатына ұшырап, қаза тапты
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
4 қарашада қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасына ұшырап, зардап шеккен полиция капитаны Данияр Таев ауруханада қайтыс болды. Қызметкердің қазасы туралы ІІМ хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Апат 3 қараша күні Астана – Петропавл тасжолында болған. Патрульдік полиция қызметкері жол жұмыстарына тартылған арнайы техниканы бастап жүріп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, JAC автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтықты сақтамай, полицияның қызметтік көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмады", - делінген таратылған хабарламада.
JAC автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
ІІМ басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:31
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















