Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Инватакси қызметіне шағым жоқ

Инватакси қызметіне шағым жоқ

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Дамыған елдерде мүгедектігі бар адамдардың өзі қалаған жерге емін-еркін, еш кедергісіз барып-келуіне жағдай жасалған. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселесі бізде де мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Кейінгі жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамашы болып, инватакси қызме­тіне өзгерістер еніп жатыр.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Мемле­кеттің, жалпы қоғам­ның ортақ мақсаты – мүгедектігі бар адам­дарды мүсіркемей, алаламай, қоғамға бейімдеу. Яғни олардың өмір сүру сапасын арт­тырып, қоғамда жалғыз, жат сезінбеуіне ықпал ету. Біз айтқалы отырған инватакси қыз­метіндегі өзгерістер мүге­дектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған үлкен жұмыстың бір тармағы ғана.

Биыл ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қыз­метін көрсету кезінде такси агре­­гаторларын пайдалану жө­­ніндегі қанатқақты жоба бас­­талған-ды. Соның шеңбе­рінде Астана, Алматы қалала­рында 443,9 мың қызмет көрсе­тілген. Яғни екі ірі қалада осын­ша адам инватакси қызме­тін пайдаланған. Былтыр мүге­дек­­тігі бар адамдарға инватакси қыз­меті 207,2 мың рет көрсетілген.

Енгізілгелі отырған өзгеріс­тегі басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор плат­фор­­маларының пайдасына ауда­­­рылатын. Яндекс компа­ния­­сы қанатқақты жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірген. Жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушыға көлікті тезірек таңдауға, онлайн режім­де тапсырыс мәртебесін қада­ғалауға, жасалған сапарларға мониторинг жасауға мүмкін­дік береді. Қосымшада мүге­дек­тігі бар адамдардың жүргі­зу­шіге сапардағы ерекше қа­жеттіліктері туралы ескертетін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде жүр­гізушілер жолаушыны көлікке отырғызу, одан түсерде қалай кө­мек көрсетуге болатыны се­кіл­ді арнайы нұсқаулар алады.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі әкім­діктермен бірлесіп инватакси қызметіне тағы бір өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Енді азаматтар инватакси қызметін алардан бір күн бұрын смартфон арқылы жазылуы қажет. Сапар­ды алдын ала жоспарлау де­генге көпшілік қырын қа­­рауы мүмкін. Бірақ көп қала­да инватакси қызметтерін ұсы­на­тын көлік құралдарының тап­шы­лығы бар екенін ескерген дұрыс. Осы тұрғыдан алғанда сапарды алдын ала жоспарлау жүргізушіге де, жолаушыға да тиімді.

Инватакси шақырарда же­дел­дік пен сапаға кепіл бола­тын жобаны алдағы уақытта Астана, Алматы қалаларымен қатар, еліміздің басқа өңірі­не де тарату жоспарланып отыр. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары