Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Тасқа айналған ауыл

Тасқа айналған ауыл

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Мынау кім? Ауылға ескерт­кіш тұрғызуды қашан тоқ­татасыңдар? Басқа айналысатын шаруа жоқ па?» – деп сұрақты төтесінен дөп қоятын Намысбек он бес күндік абақтыда жатыр. Тұрмыс тауқыметі туралы дабыл қаққаны үшін қамалды. Әйтпесе, бүгінгі отырыстың ойранын шы­ғаратын еді.

– Бұл кісі өзі өмірде бар ма?– деді ауылға былтыр көшіп келген Жөкетай.

– Не айтып тұрсыз, тірі адамға ескерткіш қоймайды ғой, – деп мәдениет үйінің директоры Жыршыгүл ұрысып тастады. Әрі қарай ескерткіштің түпнұсқасы қандай болатыны туралы сөз қозғалды.

Бас сәулетші:

– Жерлестер, Қойлыбай ағамыз қолын көтеріп тікесінен тік тұрсын ба, әлде орындықта шалқиып отырсын ба?

– Шырағым, ол жазушы не болмаса қоғам қайраткері емес қой, мұндай үлгідегі тас мүсіндер өте көп. Қой баққан адамды қолына таяқ ұстатып, жайдақ аттың үстіне отырғызу керек, – деді көпті көрген Қауғабай шал. Халық қол шапалақтады. Залда отырған бір әйел айқайлады. Есімі – Майқұйған.

– Бұл Қойлыбай немене қойды жалғыз өзі бағып па? Әйелі марқұм Шайқұйған менің туған сіңілім, оған да ескерткіш орнату керек, – деді. Халық тағы қол соқты. Әкім бас сәулетшіге қарады.

– Иә, сіз орынды айттыңыз, Шайқұйған жеңгемізді де жобаға кіргіземіз. Ол кісі өрістен келе жатқан Қойлыбай ағамызды шоқ самаурынға шәй қайнатып күтіп тұрады. Тамаша безендірілген сәулет өнері болайын деп тұр, – деп бас сәулетші мақтанды.

– Айналайындар, бастама­ларың дұрыс екен, бірақ Қой­­лыбай атақты шопан болғанымен қойды баққан мына мен, оған отыз жыл жәрдемші болдым, – деді, сексенді алқымдаған бір қаусаған шал.

– Ата, тірі жанға ескерткіш қойылмайды жаңа айттым ғой, – деп Жыршыгүл шаңқ етті.

– Қарағым, онда тұрған не бар? Кеудемде жаным бар кезде тас мүсінімді көріп кету арман болып тұр...

Әлгі қария көзіне жас алды.

– Өте дұрыс, еңбек еткен адамды бағалау керек. Бізде әділдік жоқ, – деген дауыстар жамырай жөнелді. Жәрдемші бір ауыздан жобаға кірді. Тағы біреу тыныштықты бұзды. Алпысқа келсе де арақтан аузы құрғамай­тын Советбай сахнаға шықты. Әдетінше қызыңқырап алыпты.

– Әкім бала, Қойлыбай ағам­ның аруағы риза болсын, бірақ мына мен қыста трактормен жем-шөп тасымағанда оның қойлары аштан қырылатын еді. Маған неге ескерткіш қоймайсыңдар? Тоқалдан туғаным жоқ.

– Бұйырса, болашақта ес­кереміз, – деді әкім.

– Қайдағы болашақ? Давай, жобаға қазір қос, – деп дау шығарды. Оған әйелі Шапанай қосылды. Ғимаратты басына көтерді. Шиленіс әрі қарай ушығып кетпес үшін Советбай тізімге қосылды. Трактормен шөп тасып жүрген кезі үш метр тасқа қашалатын болды. Бұдан кейін ұлы айқай басталды. Ақыр аяғын­да ауылға Қойлыбай шопанның ұл-қыздары мен құда-жекжат­тарына да бір-бір ескерткіштер орнатылатын болды. Бас сәулет­шінің басы қатты. Әкім жобаға соншама қаражатты қайдан табу керек екенін ойлап отыр. Сөзді ауылдағы ақсақалдар ұйымының төрағасы Кетшібай алды.

– Әкім мырза, сіз осы ауылға көп еңбек сіңірдіңіз. Мына ұлы жоба өте керемет болайын деп тұр. Тек бір тамаша тұлғаның ескерткіші жетіспейді.

– Ол кім? – деді бас сәулетші абдырап.

– Талтаңбай Салпаңбаев.

Залда отырғандар: «Бәрекелді, табылған ақыл», – деп Кетшібай­дың сөзін әрі қарай іліп әкетті. Талтаңбайды жеті атасына дейін жеткізіп мақтады.

Әкім жобаға енді.

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 04:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары