Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жастарым, жайна! : Ғарифолла Құрманғалиевтің 1967 жылғы мақаласы жайлы не білесіз?

Жастарым, жайна! : Ғарифолла Құрманғалиевтің 1967 жылғы мақаласы жайлы не білесіз?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бүгінде аңызға айналған тұлғалардың жазған әр жолы – тек өткеннің ізі емес, ұлт рухының тасқа басылған таңбасы. Уақыт өте олардың сөзі – тарихқа, ал ойы – өнегеге айналады. Солардың жазбалары арқылы біз тек бір дәуірдің тынысын емес, тұтас бір ұлттың мәдени жадын сеземіз. Өнер мен руханиятқа адал қызмет еткен, сахнаны жүрегінің жарығына айналдырған тұлғалардың мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін сарқылмас сабақ.

Сол асыл мұралардың бірі – 1967 жылы «Мәдениет және тұрмыс» журналының 5-нөмірінде жарық көрген мақала. Бұл мақаланың авторы – халқымыздың ұлы әнші-өнерпазы, Қазақ КСР-інің Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиев (1909–1993) . «Жастарым, жайна!» деп аталған бұл мақаласында өнер саңлағы сол кездің тыныс тіршілігін көрсетіп, жастарға үндеу тастайды. Бүгін біз сол мақаланы қайта жаңғыртып, оқырман қауымға ұсынбақпыз.

Мақала тарихи дерекпен басталады.

1965 жылы «Қазақконцерт» жанынан екіжылдық эстрада студиясы ашылып, оған бір топ дарынды жастар қабылданған еді. Студия негізінен әншілер мен бишілерді, акробаттар мен көркем сөз оқу шеберлерін дайындайды.

Студия ашылғанда оған сабақ беру үшін республикамыздың белгілі өнер шеберлері шақырылып, олардың әрқайсысы өз мамандықтары бойынша сабақ беруге құлшына кіріскенді.

Бұл әңгіме бүгінгі Ж. Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжі жайлы жазылған. Бүгінде 60 жылдық мерейтойы аталып жатқан білім мекемесі жайлы баспасөз бетінде жарияланған алғашқы деректердің бірі болса керек. 

Ғарекең ары қарай өзің байырғы арманы жайлы жазады:

Өз бойындағы өнермен халыққа қызмет ету — әрине, зор абырой. Бірақ жастайыңнан ана сүтімен бірге бойға сіңген халықтың әншілік өнерінің салиқалы дәстүрі тек бір кісінің ғана үлесіне тисеі, сонымен тынса, одан артық өкініш нәрсе бар ма. Қазақтың көркем өнеріне сіңген, елдік, жұртшылықтың өзіне деген сүйіспеншілігін көңіліңді әрқашан қуаныш сезіміне бөлесе де, кейде,әлдеқалай, көңіліне кірбің кіргендей болатын. “Жас болса келіп қалды. Ал бойындағы азды-көпті әншілік өнер басқаға артылмағына ма?  Соны үйреніп қалар талапты жастар қайда? Әрине, консерваторияда әншілер дайындайды, жыл сайын жап-жақсы кадрлар да шығып жатыр. Бірақ домбырамен ән айтатын нағыз халық стиліндегі өнерпаздарды неге дайындамаймыз” - деген ой көкейден кетпейтін.

Әнші "жас болса келіп қалды" деп отырғаны - сол кездің өзінде-ақ алпыс жасты алқымдап қалған. Үлкенді-кішілі сахналардың бәрін көрген өнерпаздың арманы - шәкірт дайындау болса керек. Мақаланы ары қарай оқысақ, бұл арманы орындалыпты.

«Қазақконцерт» жанынан ашылған студия дирекциясы  бұл салада бірсыпыра игілікті іске мұрындық болды. Қазір студияда домбырамен ән айтатын бір топ жас бар. Менің класымда Әскербек Еңкебаев, Нұрифа Омарова, Қажібек Бекбосынов, Хайдар Өтеғалиев, Әлмұрза Ноғайбаев сияқты өнерпаз жастар оқып жүр. Бұлар биыл студияны бітіріп, облыстық филармонияларға, концерттік-эстрадалық бюроларға жолдама алады. 

Бір мен емес, студияда Қазақ ССР-інің Халық артистері Қаныбек Бәйсейітов, Айсұлу Байқадамова, республиканың еңбек сіңірген артисі Бекен Жылысбаев, әнші Науат Темірханованың да өз кластары бар. Бұлардың да талапты шәкірттері биылғы оқы жылында үлкен өнерге жолдама алды.  Студия, жоғарыда айтылғандай, тек әнші, күйші, биші ғана емес, цирк артистерін де,көркем сөз оқушыларды да даярлайды. Осыған орай алдағы оқу жылының жоспары кеңейтілмек: бұрын студия екі жылдық болса, енді үш жылдыққа айналғаны отыр.

Келесі ойда автор Ғарифолла Құрманғалиев қазақ жастарының бойында табиғи талант көп болғанымен, соны толық ашуға сенім мен табандылық жетіспейтінін айтады. Бірі өз өнеріне күмәнмен қарап, «менен не шығады» деп тоқтап қалса, енді бірі ізденудің орнына немқұрайлы қарайды. Ол мұндай көзқарастың өнер табиғатына қайшы екенін ескертеді. Себебі әншілік те, күйшілік те – жеңіл жол емес, үздіксіз еңбекті, үйренуді қажет ететін үлкен мектеп. 

«Асыл - тастан, өнер - жастан» дейді халық. Ел арасында небір өнерпаз жастар бар. Бірақ сол жастардың көбі ауыл арасынан аспай жүр. Кейбірі әнші-артист болуды арман етсе де, өз бойындағы өнер күшіне сенбейді: “Менен ән, артист шыға қояр ма екен?” деген күдікті ой олардың алға басқан адымын тежей береді.

Ал енді біреулер әншілік, күйшілік өнерге немқұрайды қарайды. Сөйтіп өнер қуудың, ізденудің орнына, табылдырық аттамай жатып, тауы шағылады. Әрине, әншілік өнер еріккеннің ермегі емес. Бұл да ізденуді, оқуды керек ететін қиын іс. Бірақ өнерді шын сүйген адам қиындықтан қорқа ма? 

Мақала соңында автор жастарды өнер жолында оқуға, ізденуге, шеберлігін шыңдауға шақырады. Бұл үндеу кездейсоқ емес еді. Себебі сол кезеңде «Мәдениет және тұрмыс» журналы – республика бойынша ең беделді мәдени басылымдардың бірі болатын. Оны қала да, ауыл да оқитын, әр нөмірі халық арасында қолма-қол тарайтын. Сондықтан мұндай басылымда жарияланған әрбір сөз үлкен әсерге ие болды. Бұл мақала да дәл солай талай жасқа ой салып, өнер жолына қадам басуға жігер берген рухани шақыру іспетті еді.

Республика үкіметі, Қазақ ССР Мәдениет министрлігі өнерпаз жастарды баулуға, оқытуға үлкен мән беріп отыр.  Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып қалу, студияға келіп оқу - жер-жердегі өнерпаз жастардың абыройлы міндеті. Бойдағы дарын көзін батыл ашу керек, жас достарым! Таластыға нұр жауады. Ендеше, талаптың көк дөненін тежемеңдер. 

Ғарифолла Құрманғалиевтің «Жастарым, жайна!» мақаласы көлемі шағын болса да, мазмұны терең. Онда автор жастарды өнерге ұмтылуға, өз дарынын шыңдауға, оқып-үйренуге үндейді. Әр сөйлемі нақты, өмірден алынған, артық пафоссыз айтылған. Мақала сол дәуірдегі мәдени ортаның тынысын, өнер мен білімге деген көзқарасты айқын көрсетеді. Сондықтан бұл жазба тек өз уақытында ғана емес, бүгінгі өнер зерттеушілері үшін де құнды дерек көзі бола алады деп сенеміз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 07:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары