Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Қазақ болмаса да қазақ қызын сомдаған: Шабандоз қыздың қатал тағдыры жайлы не білесіз?

Қазақ болмаса да қазақ қызын сомдаған: Шабандоз қыздың қатал тағдыры жайлы не білесіз?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Лидия Леонтьевна Ашрапова - қазақ киносының тарихында аты жиі атала бермейтін, бірақ экранда анық ізі қалған актриса. Көрермен оны ең алдымен «Шабандоз қыз» фильміндегі Ғалия рөлі арқылы таниды. Бұл фильм оның шығармашылық өміріндегі бастапқы нүкте ғана емес, кейінгі бүкіл актерлік тағдырын айқындаған жұмыс болды.

Лидия Леонтьевна Неустроева (қыз кезіндегі тегі осылай болған) Якутиядағы Ямга ауылында дүниеге келді. Балалық шағында би өнеріне әуестігі анық байқалады. Сол қызығушылық оны Ташкенттегі хореографиялық училищеге алып келеді. Училищені аяқтаған соң филармония сахнасына шығып, 1950-жылдардың басында Ташкент филармониясында  белсенді қызметшісі болыпты. Кейін Лидия ханым Казақтың мемлекеттік ән-би ансамбліне қабылданады. Дәл осы кезеңде ол қазақ мәдени ортасына толық енеді. Би, музыка, гастрольдік өмір - бәрі оның болмысын өзгертіп, режиссерлердің назарын аударуы да осы кезеңмен байланысты.

«Шабандоз қыз» фильміне жасалған іріктеу оның өмірін басқа арнаға бұрды. Биші ретінде қалыптасқан пластикасы, камера алдындағы еркіндігі, жасандылықсыз қимылы режиссерлер үшін дайын актерлік материал болды. Осылайша Якутияның кішкентай ауылынан шыққан қыз қазақ киносына келді.

Лидия Ашрапованың киноға келуі бір рөлмен бірден бекіді. «Шабандоз қыз» фильміндегі Ғалия образы оның шығармашылық тағдырын анықтап берді. Бұл рөлге дейін ол кәсіби биші ретінде қалыптасқан, камера алдында еркін қозғала алатын, сахналық тәртіпке үйренген орындаушы еді. Дәл осы қасиеттер режиссерлер үшін шешуші болды. Фильм музыкалық комедия жанрында түсірілді және сол кезеңдегі көрерменге жақын тақырыпты ұсынды.

Ғалия — сергек, ашық, қимылға толы кейіпкер. А. Ашрапованың би мектебінен өткен пластикасы экранда үйлесіп кетіп, сол кейіпкермен болып өмір сүрді. Сондықтан ббұл образ көрерменге тез жетті дейді кинотанушылар.

Фильмнің табысы Одақ көлемінде болды. Ғалия рөлі актрисаны бірден танытты, ал титрларда көрсетілген Лола Абдукаримова есімі оның экрандық бейнесіне бөлек қабат қосты. Бұл псевдоним сол кезеңде шығыс, ұлттық реңкті күшейту үшін қолданылғанса керек. Танымалдықтың жоғары болғаны соншалық, Шәкен Айманов «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде осы образды әдейі еске түсіретін шешім қабылдайды. Л. Ашрапованы бутафорлық атқа отырғызып, «шабандоз қыз» бейнесін қайта тірілтеді. Бұл бір рөлдің актерлік тағдырға қаншалықты әсер еткенінің айқын көрінісі.

«Шабандоз қыздан» кейін Лидия Ашрапова қазақ киносының белсенді жұмыс істеген актрисаларының қатарына қосылды. Ол қазақ қызының рөлін де, қарақалпақ, шығыс әйелінің образын да бірдей табиғи жеткізді. «Арал балықшылары» фильміндегі Сенім бейнесі - соның мысалы. Актриса 1950-60 жылдары ол жастарға арналған, тұрмыстық, музыкалық және тарихи тақырыптағы фильмдерге тұрақты шақырылды. «Осы жерде өмір сүреміз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Жерге оралу» сияқты картиналарда оның рөлдері көлемі жағынан әртүрлі болғанымен, баяғы жинағы мәнерінен айнымаған. Зерттеушілердің пікірінше, киноөндіріс ішінде «ыңғайлы», «сенімді» актриса ретінде қабылданды. Бұл қасиет оны ұзақ уақыт экранда ұстап тұрды, бірақ кейінгі кезеңде дәл осы бейтараптық оны алдыңғы қатардан біртіндеп алыстатты.

1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардан бастап Лидия Ашрапованың экрандағы статусы өзгере бастайды. Бұрын негізгі кейіпкерлер қатарында жүрген актриса біртіндеп екінші пландағы, кейде эпизодтық рөлдерге ауысады. Бұл жеке шығармашылық дағдарыстан гөрі сол кезеңдегі киноөндірістің жалпы логикасымен байланысты еді. Өйткені Кеңестік кино жүйесінде жас, танымал образдар тез алмасып отырды. Бір кезеңнің символына айналған актерлер жаңа тақырыптар мен жаңа типаждар келгенде шетке ығыстырылды. Біздің кейіпкеріміздің жағдайында «шабандоз қыз» бейнесі оған ұзақ уақыт ілесіп, режиссерлердің қиялын шектеді.

Соған қарамастан, оның экранда пайда болуы көрермен үшін әрдайым таныс әсер қалдырды. «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры», «Қыз Жібек» фильмдеріндегі рөлдері көлемі шағын болса да, актрисаның бұрынғы экрандық тәжірибесін еске салды. 1970–80 жылдары Л. Ашрапова үшін кино негізгі өзін-өзі көрсету алаңы болудан қалады. Бірақ ол кәсіби ортадан кеткен жоқ. Тек біртіндеп камера сыртындағы жұмысқа ауыса бастайды.

Лидия Ашрапова өз тағдырын оператор Асхат Ашраповпен қосты.  Олар кино алаңында танысып, кейін өмірлік серіктеске айналды. Бұл одақ тек отбасы ғана емес, ұзақ жылдарға созылған шығармашылық әріптестік болды. 

Асхат Ашрапов — «Казахфильмнің» кәсіби операторы, кино өндірісінің техникалық және эстетикалық жағын терең білетін тұлға. Оның жанында жүрген жылдар Лидия Леонтьевнаға киноға басқа көзбен қарауға мүмкіндік берді. Экран алдындағы тәжірибе экран сыртындағы ойлаумен толықты.

1990-жылдардың басында күйеуінің денсаулығы күрт нашарлайды. Осы кезеңде олардың өмірінде күрделі таңдау пайда болады. Дәрігерлердің кеңесімен климат ауыстыру қажеттілігі туып, отбасы Қырымға көшеді. Бұл шешім Л. Ашрапованың кәсіби жолын түбегейлі өзгертті. Соған қарамастан, ол шығармашылықтан толық қол үзген жоқ. Күйеуінің ауыр жағдайына қарамастан, соңғы жылдары бірге «Венец любви» киносценарийімен жұмыс істейді.

Л. Ашрапованың соңғы 17 жылы түгелдей дерлік ауыр халдегі жұбайына күтім жасаумен өтті. Лидия Ашрапова 2023 жылдың 21 сәуірінде өмірден өтті. Соңғы жылдары Алматыға, ұлы мен немерелерінің жанына оралуды жоспарлағаны айтылады.

Оның өмір жолы - бір рөлмен танылып, үлкен киноның барлық кезеңінен өткен актрисаның мағыналы тағдыры. Бұл тағдыр қазақ киносының тарихында көрінбей қалған, бірақ маңызды есімдердің бірі ретінде есте қалады.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына   белсенді  гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 08:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see161

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see150

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see150

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see150

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see148

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see146

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see142

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see138

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see136

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see132

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see132

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see123

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see123

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see121

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары