Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Шабандоз қыздың шындығы

Шабандоз қыздың шындығы

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақ болмаса да, қазақ қызының болмысын экранда шынайы тірілткен актрисалар көп емес. Сондай сирек тағдырдың бірі – «Шабандоз қыз» фильміндегі Ғалия бейнесімен есте қалған саха ұлтының саңлақ қызы Лидия Ашрапова.

Ол – қазақ киносының ше­жіресінде аты жиі атала бер­мей­тін, бірақ бір ғана рөлімен тұтас бір дәуірдің рухын бо­йына сыйдырған тұлға. Экранда жарқ етіп көрініп, кейін бір­тіндеп үнсіздікке сіңіп кеткен актрисаның өмірі – өнердің де, уақыттың да қатал мінезін аңғартатын тағдыр.

Лидия Леонтьевна Неустроева (қыз күніндегі тегі. – авт.) Якутияның қатаң табиғатында, желі сүйектен өтетін, қысы ұзақ, жазы қысқа өлкеде дүниеге келді. Солтүстіктің ақ қарлы кеңістігінде өскен қыздың бойында ерте оянған қасиет – қозғалысқа аңсар мен ырғаққа іңкәрлік еді. Табиғаттың өзі оны үнсіз тәрбиеледі: желдің гуілі – әуен, қардың сықыры – ырғақ, ал кең дала – сахна сияқты болатын. Осылайша, би оның алғашқы тіліне айналды. Сөз жетпеген жерде қимыл сөйледі. Сезім жетпеген тұсты ырғақ жеткізді. Бұл құштарлық оны Ташкенттегі хореографиялық училищеге алып келді. Оқуын тәмамдағаннан соң Ташкент филармониясы сахнасында өнер көрсетті. Кейін Қазақтың мемлекеттік ән-би ансамбліне қабылдануы Лидияның тағдырын мүлде жаңа арнаға бұрды.

Дәл осы кезеңде «Шабандоз қыз» фильміне іріктеу жүріп жатқан еді. Камера алдындағы еркіндік, би мектебінен өткен плас­тика, жасандылықсыз қи­мыл – режиссерлерге дайын актерлік материал болды. Бұл қасиет Лидияны өзгелерден даралады. Өйткені фильмдегі Ғалия жай кейіпкер емес еді. Ол – соғыстан кейінгі қоғамның үміті, жасампаздықтың, сергектіктің, өмірге ғашық көңілдің рәмізі.

Ат үстіндегі қыз – уақыттың өзімен жарысқан бейне. Түбі бір түркі елдерінің рухын, мінез бен болмыс еркіндігін экранда шебер сөйлете білген саха ұлтының сұлуы бұл рөлді «ойнаған» жоқ, сол бейнемен бірге тыныстады. Әр қимылында би мектебінің дәлдігі, көзқарасында ішкі тереңдік бар еді. Мұны бірден байқаған фильм режиссері Павел Боголюбов Лидияны экранда Кенебай Қожабековтей қазақтың хас талантымен қосты. Осылайша, Якутиядан шыққан биші қыз қазақ киносының құбылысына айналды.

Иә, Ғалия образы – Лидия­ның шығармашылық тағды­рын айқындаған рөл. Кино­тану­шылардың айтуынша, актрисаның бойындағы шынайы­лық көрерменге бірден жетті. Фильм одақ көлемінде кеңінен танымал болып, титрларда көрсетілген Лола Абдукаримова есімі кейіпкерге шығыстық, ұлттық рең беріп, образды одан әрі күшейтті. Танымалдылықтың жоғары болғаны соншалық, Шәкен Айманов «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде аталған бейнені әдейі еске салып, актрисаны бутафорлық атқа отырғызады. Бұл – бір рөлдің актер тағдырына қаншалықты ықпал еткенінің айқын дәлелі.

«Шабандоз қыздан» кейін Лидия Ашрапова қазақ кино­сының белді актриса­ларының қатарына қосылды. «Арал балықшылары» филь­міндегі Сенім бейнесі – оның драмалық мүмкіндігін көрсеткен рөлдердің бірі. Ол шығыс әйелінің де, қазақ қызының да образын табиғи сомдай алды. Актрисаның экрандағы жинақылығы, ішкі ұстамдылығы, қимылдағы нақ­тылық көрер­менге сенім ұя­лататын. Алайда уа­қыт өте кино жүйесінің жазыл­ма­ған өз заңдылығы іске қосыл­­ды. 1960 жылдардың соңы мен 1970 жылдардың басында тың тақырыптар мен жаңа типтік кейіпкерлерге деген сұраныс Лидияны біртіндеп кино кеңістігінен ығыстыра бастады. Кеше ғана басты кейіпкер болған актриса енді екінші пландағы, кейін эпизодтық рөлдерге ауыс­ты. «Тақиялы періште», «Ата­ман­ның ақыры», «Қыз Жібек» фильмдеріндегі шағын рөлдер – оның экрандағы соңғы ізденіс іздері ретінде таспаланды.

Десе де бұл – айғайсыз, драмасыз, бірақ терең толқыныс һәм толғанысқа толы шегініс еді. Өнердегі үнсіздік кейде актриса үшін өміріндегі ең ауыр кезең болады. Лидия да дәл сол күйді жүрегінен өткізді. «Шабандоз қыз» оны жаһанға танытты, бірақ белгілі бір қалыпқа да байлады. Көрермен жадында ол әрдайым ат үстіндегі Ғалия болып қалып қойды.

Актрисаның өмірлік серігі оператор Асхат Ашраповпен таныстығы да кино алаңында басталды. Камераның арғы жағындағы адам мен бергі жағындағы актриса біртіндеп ортақ тағдырға айналды. Уақыт өте Лидия камера алдынан камера сыртына бет бұрды. Киноға енді басқа қырынан қарай бас­тады. Кадр композициясы, жа­рық, үнсіз деталь – бәрі оның түсінігінде тереңдей түсті. Алайда 1990 жылдардың басында күйеуінің денсаулығы күрт нашарлап, дәрігер кеңесімен отбасы Қырымға қоныс аударды. Ортаны ауыстыру оның кәсіби жолын түбегейлі өзгертті. Кейінгі он жеті жыл бойы ол ең үлкен, ең ауыр, бірақ ең шынайы рөлін сомдады. Күтім, сабыр, үнсіз сүйіспеншілік. Бұл сахнада көрермен жоқ еді. Соған қарамастан Лидия шығармашылықтан қол үзбеді. «Махаббат тәжі» («Венец любви») фильмінің сценарийімен жұмыс істеуі – өнерге деген адалдығының белгісі.

Лидия Ашрапова 2023 жылдың 21 сәуірінде дүниеден өтті. Ал экрандағы Ғалия әлі тірі. Ат үстінде, желмен жарысып, жасампаз күйінде күні бүгінге дейін көрермен жадында жатталған. Себебі Ғалия – уақыттан озған бейне. Демек, актрисаның тағдыры бір рөлдің көлеңкесінде қалған өмір емес. Керісінше, бір рөл арқылы мәңгілікке айналған есімнің тарихы. Кейде кино адамға ондаған, ал кейде жалғыз ғана мүмкіндік береді. Бірақ сол бір мүмкіндік тұтас ғұмырға татиды. Оның дәлелі – шабандоз қыз Ғалия һәм қайталанбас талант Лидия Ашрапова!

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

Серік Тұрғынбекұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

Сұхбат • Бүгін, 08:15

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды

Қоғам • Бүгін, 00:28

Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті

Қаржы • Бүгін, 00:13

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды

Аймақтар • Бүгін, 00:05

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Ақпан 2026 08:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары