Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Келешегі мол кеніштер

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Құрсаулы жүйе шындығы

Құрсаулы жүйе шындығы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Кеңес қоғамы жан-жағы жабық, құрсаулы жүйе еді ғой. Бәрі де бір қалыптан шыққандай болатын. Адамдарды сызғышпен сызып қойғандай түзу жолмен жүргізіп, аяғын қия бастырған жоқ. Соған үйретті. Халықты жалған идео­логиямен тұмшалады. Ал қалыпқа симай, шеңберді бұзғандар түрмеге қамалды. Қуғындалды.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Тіпті  ойды да тұсаулады.  Би­лікке қарсы ешкім артық пікір айта алмай­тын. Оны айтқандар  шет­ке қағы­лып, қатардан шықты. Қыз­ме­тінен алынып, несібесінен айырылды.

Біз бұл жағдайды неге айтып отырмыз? Көрнекті жазушы Әкім Таразидың «Отличник» атты әң­гімесін оқып, бала күнімізден санамызға сіңген осы көріністер көз алдымызға келді. Бас-аяғы үш-ақ беттік жұп-жұмыр туындыда  партиялық номенклатураның адамды тірі өлікке айналдырған зұлым бейнесін аяусыз шенеген.

Жалпы, қарымды қаламгер алғашқы шығармаларынан бас­тап, кеңестік сұм саясатты астарлап болса да ашып көрсетті. Отаршыл биліктің іс-әрекетін ирониялық сарказммен бейнеледі. Сондықтан кейіпкерлерінің дені  құрсаулы жүйенің қалыбына симады. Қарсылық танытты. Мәселен, «Қорқау жұлдыздағы» әділетсіздікке жаны төзбеген Лима ақыры өз-өзін өртеп жібе­ре­ді емес пе? Міне, осындай ағысқа қарсы жүзген кейіпкерлерді суреткердің әр туындысынан кездестіресіз.

Ал мына әңгімедегі бас кейіп­кер басқа. Нағыз қалыптан шық­қан азамат. Өте тәртіпті. Таза киініп, мұқият жүреді. Жасыл бағ­даршам жанбай көшеден өт­пейді. Қиғаш жолға аяқ баспайды. Тротуармен тік жүріп барып, тік бұрылады. Қызметте де сол, бас­тық айтса істейді, айтпаса, оты­рады. Өзі ешқашан сөз бас­тамайды. Сұраса, жауап береді. Ешкімге де міндет артпайды. Сондай ұқыпты адам.  Алайда үстінен үнемі сабын исі аңқиды. Жүрген жолы да белгілі: мектеп, пионер, комсомол, институт. Жолдамамен барған үлкен бір мекеменің ең кішкентай қызметін атқарды. Бірінші ашқан есігі де сол еді, соңғы жапқан есігі де сол болды. Әр бесжылдық сайын дәрежесі өсті. Алпыс екі жасында зейнетке шықты. Жиырма екі жасында үйленген еді, қырық екі жасында әйелі кетіп қалды. У да болған жоқ, шу да болған жоқ. Кеттім деді. Бұл үн қатқан жоқ.

Туынды осылай бірден елі­тіп әкетеді. «Тағы не болады екен?» деп одан әрі қызыға түсе­сіз. Алайда автор ештеңені ашып айтпайды. Барлығын емеурінмен жеткізеді. Құлдық сананың қа­сіретін зілді кекесінмен әжуа­лай­ды. Оны мына үзіндіден көресіз:

«Зейнетке шыққан соң тағы он жыл өмір сүрді. Көйлегінің жағасы бір қисайған емес. Жы­лына екі мәрте «туған» мекемесі жиналысқа шақырып, гүл береді.   Егемендік алған соң конверт беретін болды. Тротуармен түп-түзу барып, түп-түзу бұрыш жасап, түп-түзу бұрылып, еңселі кеңсенің екінші қабатына түп-түзу көтерілетін. Залдың орта тұсында өзі таңдаған  орындық болатын, соған барып отыратын, отыратын да өзі аты-жөні аталатын сәтті күтетін. Зейнетақының берекесі қашқан соң ескі таныстар бір-екі рет телефон шалып, ереуілге шақырды.  Бұл бас тартты.  Түп-түзу бұрыш жасайтын түп-түзу тротуардан шыққысы келмеді. Сөйтіп жүргенде ажал таянды. Мұның ажалы да түп-түзу еді. Алдымен діңкесі құрыды, содан соң меңдеді, содан соң төсек тартты.  Бірақ бұл сенбеді.  Өлетініне сенбеді. Өйткені өлім басқалардың үлесі деп ойлайды. Оның үстіне о дүниеге аттандарда бар ғұмыры тізбектеліп, шұбырып көз алдынан өтеді дейтіні қайда?»

Оның ойына ешқайсы кел­меді. Балалық шағы да, әке-шеше, жолдас-жора, тіпті туған ауылы да елестемеді. Көңіл сарайы иесі жоқ бос үйдей қаңырап қалған. Сөйтіп, жатып жан тапсырды. Төрт бөлмелі пәтерді әбден еңсеріп алған күлімсі иістен көршілері оның мәңгілік сапарға аттанып кеткенін білді. Қырық жыл қызмет істеген ең­селі мекемесі тәртіпті бес қыз­меткерден  комиссия құрып,  қар­жы бөліп, оны жерлеуді ұйымдастырды.

Төрт бөлменің есік-терезесін айқара ашып, тымырсық үйдің ауасын әбден тазартқан көрші кемпір: «Заты күдікті болса да, аты адам, Жаратқан иеміздің бұл да бір пендесі еді ғой. Алла жолына адал аттансын!», деп білекті сыбанып жіберіп, ағзасын арулап жууға кіріседі. «Мәйіттің ернінде бұзылмай қалған: «Менің сырымды бәрібір, аша алмайсыңдар!» дегендей жымысқы күлкіні аңғарды.Таңғалып тұрып қалған. Одан да сорақысы бар екен. Оң қолының балаң үйрегі мен ортан терегінің арасынан бас бармағы бадырайып шығып қалыпты. «Мә, сендерге! Енді мені ұстай алмайсыңдар!» дегендей. Тұла бойынан сабынның  аңқыған иісін сезіп көрші қатын тыжырынады», дейді.

Шынында, кеңес заманында талай адам іштен тынып жүрді. Ешкімге ақтарылып  сыр ашпайтын. Өйткені сенбеді. Үрей алып қалған.  Әңгімедегі кейіпкердің болмысы да солай. Оның өлгенде де бас бармағының бадырайы­п шығып қалғаны – отаршыл жүйеге қарсылығы. Ал шығарманың негізгі өзегі – сабын иісі. Бұл біздің бойымызға сіңіп қалған құрсаулы қоғамның иісі еді. Жазушы осыны меңзесе керек. Біз осы иістен тазардық па екен?

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 10:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see118

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see113

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see113

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see110

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see106

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see104

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see104

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see104

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see103

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see101

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see99

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары