Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Тәтті өнімнің шындығы

Тәтті өнімнің шындығы

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Тиісті бағдарламаны жүзеге асыру жуырда мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бүгінде әлемдік нарықта құмшекер күрт қымбаттап жатқанда, бұл мәселе қайтадан өткір сипат ала бастады. Себебі еліміз импортқа  тәуелді болып қалған.

Жойылған жоспар жөнінде

2022 жылғы 14 шілдеде өткен Үкі­меттің кеңейтілген отырысын­да Президент күрделі ха­лық­ара­лық жағдайда азық-түлік қауіп­сіз­дігінің өзектілігі бірнеше есе ар­та түскеніне назар аудартты. Со­­ғыстар, геосаяси қақ­ты­ғыс­тар­дың кесіріне құрғақшылық салда­рынан астық өнімділігінің тө­мен­деуі де қосылған еді. Мемлекет бас­­шысы Қазақстанның қант бойынша азық-түлік тәуел­сіз­ді­гі­не 2023 жылы қол жеткізетінін баян­даған сол кездегі Ауыл шар­уа­­шылығы министрін сынға ал­ды.  

– Себебі біз басқа көріністі кө­ріп отырмыз. Мысалы, бұрын іс­ке қосылған 7 қант зауытының бү­гінде тек төртеуі ғана (Алматы жә­не Жамбыл облыстарында) жұ­мыс істейді, олар тек үштен бір бө­лігіне (31%) жүктелген. Ауыл шаруа­шылығы министрлігі 2026 жыл­ға қарай қызылшадан өн­дірілген қант үлесін 6 есеге (7-ден 43%-ға дейін) ұлғайтуды жоспарлапты. Алайда соңғы төрт жылда қант қызылшасының алқаптары үштен бірге қысқарды. Біз шетелден әкелінетін қантқа 90% тәуел­діміз. Үкімет шұғыл түрде қант са­ласын дамыту бойынша жеке са­лалық жобаны әзірлеуге тиіс, – деді Қ.Тоқаев. 

Мұндағы мақсат – «им­порт­қа тәуел­ділікті едә­уір қысқарту, бір­тіндеп өзін-өзі қам­туға көшу». Қазақстан көш­бас­шысы бұл салаға ішкі және шет­елдік инвесторлар тарапынан қы­зығушылық біршама жоғары еке­нін ескертті: тек оларды тарта­тын дұрыс тәсілдер қажет. 

– Бұл – ішкі саяси маңызға ие прин­ципті мәселе. Біз бүгінде дү­кендерде не болып жатқанын кө­ріп отырмыз. Масқара! Бұдан бұ­рын менің тапсырмам бойынша орта мерзімді кезеңге арналған Азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету жоспары әзірленген еді. Бірақ бұл жоспарда нақты іс-қи­мыл алгоритмінің орнына ізгі ниеттер жиынтығы ғана қа­рас­­тырылған. Оның орындалмау қау­пі бар, – деді Президент.

Мемлекет басшысы бекер қауіп­­тенбеген екен. Үкіметтің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №726 қау­лысымен «Қазақстанда қант саласын дамыту жөніндегі 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар» бекітілді. Ал осыдан бір ай бұрын, Үкіметтің 2026 жылғы 5 тамыздағы №699 қаулысымен атал­ған кешенді жоспардың күші жойылды. Бұл ретте бағдар­ла­ма­ның орындалуына жауапты Ауыл шаруашылығы министрлігі со­ның нәтижесінде қандай жетіс­тік­­ке жеткені туралы елге ешқан­дай есеп бермеді, жылы жаба сал­ды. 

Есесіне бағдарламаның қо­рытындысын Бәсеке­лес­тік­ті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) шығарды. «Кешенді жос­­парды іске асыру алдағы 5 жыл­­да отандық шикізаттан қант өн­діру көлемін 250 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 2026 жылға қарай 2021 жылмен салыстырғанда импорт үле­сі 58%-дан 17%-ға дейін тө­мен­дейді. Отандық шикізатты өң­деу есебінен нарықтың қам­та­ма­сыз етілуі 7%-дан 43%-ға дейін ар­тады», – деп нақты жазылған ке­шенді жоспарда. 

Антимонополиялық орган­ның тұжырымдауынша, бұл құ­жат­қа 5 негізгі бөлімнен тұратын 33 іс-шара енгізілді. Бұл ретте бел­гіленген мерзімде орындалған іс-шаралардың үлесі 91%-ды ғана құрапты. 

Импортқа тәуелді нарық

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде қант қызылшасының егіс алаңы 2022 жылмен салыс­тыр­­ғанда 10,3 мың гектарға ғана ұл­ғайды. Жиналған астықтың жал­пы көлемі 2022 жылғы 305,6 мың тоннадан 2025 жылы 734,7 мың тоннаға дейін өсті. Қант қы­зылшасынан өндірілген қант кө­лемі 33 мың тоннадан 113,3 мың тоннаға дейін артты. Алайда іш­кі нарықты қамтамасыз ету дең­гейі 23%-ды құрады», – деп ха­барлады агенттік. Демек, «на­рық­тың қамтамасыз етілуі 7%-дан 43%-ға дейін артады» деген жос­пар сол бойы іске аспаған. 

«2025 жылдың қорытындысы бойынша Қант саласын дамы­ту­дың кешенді жоспары мен АӨК да­мыту тұжырымдамасының не­гіз­гі көрсеткіштерінің басым көп­­шілігі орындалмады. Қант қы­зылшасының егіс алаңдары 38 мың гектарға дейін кеңейтіледі деп жоспарланғанымен, шынында былтыр 17,7 мың гектарды құ­ра­ды. Жалпы астық көлемін 1 млн 800 мың тоннаға дейін арт­тыру ұсынылған болатын, алайда бұл көрсеткіш 734,7 мың тоннадан аса алмады. Отандық және шетелдік шикізаттан өндірілген қант көлемі 250 мың тоннаға дейін ұлғайтылады деп бекітіл­ге­ні­мен, іс жүзінде 174,2 мың тон­наны құрады», – деп мәлім­де­ді Бә­секелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Тек отандық қызылшаны емес, импортталған қант құрағын да қоса алғанның өзінде, осы шикізаттарды елімізде өңдеу есебінен ішкі нарықты отандық қантпен қамту деңгейі 43%-ға бәрібір жете алмады: 29,6% болды. Ал импорт үлесі 70,4%-ға дейін өсті. Жалпы, Бразилиядан (им­порттың 99%-ы), Мексика мен Үндістаннан әкелінген қант құ­ра­ғынан жасалған өнімді то­лыққанды «отандық» деп санауға бола ма?

«Қорыта айтқанда, салалық ша­ралардың жүзеге асырылуына қарамастан, нақты динамика им­портқа тәуелділіктің жоғары дең­гейде сақталғанын және отандық қант өндірісінің тұрақты өсімі жоқ екенін көрсетеді», – деген тоқтамға келді антимонополия­лық агенттік.

Сонымен қатар оның тал­дауын­да тағы бір маңызды жайт бар: 2025 жылы елімізде өсірілген қант қызылшасынан 113,3 мың тонна қант өндірілді. БҚДА осы ар­қылы ішкі нарықтың шамамен 23%-ы қамтамасыз етілгенін атап көрсетті. Алайда қант құрағын да есептегенде, былтыр елде 174,2 мың тонна құмшекер жасалыпты. Ендеше қазіргі кезде Қазақстанда өндірілген барлық қанттың шамамен 65%-ы қызылшаға тиесілі. Үштен бірі немесе 35%-ға жуығы шетелдік шикізаттан, негізінен тропиктік қант құрағынан алынды. Сондықтан ведомство мамандары бұл саланың импорттық шикізатты өңдеуге тәуелді екенін қаперге салды.

Жалпы, биыл мерзімінен бұ­рын «жабылған» бағдарламада Үкі­метке «қант қызылшасының егіс алаңдарын 38 мың гектарға дейін кеңейту» міндеті жүктелген-тін. АШМ бұл жоспардың да үде­сінен шыға алмаған. Ресми мә­лімет бойынша 2026 жылы да­қыл­дар келесі көлемде егілді: дән­ді дақылдар – 15,8 млн гектар; майлы дақылдар – 4,3 млн; мал азық­тық дақылдары – 3,3 млн; мақ­та – 162,4 мың; картоп – 132,3 мың; көкөніс дақылдары – 124,5 мың; бақша дақылдары – 86,8 мың; қант қызылшасы – небәрі 23,8 мың гектар. 

Зауыттарға жаңа серпін қажет

АШМ жаңа инновациялық қант зауытын тұрғызу идеясынан бас тартылмағанын жеткізді. Им­портты толық алмастыру бойынша жүйелі жұмыс Қазақстанның им­портқа тәуелділігі жоғары дә­ре­жеде сақталған 6 негізгі санат бойынша жалғаспақ: олардың қатарында қант, құс еті, балық, шұ­жық өнімдері, ірімшік және ал­ма бар.

«Осы жұмысты жүйелеу мақ­сатында Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі 2026-2028 жылдарға ар­налған Жол картасын әзірледі. Оның аясында жалпы саны 13 ірі ха­лықаралық инвесткелісімге қол қойылды. Негізгі жобалар қата­рын­да Алматы облысындағы қант зауыты бар. Оған инвестор Qazaq­­­Arab Sugar ЖШС (Al Kha­leej, БАӘ) 580 млн доллар қаржы салады», – делінген министрліктің ақпара­тын­да. Бірақ бұл кәсіпорынның іс­ке қосылуы келесі жылдарға қа­лып тұрған көрінеді.

АШМ мәліметі бойынша, биыл­ғы жыл соңына дейін жалпы құны 122,4 миллиард теңгені құ­рай­тын, ауыл шаруашылығы өнім­дерін өңдеуге арналған 33 жо­баны іске асыру көзделген. Оның қата­рын­да Тараз қант зауы­тындағы қант қызылшасын өңдеудің жаңа желісі бар.

Бұдан бөлек, министрлік қол­даныстағы Көксу қант зауытының өңдеу қуаты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін артатынын жа­риялады. «Көксу қант зауы­тын­­да жаңа өнімді қабылдауға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Қазір кәсіпорынның өң­деу қуаты тәулігіне 2 мың тонна. Жаңғырту жұмыстарының ар­қа­сында бұл көрсеткіш қазан айында тәулігіне 3 мың тоннаға дейін ұлғайтылады», – деді АШМ. 

Қыркүйек соңында кәсіп­орын­­да жаңадан орнатылған диф­­­фузиялық жабдықты монтаждау жұмыстары аяқталуға тиіс екен. Со­нымен қатар өндірістік зертха­наны жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандыру жұмыстары қолға алынған. Қант қызылшасының қос­палылығын және қант­тылы­ғын анықтауға арналған жаңа құрылғы қойылды.

«Министрлік зауыттарды қант қызылшасын өңдеу маусымына дайын­дау жұмыстарын үйлес­тіру­ді жан-жақты жүргізеді. Қазан айында Тараз қант зауытында тәу­лігіне 3 мың тонна өнім өң­дей­тін желі орнату аяқталады. Сон­дай-ақ министрлік қант қы­зылшасы егілетін алқаптардың кө­лемін ұлғайту жұмысын жал­ғас­тырмақ. Биыл қант қызыл­ша­сы 23,8 мың гектар алқапқа егілді. Не­гізгі егіс алқаптары Жамбыл об­лысы мен Жетісу облысында шо­ғырланған. Бұл өндіріс көле­мін ұлғайтуға және отандық өң­деу кәсіпорындарының өндірістік қуа­тын тиімді пайдалануға бағыт­талған», – деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Finprom агенттігі сарап­шы­лары­ның пайымдауынша, мем­ле­кеттік қолдау шараларының азайтылуы және биржаға қатысты жаңа әрі даулы қағидалар қант саласындағы жағдайдың нашарлауына түрткі болған. Нарық қа­тысушылары биржалық қант саудасының жаңа ережелерінің ен­гізілуін салаға қысым жасайтын фактор деп есептейді. Қа­зақ­станның қант, тағам және өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы Мемлекет басшысына үндеу жолдады: онда қант өндірушілер мен көтер­ме сатып алушылардың арасында делдалдық құрылымдардың пайда болуына алаңдаушылығын біл­дірді.

Өз кезегінде Сауда және ин­тег­рация министрлігі бұл тетіктің жаңа емесін және ішкі нарықты қантпен қамтуға елеулі әсер ет­пеу­ге тиістігін атап өтті. Елде өнім тапшылығы байқалмай­ты­нын, сұраныстың айтарлықтай бө­лігі импорттық жеткізілім­дер­мен-ақ өтеліп жатқанын ескертті. 

Содан Қазақстан амалсыз, әлем­дегі қант құрағын өсіретін алыс елдерге алақан жаюға мәж­бүр. 2026 жылдың басында Мәс­кеу­де өткен Еуразиялық эконо­ми­калық комиссия кеңесінің оты­­рысында одаққа мүше мем­ле­кеттердің экономикасы үшін бір­­­­қатар маңызды шешім қабыл­дан­ды. Атап айтқанда, Қазақ­стан­ға 2026 жылдың соңына дейін 100 мың тонна қант құрағы ши­кізатын импорттауға рұқсат етіл­ді және кедендік әкелу бажын нөл­ге түсіру туралы шешім қа­был­данды. Бұл шара қазақстан­дық қант зауыттарын шикізатпен қам­туға және ішкі нарықта баға­сы қолжетімді қант өндіруге ба­ғыт­талған.

Ұлттық статистика бюросы қыркүйектің алғашқы ап­­­та­­сының қорытындысында әлеу­­меттік маңызды азық-түлік тауар­­ларына жататын қант ба­ға­сы­ның индексі тұрақты деңгейде қал­ғаны туралы хабардар етті. Бірақ ар­қаны кеңге салуға бол­май­ды: бү­кіл әлемде бұл саланы қым­бат­шы­лық жайлады. CNBC ақ­пара­тын­ша, жыл басынан бері қант құ­ра­ғының, яғни шикізат­тың құны 20% өсті. 

Тамызда әлемдік нарықтағы қант бағасы 21,5% жоғарылап, бұл өнім табыстылығы жөнінен «S&P 500»-ден (+13%) асып түскен. Бир­­жа мамандары «баға көтері­лі­сіне» ауа райы факторлары сер­­пін бергенін айтады: ми қай­на­­тар аптап ыстық Еуропада егіс­­ті қура­тып, қант қызыл­ша­сы­ның шы­ғым­дылығын 19% құл­ды­ратты. Эль-Ниньо климаттық фе­­­номені Бра­зилия, Үндістан мен Тайланд­та­ғы егіске соққы берді: олар қант құрағының 70%-ын береді. Ендеше Президенттің бұрынғы Үкі­мет­­ке жүктеген тапсырмалары қа­зір де өзектілігін жоймаса керек.

Елдос СЕНБАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қыркүйек 2026 08:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары