Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Қалтаны қаққан тәтті

Қалтаны қаққан тәтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қоңыр күз түсісімен-ақ қорасын сайлап, ірі қарасын байлап, соғымның қамына кірісетін халқымыз етті көп тұтынатындардың қатарында. Алайда үйіне келген сыйлы қонағына  ет асып, бас пен жамбас тартатын жұрттың игі дәстүрі жуық арада ұмыт болатындай. Олай деуімізге аспандап тұрған ет бағасы себеп.

Ресми дерекке сүйенсек, жыл басынан бері қой еті – 15,8, жыл­қы еті – 11,4, сиыр еті 14,3 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі мұның себебін әлемдегі нарықпен байланыстырады. Яғни, көрші елдерде бағаның едә­уір жоғары болғаны Қазақстанға да әсер етіп, экспортқа шыға­рылатын ет көлемі жылдағыдан едеуір артқан.

Ал азық-түлік ең арзан деп са­налатын Жамбыл облысында биылғы соғымның бағасы қалай болып тұр? Қазір әлеуметтік же­ліні ашып қалсаңыз, «ет сатамын» деген жарнамалардан көз сүрінеді. Солардың бірі – «Кәусар ет» жеке кәсіпкерлігіне біз де хабарласып көрдік. Ол жақта жылқы еті – 2 900, сиыр еті – 3 250, қой еті – 3 700, тартылған ет 3 500 теңгеден сатылымға шығарылған. Бағасына келіссеңіз, қалаған түлігіңізді таң­дап, сол жерде бірден сойдырып алуға болады. Қосымша ақысын төлесеңіз, үйіңізге дейін жеткізіп беру қызметі де қарастырылған. Егер қолма-қол ақшаңыз болмаса, Kaspi RED немесе 3-12 ай аралы­ғында бөліп төлеу арқылы да есеп айырыса аласыз. 

Бұдан кейін ел аузында «Қай­қармет» аталып кеткен «Сұлтан» сауда орталығындағы ет бағасын барладық. Мұнда өнім мол бол­ға­нымен тұтынушы аз екені көрініп тұр. Сатушылар өнімін жарна­малап, «талғамыңа сай таңдап аласың» деп бірінен-бірі қалысар емес. Сойылған мал етінің кешік­пей өтіп кеткені өздеріне қолайлы. Сонымен, мұндағы бағаға зер салсақ, жылқы еті – 3 100, сиыр еті – 3 300, қой еті 3 800 теңгеден саудалануда. Қалауын тапсаң, сау­дагерлер бағасын төмендетіп бе­руге әзір. Бұл енді қызыл тіліңнің «құдіретіне» байланысты.

– Ет бағасы көтерілгелі тұ­тынушылар азайды. Бұрынғыдай сауда жоқ. Өнімнің өзі бізге қым­батқа келіп жатыр. Үстіне тек нәпақамызды қосып отырмыз. Тұрған орнымызға да ақы береміз. Мұның бәрі оңай емес. Тіпті, кей­де аудан орталықтарына өзіміз шығамыз. Шығыны көп. Жол жү­ру, малды арнайы алаңдарға сойдыру, оның бәріне қыруар қаржы кетеді. Әрине, осыдан соң тұтынушылар тарапынан реніш болып жатады. «Бағаны қолдан жасап, халықты қанап отырсың­дар» деп ұрысып кететіндер де бар. Қымбатшылық қос бүйірден қысып, қалтаны қағып тұрған кезеңде оларды да түсінеміз. Бірақ біздікі де күнкөрістің қамы болған соң, нарық талабына көнуге тура келеді, – дейді ет сатушы Әлия Амандосова. 

Дегенмен сом етке деген сұра­ныс төмендегенімен, малдың ішек-қарны, бауыр, бүйрегі мен сорпа жиынтығына тұрғындардың аңсары ауғандай. Мұны халықтың осы өнімдерді талап әкетіп жат­қанынан байқадық. Зейнеткер Берік Көмекбаевтың сөзінше, мұ­ның бір ұшы тағы да сол қым­бат­шылыққа келіп тіреледі.

– Несін жасырайық, қазір етті аз тұтынатын болдық. Маңызды­сын сыйлы қонаққа сақтаймыз. Тіпті, қазы-қарта, жал-жаяны ұмыта бастадық. Бара-бара ет жемейміз бе, қалай өзі?! Мал бар, бірақ неге қымбат екенін тү­сін­бедім. 5 келі жылқы етін алып едім, бағасы 15 мың теңгеге бір-ақ шықты. Бұрын ауылдан соғым келетін еді. Қазір ондағы соғым­ның да бағасы қаладағы базар нарқына жетіп қалды. Сондықтан амал жоқ, тартылған ет, ішек-қарын немесе сүйек-саяқты тал­ғажау етуге мәжбүрміз. Еттің ба­ғасы өскен сайын дастарқанның да жұтаңдай түскені байқалады. Бұрын ет күнделікті ас болса, қазір ол тек мерекелік тағамға айналып барады, – деп зейнеткер іш қынжылысын жеткізді.

Әрине, жұртшылық базардан келілеп сатып алғаннан гөрі бордақыланған малды сойып алғанды жөн санайды. Сондықтан қолында төрт түлігі жоқтар мал базарын жағалайды. Алайда бұл жақта да мал бағасы шарықтап тұр. Айталық, Жамбыл ауданына қарасты Қостөбе ауылы маңында орналасқан «Ас-Ер» мал базарын­да сиырлар 350-450 мыңның, ірі жылқылар 650-800 мыңның, қой 80-120 мыңның арасында саты­лып жатыр. Алайда бұл – тек біз көрген баға. Соғым науқаны қыз­ған сайын малдың құны еселеп артатынын да ескерген абзал. Төрт түліктің құны оның қоңына байланысты екені тағы бар. Сол үшін «базарда мал біз ойлағаннан арзан екен» деп ол жаққа асық­паңыз.

– Төрт түлікті бордақылаудың машақаты өз алдына бір бөлек. Семіз мал соямын десең, қораң­дағы малыңа екі есе күтім керек. Қазір төрт түліктің соңында жү­ретін малшы табу қиынға соғып тұр. Биыл жем-шөптің де бағасы шамадан тыс шарықтап кетті. Сондықтан шаруалардың көпші­лігін «Малымды қыстан аман алып шыға аламын ба?» деген ой мазалауда. Өзім де мал борда­қы­лаумен айналысамын. Баға құ­былмалы болып тұрғандықтан, нақ­ты құнын кесіп айта алмай­мын. Осы кәсіптен ризығымызды айырып отырғандықтан, өзімізден артылған етті сатып, пайдаға ке­нелгіміз-ақ келеді. Бірақ күн сайын өсіп бара жатқан баға бұ­ған біраз қолбайлау болатын түрі бар, – дейді атакәсіппен сан жыл­дан бері айналысып жүрген шаруа Смағұл Әзімбаев.

Соғым десе ту биені жығып салатын ауыл халқы еске түседі. Әйтсе де, бұл жақта да жағдай мәз емес. Былтыр бір жылқының құ­ны 500-600 мың теңгеге баға­лан­са, биыл оның құны 700-800 мың теңгеге жетіп жығылды. Сон­дық­тан туыс-туған, дос-жаранның бас қосып, қауқылдасып «соғым­басын» жейтін салтының да сәні қашып тұр. Қалай десек те, баға бұлай бетімен кете берсе, «Ет дегенде бет бар ма?» деп әзілдейтін халқымыздың сол еттің тісі түгілі, түсіне кіруінің өзі мұңға айна­латын түрі бар.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 07:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары