Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Құмар ойын құрбаны: Атырауда Махаббат рулеткасы спектаклінің премьерасы өтті

Құмар ойын құрбаны: Атырауда Махаббат рулеткасы спектаклінің премьерасы өтті

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қойылым қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – құмар ойынға тәуелділік (лудомания) тақырыбын арқау етеді. Шығарма өмірден алынған оқиға негізінде жазылған. Пьесадағы басты кейіпкер Мирас – ойынға тәуелділіктің салдарынан тағдыры тұйыққа тірелген жанның жиынтық бейнесі.

Психолог: Интернетке тәуелділік пен лудоманияның ұқсастығы көп

Оқиға барысында көрермен құмар ойынның адам өміріне, отбасы мен жақындарына тигізетін ауыр зардаптарына куә болады. Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген Мирас өтірік пен алдаудың шырмауына түсіп, айналасындағы адамдардың сенімін пайдаланады. Бірінен соң бірі жасалған қателіктер мен заңсыз әрекеттер ақырында оны рухани әрі әлеуметтік тығырыққа әкеледі. Қойылым адам бойындағы әлсіздік, жауапкершілік, сенім мен сатқындық секілді ұғымдарды терең қозғай отырып, лудоманияның жеке адамға ғана емес, тұтас отбасы мен қоғамға әсер ететін дерт екенін көрсетеді.

Қойылымда театрдың жас актерлері біртұтас әрі үйлесімді актерлік ансамбль қалыптастыра алған. Басты кейіпкерді сомдаған Мәди Маңғыстауов құмар ойынға тәуелді адамның ішкі күйзелісі мен жан арпалысын көрсетті. Толғанай бейнесіндегі Ақбөбек Нәзенғалиева отбасының берекесін сақтап қалуға тырысқан әйелдің жан дүниесін әсерлі ашса, Жаннұр рөліндегі Бибінұр Камешова мен Дина образындағы Гүлзат Рысқали оқиға желісінің дамуына серпін беріп, кейіпкерлер мінезін шынайы бейнелей білді. Ринат рөліндегі Азамат Орынбаев та досына деген сенім мен көңіл күй өзгерістерін табиғи жеткізді. Ал Мирастың анасы бейнесін сомдаған Мәдениет қайраткері Сәуле Байменова аналық мейірім мен алаңдаушылықты терең сезіммен өрнектеп, қойылымның эмоциялық салмағын арттыра түсті. Жалпы, актерлік құрамның шынайы ойыны мен өзара сахналық үйлесімі қойылымның көркемдік қуатын күшейтіп, көрерменді оқиғаға еріксіз сендіре алды.

Режиссер Жанат Телтаев сахналық шешімдер арқылы шығарманың әлеуметтік маңызын айқындап, көрерменді бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойлануға жетелейді. Қойылым барысында LED экран мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылған. Әсіресе бейнепроекциялар мен экрандық шешімдер оқиғаның эмоционалдық әсерін күшейтіп, сахналық әрекетпен үйлесім тапқан.

Қазақстандағы лудомания мен ойын бизнесі: Отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері таныстырылды

Қойылымның ерекшеліктерінің бірі – заманауи технологиялардың қолданылуы болды. LED экранда көрсетілген бірқатар бейнематериалдар жасанды интеллектінің көмегімен әзірленген. Театр сахнасында жасанды интеллект технологияларын пайдалану қойылымның көркемдік шешімдерін толықтырып, кейіпкердің психологиялық күйін, оқиға динамикасын және драмалық атмосфераны тереңірек ашуға мүмкіндік берген. Бұл өз кезегінде көрерменнің шығарманы қабылдауына жаңа әсер сыйлап, қойылымның заманауи сипатын айқындай түсті.

Әсіресе қойылымның финалдық көрінісі көрерменге ерекше әсер қалдырды. Кейіпкер тағдыры арқылы әрбір әрекеттің салдары болатыны көрсетіліп, көрерменді терең ойға жетелейді.

Қойылым «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен және облыстық прокуратураның ұсынысымен сахналанып отыр.

Премьера соңында көрермендерге ерекше әсер қалдырған сәт болды. Сахнаға қойылымдағы басты кейіпкердің прототипі болған атыраулық Тимур Рамазанов көтерілді. Бүгінде ол лудоманиядан зардап шеккен азаматтарға психологиялық көмек көрсететін «Жаңа өмір» орталығын басқарады. Тимур Рамазанов өз сөзінде қиын кезеңдерде жанынан табылып, қолдау көрсеткен анасы мен туған әпкесіне алғыс айтты.

Осылайша, «Махаббат рулеткасы» әлеуметтік драмасы көрерменге әсерлі сахналық туынды ұсынып қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселені көтеріп, құмар ойынға тәуелділіктің адам тағдырына тигізетін зардаптарын көрсетті. Сонымен қатар спектакльде заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану театр өнерінің жаңа ізденістерге бет бұрғанын аңғартады.

Театрдың көркемдік жетекшісі Темірбек Мұхтаров:

«Махаббат рулеткасы» – тек сахналық туынды емес, бүгінгі қоғамның көкейкесті мәселесін қозғайтын маңызды әлеуметтік спектакль. Құмар ойынға тәуелділік тақырыбы арқылы біз көрерменге адам тағдырының күрделі тұстарын, таңдаудың салдарын және жауапкершіліктің салмағын көрсетуге тырыстық.

Жас актерлеріміз бұл қойылымда үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеп, күрделі психологиялық рөлдерді шынайы алып шықты. Сонымен қатар шығарманың көркемдік шешімдері мен заманауи сахналық тәсілдер спектакльдің әсерін күшейте түсті.

Бұл қойылым – театр ұжымының ізденісінің, режиссерлік көзқарастың және шығармашылық бірліктің нәтижесі. Ең бастысы, ол көрермен жүрегіне жол таба алды деп сенеміз», деді театрдың көркемдік жетекшісі Темірбек Мұхтаров.

Артур ЯХУДА,

театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Маусым 2026 10:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары