Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Алматыда Япурай гала хор спектаклінің тұсаукесері өтті

Алматыда Япурай гала хор спектаклінің тұсаукесері өтті

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Елімізде алғаш рет қазақтың классикалық шығармалары мен халық әндері заманауи сипатта орындалды. 

Алматыда Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрында Республика күніне орай «Япурай» гала хор спектаклінің тұсаукесері өтті. Онда  «Маусымжан», «Самал тау», «Ақ сиса»,  «Қарлығаш», сияқты халыққа кеңінен танымал әндер хорға лайықталып, жаңа үнге ие болды. Оған қоса сахнаның безендірілуі, музыка, жарық, дыбыс  ешкімді бей-жай қалдырмады.

Гала-хор спектакль «Япурай» композициясымен ашылды. Алғашқы аккордтан бастап, көрермендер  вокал шеберлерінің кәсібилігіне тәнті болды. Атап айтқанда, олардың орындаушылық мәнеріне қошемет білдірді. Қойылым хор өнерінің мүмкіндіктерін айшықтай түсті. Оны жаңа қырынан танытып, қазақтың бай музыкалық дәстүрін заманауи технология мен көркем сценографиямен үйлестірді. Абай атындағы Ұлттық опера және балет театры еліміздегі  жетекші   шығармашылық ұйым. Жоба авторы театр директоры Айнұр Көпбасарова.

Айнұр Көпбасарова, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры:

- Біз хорды балеттің және операның контексінда соның аумағында ғана көреміз. Ал хор ол көз алдыңызға елестетіңізші әрбір хордың артисі  солист жеке солист болып саналады. Ал сол бүкіл қанашама жеке солистің жиынтығы хор арқылы керемет ең бірінші ол дауыс иесі. Біз бұрын хорды статична тұрып ән айтқанды ғана білеміз, ал бұл жерде бұл кісілдер билейді де, өздерінің актерлық шеберліктерін көрсетеді. 

Классикалық шығармалар мен халық әндері хормен айту үшін қайта өңделді. Бұл қазақ музыкасының шынайылығын, әуенін сақтауға мүмкіндік береді. Аранжировщик Артур Оренбургскийдің айтуынша мұндай туындылар қай кезде де сұранысқа ие.

Артур Оренбургский, аранжировщик:

- Консерваторияда оқыған кезімнен бастап қазақ фольклорына қызығушылық танытып келемін. Бұл өзімді әр қырымнан көрсетуге мүмкіндік берді. Біздің мақсатымыз шығарманың қазақи болмысын сақтай отырып, көрерменге дәстүр мен жаңашылдық үйлесім тапқан көрініс ұсыну. Осының бәрі ұлттық өнердің құндылығын түйсінуге мүмкіндік берді. 

«Япурай» спектаклінде соңғы үлгідегі технологиямен декорация кеңінен қолданылды.  Жарық қоюшы  итальяндық  Гаэтано Ла Мела. Ол бұған дейін  «Хан Сұлтан» қойылымында да жұмыс істеген. Ал сахнада   театр хоры мен симфониялық оркестр, «Мұрагер» фольклорлық ансамблі және «Қоңырау» балалар хоры өнер көрсетті.

Қарлығаш Мұздыбаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының артисі:

- Дайындығымыз біздің енді именно хордың дайындығы өте зор. Ұзақ дайындалдық. Тігілген костюмдердің өзі бір-бірімен қайталанбайды. Осы аз уақыттың ішінде осы қазақтың барлық костюмдері қандай болсын, жас қыздарға үлкен кісілерге болсын барлығы көңілімізден шықты. Көрермендер бүгін аңшылақ деп жатыр біз өзіміз асыға күттік. 

«Япурай» гала-хор спектиаклінің афишасын танымал суретші Жамбыл Нампаев жасады. Қазір театр әр қойылымның афишасын осылай қолмен салу дәстүрін қайта қолға алып жатыр. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Сержан Жұмабаев

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 20:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары