Меккеге баруға жүрексініп жүрген едім : Ырысбала Икрамбай тойда Ұмраға жолдама ұтып алды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай достарының сүндет тойында Ұмра сапарына жолдама ұтып алғанын айтып, қуанышын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Блогердің айтуынша, жақында күйеуімен ақылдасып, енесін кіші қажылыққа жіберген. Көп ұзамай өзі де қасиетті мекенге баруға мүмкіндік алған. Ол бұл жаңалықтың күтпеген жерден болғанын айтып, әсерін әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
«Бүгін Мұхтар Ханзада досымыздың шаңырағында үлкен той болды. Ата-аналық міндетін атқарып сүндет той жасады. Той қонақтарының арасында 2 жанға ұлы сапар Ұмра сапарға жолдама ойнатты. Ғайыптан тайып тойдағы 300 қонақтың арасынан біріншісін біздің отбасына нәсіп етті. Екіншісі Әбдіжаппар Әлқожаның отбасына бұйырды. Ойлаңдаршы. Мен Меккеге барып келген соң оған лайықты жүре алмаймын деп қашып жүрген едім, бүгін тойда бұйыртты», – деп жазды ол.
Осылайша, тойда ойнатылған екі жолдаманың бірі Ырысбала Икрамбайдың, екіншісі әнші Әбдіжаппар Әлқожаның отбасына бұйырған. Блогер бұған дейін Меккеге баруға жүрексініп жүргенін жасырмады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:19
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 15:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















