Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай феномені кітабының тұсаукесері өтті

Құрылтай феномені кітабының тұсаукесері өтті

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтына қарасты «Ұлы Дала тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Құрылтай феномені» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл еңбек аталған орталықтың «Құрылтай – мемлекеттік институт тұғыры» жобасы негізінде дайындалған. Кітап авторлары – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Омархан Нұртайұлы Оксікбаев және араб, парсы, шағатай тілдерінің маманы, шығыстанушы ғалым Оразбай Зәріпбай Жұманұлы.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шараның ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан оқып берді.«Қазіргі кезеңде Қазақстан ғылымының алдында ұлттық тарихымызды, қоғамдық институттарымызды және тарихи тәжірибемізді жаңа ғылыми тәсілдер арқылы қайта қарастыру міндеті тұр. Бұл – Мемлекет басшысы айқындаған әділетті, білімді және бәсекеге қабілетті қоғам құру жолындағы маңызды бағыттардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда, бүгін таныстырылып отырған еңбек тек тарихи-танымдық басылым ғана емес, халқымыздың саяси мәдениеті мен мемлекеттік басқару дәстүрінің эволюциясын ғылыми тұрғыдан талдауға мүмкіндік беретін құнды зерттеу», – делінген құттықтау хатта.

Тұсаукесер модераторы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы «Құрылтай феномені» кітабы Ұлы Дала өркениетіндегі Құрылтай институтын кең ауқымда пайымдауға арналған зерделі ғылыми еңбек екенін атап өтті.

Жиында сөз сөйлеген Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, ҚР ҰҒА академигі Оразалы Сәбден, филология ғылымдарының докторы, профессор, дипломат Әділ Ахметов, мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер, дипломат Қуаныш Сұлтанов, мемлекет және қоғам қайраткері Серік Ақымбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы сынды ғалымдар Құрылтай институтының дәстүр мен демократия сабақтастығын дамытудағы тарихи рөлін атап өтіп, авторлардың терең ғылыми ізденістеріне жоғары баға берді.

Тұсаукесер рәсімі соңында авторлар қазақ, түрік және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Құрылтай феномені» кітабының бірнеше данасын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының қорына табыстады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 16:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see181

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see164

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see161

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see159

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see158

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see158

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see157

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see157

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see157

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see156

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see156

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see155

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see155

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see154

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see154

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see153

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see152

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see152

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see152

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see151
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары