Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Құрылтай феномені : тарих пен қазіргі кезең сабақтастығы жөнінде Жетісу университетінде жиын өтті

Құрылтай феномені : тарих пен қазіргі кезең сабақтастығы жөнінде Жетісу университетінде жиын өтті

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Құрылтай феномені» кітабы негізінде танымдық кездесу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, кітап авторлары, университет оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. 

Кездесуді университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев жүргізіп, жиынның маңызына тоқталды.

«Құрылтайдың бір палаталы жоғары өкілді орган ретінде құрылуы еліміздің конституциялық дамуындағы маңызды өзгерістердің бірі. Осы кезеңде «Құрылтай феномені» кітабының жарық көруі – Құрылтай институтының тарихи тамыры мен бүгінгі мәнін терең зерделеуге мүмкіндік береді», – деді ректор.

Кездесуге арнайы келген Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов кітаптың тарихи-танымдық маңызына, қоғамдық-саяси мәніне назар аударды.

«Құрылтай – ел тағдырын кеңесіп шешу, ортақ пікірге келу дәстүрінің көрінісі. Оның тарихын зерттеу қазақ халқының саяси мәдениеті мен қоғамдық ойлау жүйесінің дамуын түсінуге мүмкіндік береді», – деді Диас Рахметұлы.

Өз кезегінде «Құрылтай феномені» кітабының авторлары Омархан Өксікбаев пен Зәріпбай Оразбай еңбектің негізгі мазмұнына тоқталып, дәстүрлі Құрылтай мен қазіргі қоғамдық институт арасындағы байланысты атап өтті. Сондай-ақ, төрт тілде жарық көрген кітаптың алдағы уақытта Түркияда арнайы тұсаукесерін өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Кездесуде мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев тарихи деректерге, соның ішінде Қадырғали Жалайыридің еңбектеріндегі құнды мәліметтерге тоқталды. Қазақстанның құрметті жазушысы, ақын Әміре Әрін Құрылтайдың тарихи және рухани мәні жөніндегі орамды ойларын ортаға салды. Қоғам қайраткері Талғат Айтбайұлы, Мәдениет қайраткері, суретші-кескіндемеші Жанұзақ Мүсәпір ұлттық тарих пен құрылтайдың қоғамдық санадағы орны туралы пікір білдірді.

«Бүгінде Құрылтай атауының қайта жаңғыруы – тарихи тәжірибе мен қазіргі заман талаптарының сабақтастығын көрсетеді. Бұрын елдің маңызды мәселелері ел ағалары бас қосқан алқалы жиындарда талқыланса, бүгінде бұл міндетті халық сайлаған депутаттар атқарады. Формасы өзгергенімен, елдік мәселені кеңесіп шешу, ортақ пікірге келу идеясы сақталып отыр», – деді тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Есбай. 

Д. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Жалаири: «Құрылтай феномені» ғылыми-танымдық еңбегі – жалпы оқырман үшін де, ғылыми қауымдастық үшін де тарихты терең танып, рухани сананы байытатын құнды туынды», – деп атап өтті.

Ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәбит Суатай «Құрылтай феномені» еңбегін Ұлы Дала өркениетіндегі Құрылтай институтының тарихи тамырын, саяси мәнін және қазіргі мемлекеттік жаңғыру үдерісіндегі рөлін жан-жақты зерделеген құнды ғылыми-танымдық кітап деп бағалады.

Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдық бірлікті нығайту, кітап оқу мәдениетін дамыту және рухани-танымы жоғары қоғам қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 17:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары