Тарих аманатын жеткізген маңызды жиын
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Астана қаласында «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының негізгі базалық санаттары мен кіші санаттарын іргелі зерттеу және оларды толық ақтау процестері» атты үкіметтік Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды (бұдан әрі – БНҚ) жүзеге асыру мақсатында «Қазақстандағы кеңестік кезеңдегі жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерді толық ақтау жолдары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
2020 жылғы 24 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жазықсыз құрбандар мен зардап шеккендерге қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) құрылғаны жұртшылыққа белгілі.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин 2023 жылы желтоқсанда комиссия жұмысын қорытындылай келе, оның Қазақстандағы кеңестік кезеңдегі жаппай саяси қуғын-сүргінді зерттеу бойынша үлкен ұйымдастырушылық, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізгенін, архивтерді құпиясыздандыру, 1920–1950 жылдардағы бұрын зерттелмеген және ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбандарын жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын ұйымдастырғанын атап өтіп, жұмыстың нақты цифрлық нәтижелерін жариялады.
Қазір Мемлекеттік комиссия тұжырымдарының іргелі ғылыми зерттеулерін Жобалық кеңсе мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Астана қаласындағы филиалы жалғастырып келе жатыр. Конференцияда белгілі заңгер-ғалым И.Борчашвилидің жетекшілігімен ғалымдар мен сарапшылар тобы әзірлеген екі заң жобасының мазмұнын жетілдіру мәселелері талқыланды. Атап айтсақ, «Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерді толық заңдық ақтау туралы», «Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресушілерді саяси ақтау және олардың мәртебесі туралы» заң жобалары төңірегінде көп дүние айтылды.
Жобалық кеңсенің жетекшісі Сабыр Қасымов жоғарыда аталған заң жобаларының айрықша әрі эксклюзивті екенін, олар Мемлекеттік комиссия материалдары негізінде халықаралық құқықтық құндылықтар мен стандарттарға сәйкес дайындалғанын атап өтті. Ол тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ еліміздің прогрессивті мемлекеттік және қоғамдық дамуы, оның өркениетті әлемдегі беделін арттыру мақсатында бұл заңдарды қабылдаудың қажеттілігі мен өзектілігіне тоқталды. Сондықтан электоралдық кезеңде бұл мәселелер талқыланады деп үміттенеді. Конференцияның мақсаты – заң жобаларының мазмұнын барлық бағыт бойынша пысықтап, Парламенттің қарауына дайындау.
Баяндамашы, жоғарыда аталған заң жобаларында ақтау туралы мәселе, құрбандардың көптеген санаты бұрынғы кеңес одағының басқа республикаларында, қазіргі тәуелсіз мемлекеттерде, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінде әлдеқашан ақталғанын айтты.
С.Қасымов бұл заңдарды қабылдаудың негізгі мақсаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңестік кезеңдегі қуғын-сүргін құрсауына түскен жерлестерімізге қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру туралы идеяларын іске асыру екенін түсіндірді. Ол Мемлекеттік комиссия мен Жобалық кеңсе жұмысына тартылған ғалымдар мемлекеттік қауіпсіздікті нығайтуға, азаматтардың мүдделерін қорғауға және Отанымыздың жанашыр патриоттарын тәрбиелеуге бағытталған конституциялық реформаларды қолдайтынын айтты. Сондай-ақ ол еліміздің ұлттық бостандығы мен аумақтық тұтастығы үшін күрескендерді саяси ақтау Президент жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» ұлттық идеясын қолдауға бағытталғанын атап өтті.
Осылайша, Сабыр Қасымов ел патриоттарын Президентке әділетті мемлекет құру жолындағы стратегиялық міндеттерді шешуіне көмектесуге, саяси жүйемізді либералды және демократиялық реформалауға жәрдемдесуге шақырды.
Конференция барысында елімізге танымал ғалымдар, атап айтқанда, академик Ш.Құрманбайұлы, ғылым докторлары Ю.Шаповал, С.Жакишева, И.Борчашвили, Қ.Айтхожин, Е.Абайділдинов, Қ.Балтабаев; ғылым кандидаттары – Ш.Нағымов, К.Балтабаева, Т.Алланиязов, С.Исаева; мемлекет және қоғам қайраткері М.Жақыпов және басқа да ғалымдар мен сарапшылар баяндама жасады.
Тарихшы ғалымдар Мемлекеттік және өңірлік комиссиялардың материалдарына, өз зерттеулеріне сүйене отырып, әрқайсысы өз тақырыбы бойынша жоғарыда аталған заңдарды қабылдаудың қажеттілігі мен сұранысқа ие екені туралы бұлтартпас нақты ғылыми дәлелдер келтірді. Олар 1991 жылы Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Қазақстан билігі еліміздегі жаппай саяси қуғын-сүргіннің ерекшеліктерін, олардың Қазақстан халқы үшін зардаптарын кешенді және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік бермегенін айтты. Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және демографиялық апат – «Ашаршылыққа» әкеліп соқтырған «Қазақстандағы Кіші Қазан» халыққа қарсы бағдарламасының 15-ке жуық саяси науқанының революциялық-күштеу жолымен жүзеге асырылуы іргелі түрде зерттелмеген.
Ғалымдар 2020 жылғы 24 қарашада Президенттің Жарлығы қабылданып, Мемлекеттік комиссияның құрбандарды толық ақтау бойынша ауқымды жұмысы басталғаннан кейін, ақырында саяси қуғын-сүргіннің толық көрінісін шынайы, жан-жақты әрі әділетті зерттеуге, құрбандар мен зардап шеккендердің негізгі санаттарын анықтау, сондай-ақ Парламенттің тиісті заңнамалық актілерді қабылдауы басталатынына сенгендерін атап өтті.
Алайда Мемлекеттік комиссия мерзімінен бұрын жабылғаннан кейін бұл жоспарлар кейінге қалды. Бірақ Жобалық кеңсе мен ғалымдардың жүйелі әрі мақсатты жұмыстарының арқасында іргелі ғылыми зерттеулер жалғасып келеді. Қазір Президент бастаған істі аяғына дейін жеткізетін уақыт келді.
Заңгер ғалымдар белгілі себептермен бұрын еліміздегі жаппай саяси қуғын-сүргінді ғылыми тұрғыдан зерттеуге заңгерлердің тартылмағанын, сондықтан елімізде саяси қуғын-сүргіннің заңдық табиғаты мен аспектілерін зерттеудің дербес мектебі қалыптаспағанын мәлімдеді. Баяндамашылар бұрынғы одақтас республикалардағы, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдеріндегі ұқсас тоталитарлық партиялық-кеңестік режімнің құрбандарын толық ақтау бойынша заңнамалық актілерді қабылдаудың және мемлекеттік шаралардың саяси-құқықтық бағалануының тәжірибесін мысалға келтірді.
Ғалымдар сондай-ақ Президенттің «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығының сөзсіз іске асырылуын қолдады. Себебі бірінші кезекте бұл мемлекеттің міндеті. Сондықтан саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін талқыланып жатқан жоғарыда аталған 2 заң жобасының қабылдануы, біріншіден, Мемлекеттік комиссия жүргізген жұмыстың өз деңгейінде аяқталуы болса, екіншіден, әділетті мемлекет құрудың сенімді саяси-құқықтық және ғылыми-құқықтық негізі болады.
Осындай мәселелерді шынайы шешу нәтижесінде жұртшылық алдағы конституциялық және саяси реформаларды қолдап, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» пен азаматтық қоғам институттарын өркениетті құруға белсенді қатысады.
Конференцияда көтерілген мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар тиісті Қарар қабылдап, жоғарыда аталған заңдар қоғамның, халықтың көпжылдық сұранысы екенін түйіндеді.
Назым ШОМАНОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкері
Соңғы жаңалықтар
Білім • Бүгін, 08:15
Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым
Университет • Бүгін, 08:12
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10
Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы
Digital • Бүгін, 08:08
Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?
Бизнес • Бүгін, 08:05
Аймақтар • Бүгін, 08:03
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00
Жедел жәрдем автопаркі жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 07:55
Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50
Алматы • Бүгін, 07:45
Театр • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:35
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30
Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды
Оқиға • Кеше
Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады
Ауа райы • Кеше
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:26
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 08:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















