Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Көптің аманатын арқалаған

Көптің аманатын арқалаған

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қарағандының іргесіндегі Үштөбе ауылы кейінгі жылдары тың тыныс алды. Бүгінде 5 мыңнан астам тұрғыны бар ажарлы қоныс – Бұқар жырау ауданындағы ең ірі әрі әлеуеті жоғары ауылдың бірі. Келбеті жайнаған, тіршілігі қайнаған ауылдың бүгінгі өзгерісінің басында жиырма жылдан астам уақыт жергілікті әкімдікте қызмет етіп келе жатқан Әлем Көпбаева тұр. Бас маман болып еңбек жолын бастаған ол ел сенімін еңсеріп, ауыл әкімі болып сайланады.

Әлем Қайыржанқызының негізгі мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Екінші мамандығы – заңгер. Ол ауыл әкімдігіне қызметке қабылданғанында мемлекеттік қызмет саласының сырт көзге көріне бер­мейтін салмағы бар екенін түйсініпті. Жалындап тұрған жас маман әкімдіктің қазанында қайнап, тәжірибесін толықтырады. Жиырма жылға жуық уақыт тапжылмай әкімдікте қызмет істеген маман, әрине, ауылдағы әр мәселені бүге-шүгесіне дейін біледі. Ондай жауапты жанға халық міндетті түрде сенім артады. Сөйтіп, осыдан үш жыл бұрын өткен әкім сайлауында ел сеніміне басымырақ ие болған Әлем Қайыржанқызы Үштөбе ауылының әкімі болады.

Ол кісі басқарып отырған округ құ­ра­мына Үштөбе, Сарыарқа, Құрылыс, Атамекен, Соқыр ауылы кіреді. Ауылда 167 шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істеп тұр. 62 шаруа қожалығы, 24 серіктестік, 81 жеке кәсіпкер, 16 сауда дүкені бар. Шағын және орта бизнесте жұмыспен 1000 адам қамтылып отыр.

Биылдың өзінде сүт зауыты, құрғақ сүт қоспаларын өндіретін зауыт, мейрамхана мен екі азық-түлік дүкені өз жұмысын бастап, онда 34 ауыл тұрғыны жұмысқа орналасқан.

Ауыл әкімі елдімекеннің инфра­құрылымын жаңғыртуға ынта қойып отыр. «Ауыл – ел бесігі» бағдар­ла­ма­сы аясында Сарыарқа ауылында Достық, Қайрат Жұмабеков, Ынты­мақ көшелерінде жалпы ұзындығы 1,7 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді. Наурыз, Болашақ көше­лерінің ішкі жолдарына қиыршық тас төселді. Алаш және Болашақ кө­ше­лерінде 24 көше жарықтандыру бағаны орнатылды. Сонымен қоса, «СинеМидасСтрой» ЖШС-мен ­өз­ара ынтымақтастық орнатып, демеу­ші­­лік қаражат есебінен Мәншүк Мәметова және Ынтымақ көшелерін­де жалпы ұзындығы 1 км кентішілік жолдарға орташа жөндеу жасалған. Ауыл көшелеріне бейнебақылау камералары қойылып, ветеринарлық-профилактикалық жұмысқа арнал­ған мал ұстайтын қоршау салынды. Бүгінде малы бар ағайынның кәдесіне жарап тұр.

Атамекен ауылында 150 балаға арналған жаңа мектеп ашылып, ауыл балалары сапалы білім алып отыр. Ал Үштөбе ауылында ашылған көпфункционалды хоккей корты балалардың бір мезгіл қысқы спортпен шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр.

Былтыр Үштөбе ауылы үшін берекелі жыл болды. Бұрын-соңды мәдениет үйі болмаған ауылда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаңа заманауи клуб үйі ашылды. Ауыл тұрғындары бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, былтыр қуанышқа кенелді.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында ауылда 300 балаға арналған жаңа мектептің құрылысы аяқталды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Сарыарқа және Құрылыс ауылдарында медициналық фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы да тәмамдалды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Үштөбе ауылында 120 балдырғанға арналған «Супер ботақан» жеке балабақшасы ашылды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында Атамекен ауылында жалпы ұзындығы 1,74 шақырым жолға орташа жөндеу жасалды. Аудандық бюджет есебінен Үштөбе ауылындағы өнеркәсіп аймағына апаратын жолға ұзындығы 1,38 шақырым орташа жөндеу жүргізілді. Құрылыс және Соқыр ауылдарының кіреберіс жолдары бойына жарық бағандары орнатылды.

Былтырға дейін Соқыр ауылында электр энергиясы жиі үзілетін еді. Электр беру желілері ауылдық округтің балансында болғандықтан, екі кешенді трансформаторлық қосалқы стансасының электр желілері және трансформатор ауыстырылып, жөндеу жұмысы жүргізілді. Қазір тұрғындар сапалы қуат көзін тұтынып отыр.

– Әлем Қайыржанқызы бұл ауыл­дың әкімдігінде көп жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолын қарапа­йым маман ретінде бастап, ауылдың бар­лық мәселесін жақсы меңгерген. Өзі де осы ауылдың тұрғыны болғандық­тан, халықтың жағдайын терең түсініп, елге жанашырлықпен қарайды. Бұрын қыс мезгілінде боран соғып, жолды қар басып қалғанда ауылдан қатынау қиын­ға түсетін. Жолды аршытудың өзі үл­кен мәселеге айналып, тұрғындар жиі алаңдайтын. Қазір мұндай қиындық жоқ. Жолдар уақтылы тазартылып, қа­тынасқа қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар ауылда ауызсу мәсе­лесі де шешімін тауып, тұрғындар сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Ауыл көшелері жап-жарық болып тұр. Әлем Қайыржанқызы – үлкенге құр­мет, кішіге ізет көрсете білетін, халық­пен тіл табысып, елдің алғысына бөле­ніп жүрген әкім, – дейді Үштөбе ауылы­ның қадірлі ақсақалы Жақсыбер­ген Әбдікәрім.

Ауыл әкімдігінің алдағы жоспарлары да нақты. Ең алдымен, тұрғындар­дың бақша суаруына қолайлы жағдай жасау үшін тұрақты су жүйесін жол­ға қою міндеті тұр. Сонымен қатар ауылішілік жолдарды жөндеу, көп­қабатты үйлерде тұратын азаматтар үшін орталықтандырылған кәріз жүйесін жүргізу мәселелері кезең-кезеңімен шешімін табады деп жоспарланып отыр.

– Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Кейінгі жылдары ауылдағы мектеп пен медициналық мекемелерге жас мамандар келе бастады. Соңғы жылдың өзінде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында жиырмаға жуық жас маман жұмысқа орналас­ты. Бұл ауылдағы кадр тапшылығын азайтып, білім беру мен медицина саласының сапасын арттыруға ықпал етіп отыр. Сонымен қатар қазір ауылдық басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осыған байланысты халық тікелей сайлаған ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Арнайы курстарда біз «Жергілікті бюджетті тиімді пайдалану», «Мемлекеттік сатып алулар мен салықтар», «Коммуналдық меншікті басқару, экология және қоршаған ортаны қорғау», «Кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау шаралары, өңірге инвестиция тарту», сондай-ақ «Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану» сияқты маңызды бағыттар бойынша білімімізді жетілдірудеміз, – дейді ауыл әкімі.

Отбасында асыл жар, аяулы ана Әлем Қайыржанқызы «атқарар шаруа­мыз бұдан көп», дейді. Бастысы, ауыл халқының аманатын адал атқаруды мұраты санайды. Олай болса, елдік істің басында жүрген елжанды азаматқа қажымас қажыр-қайрат тілейміз!

Қарағанды облысы,

Бұқар жырау ауданы,

Үштөбе ауылы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды

Қазақстан • Кеше

АҚШ Ирандағы мектепке жасалған соққыға қатысы бар екенін мойындады

Әлем • Кеше

Референдум: Таяу Шығыс елдеріндегі учаскелер уақытша жұмыс істемейді

Референдум • Кеше

Қазақстан мен Түркия министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Саясат • Кеше

Air Astana 7,8 және 9 наурызда Сауд Арабиясынан отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырады

Оқиға • Кеше

Мереке күндері ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар қалай жұмыс істейді?

Қоғам • Кеше

Мемлекет басшысы мерекелік концертке барды

Президент • Кеше

Елімізде қазір қай жолдар жабық тұр?

Оқиға • Кеше

Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала таныса алады

Ата заң • Кеше

Президент әйелдер қауымын мемлекеттік наградамен марапаттады

Президент • Кеше

Ғалым әйелдер академик Нәйлә Базанова атындағы құрмет белгісімен марапатталды

Ғылым • Кеше

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президентімен кездесті

Президент • Кеше

Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі банкноттарды пайдалану мерзімін ұзартты

Қаржы • Кеше

Қазақстанда қанша әйел тұрады?

Халық • Кеше

Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Наурыз 2026 08:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары