Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Ғасыр жүгін арқалаған Қарагөз

Ғасыр жүгін арқалаған Қарагөз

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры да XXXVI маусымын Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясымен ашты. Ұлттық театрдың жаңа маусымды дәл осы шығармамен бастауы кездейсоқ емес. Тағдыр. Махаббат. Дәстүр. Осы үштағанның арасында арпалысқан Қарагөздің трагедиясы – тек өткен ғасырдың еншісі емес, адамның ішкі еркі мен қоғамның жазылмаған заңдары бетпе-бет келгенде туатын терең адамзаттық драма.

«Қарагөз» – қазақ драма­тур­гия­сының алтын қорының төрінде тұр­ған шығарма. Әуезов пьеса­сы­ның өзегінде бір-бірін сүйген Қа­рагөз бен Сырымның тағдыры жа­тыр. Алайда олардың сезіміне тұ­тас ортаның қалыптасқан тәр­ті­бі қарсы тұрады. Қарагөздің тағ­ды­ры арқылы драматург жеке адам­ның бақыты мен қоғам ал­дын­дағы міндеттің, жүрек қалауы мен дәстүр талабынан туындайтын қайшылықтың аражігін ашады. Қарагөз бен Сырымның трагедиясы арқылы Әуезов белгілі бір дәуірдің әлеуметтік-психоло­гия­лық шындығын көрсетеді. Адам­ның ішкі еркіндігі мен оны қор­шаған ортаның талабы қақ­ты­ғыс­қанда, таңдау жасау қаншалық қиын екенін аңғартады.

Қойылымның режиссері, Қа­зақ­станның еңбек сіңірген қай­рат­кері Гүлсина Миргалиева жаңа мау­сымның дәстүрлі «Абаймен» емес, «Қарагөзбен» ашылуына шы­­­­ғарманың ұлттық театр таби­ға­тына жақындығы себеп болға­нын айтады. Шынында да, «Қа­ра­гөз» – сахнаға қайта-қайта оралуға сұранып тұратын шығармалардың бірі. Өйткені оның көтерген мәсе­ле­лері белгілі бір тарихи кезеңмен шек­телмейді. Ұлттық театрдың жа­ңа маусымды дәл осы шы­ғар­ма­мен бастауының мәні де осында. Махаббат пен міндет, жеке адам­ның қалауы мен қоғамдық пі­кір, ата-ана жауапкершілігі мен ұр­пақ тәрбиесі секілді мәселелер бү­гінгі қоғам үшін де өзекті. Қойы­лымның жаңа нұсқасында осы мәңгілік сұрақтарға қазіргі кө­­рерменнің көзімен қарауға ұм­ты­лыс бар. 

«Қарагөздің» трагедиясын тү­сіну үшін шығарманың астарын­да­ғы дәстүрлі қазақ қоғамының құры­лымына үңілу маңызды. Бұл жерде отбасы, әулет, үлкеннің сөзі, ұрпақ сабақтастығы секілді құн­дылықтар жеке адамның өмі­рінен бөлек қаралмайды. Қара­гөз­дің тағдыры – сол қоғамдық тәр­тіп­тің адам өміріне әсерін көр­се­тетін көркем мысал. Әуезов кейіп­керлерін біржақты кі­нәлі немесе кінәсіз етіп көр­сетпейді. Әрқайсы­сы­ның өз шындығы бар. Бір жағында – жүрекке бағынған Сырым мен Қара­гөз, екінші жағында – ғасырлар бойы қалыптасқан салт пен қоғам талабы.  Бұл қойылым театр сахнасында бұған дейін де бірнеше рет қойылған. Шығармаға әр кезеңнің ре­жиссерлері өз дәуірінің кө­зімен қарады. Сол ар­қылы пьесаның мазмұны ғана емес, қоғамның өзі де өзгеріп отыратыны бай­қалады. Жаңа қойы­лымда да негізгі драма­тур­гиялық арқау сақтал­ғанымен, шығармашы­лық топ оны бүгінгі кө­рер­меннің қабылдауына жақындатуға тырысқан. Кейіпкерлер арасындағы ішкі тартыс, үнсіздік, көзқарас пен қи­мылдың өзі спектакльдің эмо­ционалдық жүгін арттыра түседі. Өйткені «Қарагөзде» айтылмаған сөздің де салмағы бар.

Әрбір актер сахнада кейіпкерін сомдағанда ауыртпалық жүгін сезінеді. Ақмарал Танабаева үшін кейіпкерінің алжасу сәті мен ішкі жалғыздығын сахнада жеткізу ерекше эмоционалды салмақ тү­сір­ген. Ол Қарагөз тағдырының ауырлығына қарамастан, осындай күрделі бейнені өз уақытында сахнаға алып шыққанын өнердегі үлкен бағына балап отыр.

– Қарагөз көп актрисаның ар­маны ғой. Біздің театрда да біраз үл­кендеріміз кезінде өз Қара­гөздерін сахналаған. Жалпы көп нәрсе адамның ішкі болмысына, физикасына қарай бағытталады. Мендегі Қарагөздің өзім үшін кілті – қатты махаббатты сезінгісі келгені. Мамасының махаббатынан ерте айырылғаны, сағынышы. Сырыммен кішкентайынан қатар өсіп тіреу тапқаны. Ең танымал шығармалар, олар тату-тәтті өмір сүріп, тыныш қана өз тұрмысын жалғастырды деп аяқталмайды. Әуезов өзі бәрін бізге жазып бере салды ғой. Басқа кейіпкерлердің сөзінде де өз кейіпкеріңнің бол­мы­сын табасың. Сырымды сүю қаншалықты алып сезім болса, соншалықты ұят нәрсе. Сол қыл ор­тамен жүріп үзіліп кеткен кейіп­кер ғой. Тағдыры қандай ауыр кейіпкер болса да, Қарагөзден өзіме жұбаныш таптым. Актриса ғұ­мыры қысқа келеді, сол кішкене мезетте осы кейіпкермен байла­ныс­қаныма, қанжығама уақы­ты­лы байланғанына қуанам.

Іштей ұзақ дайындалғаным – ал­жасу сахнасы. Бәрін түсініп тұ­ра­сың да, бірақ сол тұңғиыққа ат­тауға тартынасың. Біраз уақыт бұл сахнаны дайындық кезінде ат­тап кетіп отырдық. Неге адам іш­тей құлыпталып қалады деген ой­ды саралай келе, қаншалықты іші жалғызсырап қатты өксік адам­ды құса қылса, санада жалғыз кө­мек алжасу болып қала ма деп ой­ладым. Сырымның дауысын жо­ғалтып алғаны, ең маңызды дү­­ниесінен айырылып қалғанын есі­не түсіре алмауы, – дейді акт­риса.

Ақмарал Танабаева жаңа мау­сымның дәл осы «Қарагөзбен» бас­талуы үлкен жауапкершілік жүк­теп, демалыстан кейін бірден асау ағысқа түскендей әсер қал­дыр­ғанын жеткізді. Ол сахнаға шық­қанша жүректі дүрсілдеткен толқынысты жеңу әртіс өмірінің ажырамас бөлігі екенін айтып, кө­рерменмен қайта қауышқанына қуанышты.

Қаллеки театрының жаңа мау­сымындағы репертуарында клас­си­калық шығармалармен қатар за­манауи драматургия мен түрлі жанр­дағы қойылымдар бар. Қыр­күйек айында көрермен Ә.Нұр­пейісовтің «Қан мен тер», М.Әуе­зовтің «Абай», С.Тұрғын­бекұлы­ның «Шәмші», Ж.Әлікен­нің «Жүрек сыры. Махаббатым сен…», Шекспирдің Romeo & Juliet синема-эпосы, Л.Толстойдың «Анна Каренина. Роман парақтары» хореодрамасы, Бертольт Брехттің «Шеңбері» және Э.Хушвақтовтың «Қызыл алма» лирикалық коме­дия­сы сынды тағы бірқатар қойы­лымды көре алады.

Бүлдіршін көрермендер де на­зар­дан тыс қалмайды. Репертуарда «Ертегі түннің әуені», «Құм­қала», «Бала мерген» секілді қойы­лымдар бар. Яғни жаңа мау­сымның негізгі бағыты – ұлт­тық классиканы сақтай отырып, қазіргі драматургия мен әртүрлі сахналық форманы қатар ұсыну.  Қазан айында Рача Махатаевтың режиссерлігімен қойылған «Анна Каренина. Роман парақтары» хореодрамасы «ТеатрALL» халық­аралық театр фестиваліне қаты­сады. Ал Гүлсина Миргалиеваның режиссерлігімен сахналанған Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» спек­таклі Қарағандыда өтетін Әшірбек Сығай атындағы «Сын – шын болсын» республикалық фестива­ліне шақырту алған.

Ал қараша айы театр үшін ерек­ше маңызды болмақ. Биыл өнер ордасының құрылғанына 35 жыл толады. Мерейтой аясында театрдың шығармашылық жолын саралайтын және бүгінгі тынысын танытатын бірқатар мәдени іс-шара өткізу жоспарланған. 

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қыркүйек 2026 18:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары