Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Мамандық таңдау машақаты

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

Өскелең ұрпаққа өнеге

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

Жазата жеткізген жәдігер

Жазата жеткізген жәдігер

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ресей отаршылары қазақ жерін бөліске түсіріп, жергілікті халықты ығыстырып жатқанына шыдай алмаған Ағыбай батыр жер дауымен батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа барып, наразылық білдіреді. Мұның Ресейге де қатер төндіретінін батыл айтады. Сөйткен соң екі жақ мәмілеге келген. Ағыбайға тәнті болған генерал-губернатор өзінің қылқалам шеберіне батырдың суретін салдырады. Осы бейнені қыр қазақтарының көсемі ретінде тіркетіп, Эрмитажға жөнелтеді.

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, дала академигі Жазыл­бек Қуа­ныш­баев 1981 жылы Ленинградқа барған сапарында Эрмитажды аралап жүріп, жүрегі сезгендей сол сурет тұ­сына аялдап, бұл кімнің бейнесі деген сұрақ қояды. Эрми­таж қызметкерлері бұл Ағыбай батыр дейді. Жазата дереу бар абырой-атағын салып, қаһарман тұлға бейнесінің көшірмесін жасатып елге әкеледі. Сөйтіп, ұрпақтар сабақ­тастығының тамаша үлгісін көрсетеді. Бұл Ре­сейден елге оралған алғашқы тарихи құнды жәдігер еді.

Жазата сол кездегі ел басшысы Дін­мұ­хамед Ахметұлы Қонаевқа ақжол­тай Ағыбай батыр бейнесін елге әкел­генін жеткізеді. Д.А.Қонаев қаһар­­ман бабамыздың шынайы кел­беті сақ­тал­ғанына жүрек­жар­ды қуанышын біл­діріп, сүйін­шісіне Жазатаға Газ-24 «Волга» көлігін сыйлайды. Осы бір жан тебірентерлік оқиғадан батыр, ең­бек адамы, ел басшысы ара­сындағы баба­лар мұраты ардақ­талған жарасым­ды сабақ­тас­тықты көруге болады. Сөй­тіп, Жазылбек Қуанышбаев саналы ғұ­мырында қазақ баты­ры­ның суретін тұңғыш рет елге жеткіз­ген. Бұл – қазіргі және келешек буынға үлгі болар тарихи оқиға.

Осы тұста Д.Қонаев атамыз­дың мына сөзі еске түседі: «Мен төрт еңбек ардагеріне айрық­ша тоқтала кеткенді жөн көремін. Олар – Нұрмолда Алда­бергенов, Ыбырай Жақаев, Жазылбек Қуанышбаев, Сағу Шілдебаев. Шынына айтқанда, бұл төрт кісіні халқымыздың төрт бейнесіндей көремін. Ол кісілердің елінің шетіне аяқ іліктірсем соқпай өтпеймін, сәлем бермей кетпеймін. Қай-қайсысымен әңгімелесу жан семіртіп, рухыңды биіктете түседі. Бір-біріне ұқсамай­тын тұлғалар, бірақ бірін-бірі толық­тырып тұратын қазақ деген халық­тың асқақтары қандай болады десеңіздер осы төртеуін айтар едім. Қарапайым, бірақ кісілігі жоғары, мінезге бай, даналықты сырттан іздемей, өз асылымызды бағалай білетін жандар».

Еңбек деген ұлы мектеп­тің төрт арысы осылар. Сол кезеңдегі ел ағасының төрт арысының бірі – Жазылбек Қуанышбаев еді!

Жазата тыңнан түрен түріп, ата-баба кәсібін ғылыммен ұш­тасты­рып, нәтижесін барша адамзат игілігіне пайдалануға елеулі еңбек еткен. Қарапайым еңбек адамынан қоғам қайрат­кері дәрежесіне жеткен, ел-жұр­тын ыстық ықыласына бөлеген, қазақтың Алтын кітабына есімі түскен тарихи тұлға. Бұл кісі­нің кеңес одағы кезеңінде атақ-даңқы жер жарды десек артық емес. Қаракөл тұқымдас қойын қазақ жеріне әкеліп жерсін­діріп, әр жүз саулықтан 130, 140-тан төл өргізіп, сол тұстағы абсолют­­тік көрсеткішке қол жеткізген өз ісінің шебері.

Жазата өндірген қаракөл елтірісі кеңес одағынан тыс шетелдерде өз бағасын алған. АҚШ, Үндістан, Румыния, Польша елдерінде өткен халықаралық көрмелерде жоғары сортты өнім деп танылған. Осындай ерен ең­бектің нә­тижесінде, 1948 жылы 23 шілдеде бі­рін­ші алтын жұл­дызын кеудесіне тақ­са, 1958 жылы тура өзінің туған күні 29 нау­рыз­да екінші алтын жұлдыз иеленді.

Қарапайым еңбек адамы Жазата қоғам­дық жұмыстан да шет қалма­ғанын, көрші елде қалған әлгіндей құнды мұраны елге әкелуге күш салғанын жоғарыда жеткіздік. Екі мәрте Еңбек ері, малшылардың маршалы, дала академигі Жазылбек Қуанышбаевтың биылғы 130 жылдық мерейтойы қарсаңында осындай бір ерлігін еске салып қойғанды жөн деп білеміз.

Ахмет Орынбасар,

өлкетанушы

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Атыраудағы бірегей зауыт

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?

Сараптама • Бүгін, 08:48

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

Қоғам • Бүгін, 08:45

Технология мен ғылымды тоғыстырған

Ғылым • Бүгін, 08:43

Алматы Кремний алқабына айнала ма?

Ғылым • Бүгін, 08:40

MIT-ке қабылданған оқушы

Білім • Бүгін, 08:38

Жазата жеткізген жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:35

Берекенің бесігі

Көрме • Бүгін, 08:33

«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Актер шындығы қайда жоғалды?

Өнер • Бүгін, 08:28

Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті

Әдебиет • Бүгін, 08:25

Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген

Тұлға • Бүгін, 08:23

Тасқынға тастүйін дайындық

Су тасқыны • Бүгін, 08:20

Тағдырын таныған таланттар

Әдебиет • Бүгін, 08:18

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 08:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see168

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see167

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see154

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see153

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see149

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see139

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see133

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see127

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see125

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see121

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see120

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see114

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see113

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see111

Мамандық таңдау машақаты

22 Қыркүйек 2026 04:46see101

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see89

Өскелең ұрпаққа өнеге

22 Қыркүйек 2026 03:29see89

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see89

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

22 Қыркүйек 2026 04:09see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары