Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Жұбановтан қалған жәдігер

Жұбановтан қалған жәдігер

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ұлттық орталық музейде «Ахмет Жұбанов: дәуір үні» деп аталған көрме ашылды. Тағылымды іс-шара көрнекті компози­тордың 120 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Өмірін халық музыкасымен егіз өрген даңқты дирижердің шығармашылықтағы ең бір жемісті жылдары Алматыда өтті. Музыка зерттеушісі 1967–1968 жылдары ғұмырының соңғы кезеңдерінде тұрған пәтер бүгінде шағын музейге айналған. Көрмеде ұсынылған түпнұсқа экспонаттар дәл осы Ахмет және Ғазиза Жұбановтар мемориалды музей-үйі қорынан әкелінген.

Дәлірек айтқанда, көрмеде көрнекті тұлғаның сирек фото­суреттері, архивтік құжаттар, қолжазбалар, ғылыми еңбектер мен жеке заттарынан тұратын 120-ға жуық жәдігер ұсынылды. Олардың қатарында 1950 жылы шыққан неміс баспа мәшіңкесі бар. Бұл мәшіңкеге қазақ әріптері енгізілгенін көріп, қайраткердің сол кезеңнің өзінде-ақ ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсеткенін аңғарасыз. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қызмет атқарған кезде киген дирижерлік фрагы, 1934 жылы Эмануэл және Борис Романенколар жасаған домбырасы, ноталық еңбектері көрме маңызын арттыра түскен.

«Бізге жеткен естеліктерді саралай отырып, Ахмет Жұба­нов өмірде өте қарапайым кісі болғанын байқаймыз. Тірі кезінде бір ғана мерейтойы аталып өтіпті. Мәселен, бүгінгі көрмеде сол 60 жылдық мерейтойында сыйға тартылған экспонаттар бар. Ахмет Жұбановтың өзі­нің қолданысында болған қол сағаты, үйде пайдаланған үстел сағаты, радиоқабылдағышы тұлға қолының табы қалған жәдігерлер санатында. Сағатта гравировка жазбасымен: «Естелік 60 жылдыққа Сапарғали және Зәмзәгүл» деген жазба бар. Ал қол сағатын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (сол тұстағы ҚазПИ) сыйға тартқан. Сондай-ақ баспа мәшіңкесі – 1950 жылы Германияда шыққан», дейді Ахмет және Ғазиза Жұбановтар мемориалды музей-үйінің жетекшісі Рыскүл Сағатқызы.

Рыскүл Сағатқызының ай­­­­­­­­­­туынша, Ахмет Жұбанов қайтыс болғаннан кейін қызы Ғазиза Жұбанова сол пәтерге көшіп келеді. Даңқты тұлғаның өзі өнерге қосқан қызы әкесіне арналған музей ашуды перзенттік парызына баласа керек. Дегенмен ол бұл арманына жете алмай өмірден ерте өтті. Араға біраз жыл салып өзінің күйеуі, әйгілі режиссер Әзірбайжан Мәмбетов сол Ғазиза Жұбанованың арма­нының орындалуына мұрын­дық болған. Ол пәтермен бірге Жұбановтар–Мәмбетовтер отба­сының мұрағатын мемлекет тарапына тапсырады. Кейін Ахмет Жұбановтың 100 жылдығына орай осы пәтер-музей болып есік ашқан. Аумағы 116 шаршы метрді құрайтын музей-үйінің қорында күні бүгін 4 мыңға жуық экспонат сақталған. Кейбір деректерде бұл үйде Жұбановтар әулетіне дейін академик Қаныш Сәтбаев тұрғаны айтылады.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Саясат • Бүгін, 08:05

Ертіс ластанбасын деңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:00

Ұлттық рейтинг жүйесі құрылады

Саясат • Бүгін, 07:55

Ұзақмерзімді дамудың құқықтық негізі

Саясат • Бүгін, 07:50

Іргелі инфрақұрылыммен жан-жақты танысты

Саясат • Бүгін, 07:45

Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды

Заң мен Тәртіп • Кеше

Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты

Бокс • Кеше

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды

Қазақстан • Кеше

Ұлттық Банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Банк • Кеше

ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды

Аймақтар • Кеше

Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды

Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады

Президент • Кеше

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды

Спорт • Кеше

Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді

Шаруашылық • Кеше

Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті

Үкімет • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 08:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see149

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see147

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see145

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see143

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see130

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see127

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see127

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see127

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see126

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see125

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see125

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see121

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see119

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see118

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see117

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see116

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see116

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары