Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Алматыда THE PLANET OF ART 2025 гала концерті өтті

Алматыда THE PLANET OF ART 2025 гала концерті өтті

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар Алматыда концерт берді.

ЮНЕСКО бастамасымен ұйымдастырылған THE PLANET OF ART – 2025 халықаралық жастар фестивалінің гала-концерті өтті. Іс-шараның мақсаты елдер арасындағы мәдени байланысты нығайту.

20-ға тарта елден келген жас дарындар Алматы төрінде өз өнерлерін паш етті. Олардың арасында Үндістан, Мексика, Нидерланды, Швейцария сияқты мемлекеттердің өкілдері бар. Жас деңгейі 12 мен 18 жас аралығында ғана. Іріктеу кезеңінен өткен 40 лауреат осы гала-концертке жолдама алды. Қатысушылар  вокал, аспаптық және хореографиялық бағыттар бойынша өнер көрсетті. Жас таланттарды  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрі сүйемелдеді.

Болат Ақшолақов, Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының президенті:

- Бірнеше жылдан бері келе жатқан шара. Бастапқыда атауы басқаша болып еді. «Дети в ритме мира» деп аталды. Кейін біз ойланып, тек қана Қазақстан емес,  дүниежүзілік деңгейге көтереміз деп, байқауды дүниежүзілік деңгейге көтердік. Биыл байқауға 18 елден балалар қатысты.

Гала-концертке келген көрерменде көп. THE PLANET OF ART жыл сайын көкжиегін кеңейтіп келеді. ЮНЕСКО аясында  ұйымдастырылып жүргеніне де 20 жылдан асты. Осы кезге дейін 90 мыңнан аса қатысушыны қамтыды. Фестиваль жаңа буынды өзара түсіністік пен достыққа баулыйды. Дарынды жастарды қолдап,  олардың шығармашылық әлеуетін дамытуды көздейді.

Нұржауған Тельман, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 1-курс студенті:

- Іріктеу кезеңінде екі ән жібердім. Үшінші Ерке Есмаханның Айша Бибі әнін жіберген болатынмын. Бұл – музыкалық фестиваль. Конкурс сайыс емес. Бұл жәй ғана гала-концерт. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылардың өнерін паш ету үшін өтуде.

Іріктеу нәтижесі бойынша лауреаттар Қазақстанға шақырылды. 26 қазаннан бастап, мәдени алмасуға бағытталған 10 күндік білім беру бағдарламасына  қатысып сабақ алды.

Арадия Ранават, фестиваль қатысушысы:

- Қазақстанға Үндістаннан келдім. Делиде тұрамын. Мектепке фестивальдан шақырту келді. Міне, іріктеуден өтіп, концертке қатысып жатырмын. Лауреат атандым. Кішкентай кезімнен билегенді жақсы көремін. Осында келіп көп дос таптым. Алматы керемет қала екен. Маған қатты ұнады. Табиғаты тамаша. Жан-жағы тау, жасыл желек. Қазақстанда осындай қала бар екен деп айтып барамын.

Концерт бағдарламасына Абай Құнанбайұлының, Нұрғиса Тілендиевтің, Петр Чайковскийдің, Сергей Рахманиновтың, Антонио Вивальдидің, Жорж Бизенің шығармалары, сондай-ақ заманауи музыкалық туындылар енді. Мәдениеттер диалогы мен халықтар достығын дамытуға бағытталған жоба бұдан былай да жалғасады.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Мұхит Құдықбаев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 16:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see172

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see171

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see156

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see125

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see116

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see115

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see93

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see93

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары