Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Барыс соңғы секундтарда есепті теңестіріп, Спартакты жеңді

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Халық кеңесі комитетінің бірінші отырысы өтті

Халық кеңесі комитетінің бірінші отырысы өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің алғашқы отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының азаматтық қоғам институттарына жүктеген міндеттерін іске асыру мәселелері қаралды. Негізгі күн тәртібін талқылауға Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаев қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Отырыс барысында Халық Кеңесінің мүшелері өңірлік даму және кәсіпкерлікті қолдау, экология және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі салалық комиссияларға бөлінді. Сондай-ақ отырыстың күн тәртібіне Комитет қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәселелері енгізіліп, салалық комиссиялардың ережелері бекітілді және жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

Осы бағытта Комитет төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Мемлекет басшысы бастамашы болған жалпыұлттық реформаларды іске асырудағы Халық Кеңесінің ерекше рөліне тоқталды. Ең алдымен, атап өтілгендей, қоғамдық кеңестермен жұмысты өзара үйлестіруге баса назар аударылмақ.

«Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің қызметі қоғамдық кеңестердің өзара іс-әрекетінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғамның негізгі бастамаларын біріктіруге және сараптамалық тұрғыда қолдауға бағытталған. Жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамдық сұраныстарды анықтау, оларды сараптамалық тұрғыдан зерделеу және Қазақстан Халық Кеңесінің қарауына енгізу үшін нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болады», – деп Табиғат Зейнұлқабден Комитеттің негізгі міндеттеріне тоқталды.

Сараптамалық талқылау мен пікір алмасу барысында қатысушылар бірқатар бастама мен ұсынысты ортаға салды. Ерлан Нысанбаев «Таза Қазақстан» экология мәселесін практикалық тұрғыда іске асыруда Қазақстан Халық Кеңесінің маңызды рөл атқаратынына мән берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейді. Бұл – адамзат тіршілігінің түп негізі» деп атап өтті. Шынында да, экология тек табиғатты қорғаудан тұрмайды. Оған азаматтық жауапкершілікпен, құқықтық санамен және болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз деп қарау керек. Экологиялық мәдениет біз үшін таңсық ұғым емес, ол ұлттық құндылықтарымыздың негізі. Халқымыздың «Бір тал кессең, он тал ек», «Судың да сұрауы бар» деген қанатты сөздері табиғатты қорғау мен аялау қанымызда ертеден бар қасиет екенін дәлелдейді. Осы ұстаным азаматтардың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс», – деді ол.

Өз кезегінде, «ECO Network» жобасының негізін қалаушы, EN Social қоғамдық қорының директоры Евгений Мухамеджанов жаңа Конституцияның құрылымы анағұрлым айқын екенін және мемлекетті дамытудың өзекті бағдарларын көрсететініне назар аударды. Ол маңызды өзгерістердің бірі ретінде экологиялық мәдениеттің ерекше мәртебесінің бекітілуін атап, оны қалыптастыру қажеттігін айтты. Осы мақсатта Халық Кеңесінің мүшесі бірқатар нақты шара ұсынып, сондай-ақ озық халықаралық тәжірибелерімен бөлісті.

«Бүгінде «Таза Қазақстан» – Президенттің Конституцияда бекітілген негізгі бағдарламаларының бірі. Оның маңызы ұлттық мәдениеттен де жоғары деңгейде айқындалған. Меніңше, бұл дұрыс, өйткені компаниялар әлі де қоршаған ортаға зиян келтіріп отыр. Табиғатты басты басымдық ретінде қарастыратын жүйеге көшкен кезде, Президент айтып отырған міндеттерді жүзеге асырып, барлық негізгі бағдарламаларды орындауға мүмкіндік аламыз. Сонда Конституция шын мәнінде біздің болашағымызды қорғайтын маңызды құжатқа айналады. Бүгінде Қазақстанның әр қаласында «Таза Қазақстан» қағидаттарын қалыптастыруға және еліміздің тұрақты дамуына үлес қосып жүрген пікірлес азаматтардан құралған қауымдастықтар жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарымыз бен жинақтаған тәжірибеміз одан әрі нығая түседі деп сенеміз», – деген Е. Мухамеджанов отырысқа қатысушыларды цифрлық экологиялық жобалар мен модельдермен, соның ішінде мектептерге арналған арнайы мобильді қосымшамен таныстырды.

Экономикалық даму тақырыбын Нұртай Сабильянов жалғастырып, өңірлердің әлеуетін арттырудың негізі ретінде шағын және орта бизнесті қолдау шараларын жүйелі түрде күшейту мәселесін көтерді.

Комитет отырысында атап өтілгендей, келіп түскен бастамалар, оның ішінде экологиялық жобалар, ауылдық аумақтарды дамыту және кәсіпкерлікті қолдау шаралары оларды іске асыру және салалық мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты үйлестіру жөніндегі қорытынды жоспарға енгізілетін болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:51
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 19:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Барыс соңғы секундтарда есепті теңестіріп, Спартакты жеңді

04 Қазан 2026 22:31see134

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see134

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see134

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see133

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see132

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see132

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see131

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see129

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see123

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see123

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see121

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see119

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see118

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see118

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see117

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see117

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see116

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see115

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see111

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары