Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Кеңес тең төрағалық форматында жұ­мыс істейді. Партия тарапынан «AMANAT» партиясының Хатшысы Эль­дар Жұмағазиев, Үкімет тарапынан Пре­мьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарады.

Жиынды ашқан «AMANAT» партиясы Хатшысының айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау – партия негізгі басымдықтарының бірі. Ол күн тәртібіндегі мәселелер біржолғы шешімдерді емес, бизнеспен жүйелі әрі тұ­рақты коммуникацияны талап ететінін айтты.

«Үйлестіру кеңесі – бұл кәсіпкерлік саласындағы ең өзекті мәселелер бойынша нақты шешімдер әзірлейтін ашық іскерлік алаң», – деді Эльдар Жұмағазиев.

Ол партияның Мәжілісте парламенттік басымдыққа ие бола отырып, депутаттық сауалдар мен заңнамалық өзгерістер ар­қылы кәсіпкерлердің бастамаларын ілге­рілетуде практикалық тәжірибесі бар еке­нін атап өтті. Осындай үйлестіру ке­ңес­тері өңірлерде де әкім орынбасарла­рының қатысуымен жұмыс істеп келеді. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлердің 200-ден астам проблемалық мәселесі жинақталды. Олар бойынша 15 депутаттық сауал жол­дан­ды және тағы бірқатар мәселе пысықталуда.

Отырыста сөз сөйлеген Премьер-ми­нистрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құрылған кеңесті Үкімет практикалық нәтижеге бағдарланған жұмыс құралы ретінде қарастыратынын атап өтті.

«Бұл алаңдағы жұмыс диалогы – бизнестің мемлекетке деген сеніміне және ел экономикасының алдағы өсіміне тіке­лей әсер ететін нақты шешімдер қабыл­даудың тиімді құралы», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Жиын барысында қазақстандық тауар өндірушілер реестрінің қызметіне қатысты мәселелер талқыланды. Бұл ретте кәсіп­керлер тәжірибелік пайдалану режиміне қатысты техникалық және әдістемелік қиындықтар туындап отырғанын атап өтті. Профильдік министрліктердің өкіл­дері бұл режим заңнамада қарастырылға­нын, барлық жұмыс істеп тұрған кәсіп­орынның жүйеге енгізілгенін және өтпелі кезеңде сатып алуларға қолжетімділік сақталатынын, сондай-ақ анықталған қателіктер салалық қауымдастықтармен бірлесіп түзетілетінін түсіндірді. «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларға қатысу мәселесі пысықталуда.

Салық мәселелері жөнінде кәсіпкерлер жеңілдетілген режимдегі субъектілерге B2B мәмілелер бойынша шегерім жасауға тыйым салу мәселесін көтерді. Вице-премьер жаңа Салық кодексі күшіне ен­ген­нен кейін оның іс жүзінде қолданы­луына мониторинг жүргізу жұмысы басты міндетке айналатынын айтты. Ал оның салдары жаңа нормалар кем дегенде алты ай жұмыс істегеннен кейін сараланады.

Тұтынушылық несие беруге қойылған шектеудің сауда мен шағын бизнеске әсері де талқыланды. Тұтынушылық несиелеудің логистикадан бастап жұмыспен қамтуға дейін мультипликативті әсері бар екені, ал теңгерімді шешімдер тек кешенді тәсіл арқылы жүзеге асатыны атап өтілді. Үкімет бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысына кешенді талдау жолдады. Теңгерімді шешімдер қабылдау мақсатында Ұлттық банктің, қаржы реттеушінің, банктердің және бизнес өкілдерінің қатысуымен қаңтар айында ауқымды кеңес өткізу жоспарланып отыр.

Фармацевтика және медицина са­ласының өкілдері ҚҚС мөлшерлемелерінің әртүрлі болуына байланысты туындап отырған қиындықтарды атап өтіп, бірыңғай тәсіл енгізу қажет екенін жеткізді. Бұл ұсы­ныс негізді деп танылып, қолданыстағы нормалардың тәжірибесін алты ай ішінде талдау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ кеңес отырысында әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі талқыланды. Бизнес өкілдері өзіндік құнның өсуі мен маусымдық факторларды ескере отырып, тізімнің кеңеюіне алаңдаушылық білдір­ді. Сауда және интеграция министрлігі бұл шаралардың уақытша екенін жеткізді. Оның айтуынша, тізім қауымдастықтардың позициясын ескере отырып түзетілді, ал сауда үстемелерін дифференциациялау жоспарда жоқ.

Өңдеу өнеркәсібі үшін газ бен электр энергиясы тарифтерінің өсуі және оның тұрақсыздығы қызу пікірталас тудырды. Вице-премьердің айтуынша, «инфляция плюс» қағидаты бойынша жүргізіліп жатқан тарифтік реформа – ұзақмерзімді мәні бар шара. Ол, ең алдымен, инфрақұ­рылымды жаңғырту үшін қажет. Сондай-ақ Серік Жұманғарин мемлекет бұл ре­фор­маның инфляциялық әсерін барынша азайтуға ұмтылатынын атап өтті.

Мұнай сервистік компаниялар мен машина жасаушылар шетелдік мердігер­лердің демпингіне және отандық өндіру­шілер үшін преференциялардың болмауына назар аударды. Бұған жауап ретінде жаңа Салық кодексі аясында ірі жобаларға жеткізу кезінде ҚҚС пен баждарды кейінге қалдыру тетіктерін қолдануға мүмкіндік беретін тізімдерге қазақстандық кәсіп­орындарды енгізу тапсырылды. Сондай-ақ даму институттарының қазақстандық компаниялар қызметін экспорттау ісіне қолдау көрсетуге дайын екені айтылды. Бұл ретте тәуекелдерді сақтандыру мен көлік шығындарын азайту мәселесі де ескеріледі.

Жиынды қорытындылай келе, Серік Жұманғарин «AMANAT» партиясының Үйлестіру кеңесі өзін бизнеспен тікелей диалог жүргізуге арналған тиімді әрі сұра­нысқа ие алаң ретінде дәлелдегенін атап өтті.  Отырыс қорытындысы бойынша тараптар кеңес жұмысын тұрақты түрде жүргізуге уағдаласты. Үкімет тарапынан кеңестің жұмыс органы ретінде Ұлттық экономика министрлігі белгіленді. Вице-премьер қатысатын отырыстарды тоқсан сайын өткізу жоспарланып отыр.

Елнар ЕЛТАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 04:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары