Қазақстан машина жасаушылар одағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Бас қалада Қазақстан машина жасаушылар одағының үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Басқосу барысында секторға серпіліс беру ісі қаралып, 2028 жылға дейінгі жоспар пысықталды. Өнеркәсіптік роботтарды жедел енгізу мен өндірісті цифрландыру мәселелері қаузалды. Сондай-ақ кәсіпорындарды отандық шикізатпен қамтамасыз ету, қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін енгізу мәселелері де қаралды. Бүгінде елде машина жасау ісіне жіті қолдау көрсетіліп келеді. Тіпті арнайы салық жеңілдігі де қарастырылған. Өндірушілер импортталатын жабдықтар мен материалдарға қосылған құн салығынан 1 жылға дейін босатылған. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен жиынға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин және отандық жетекші кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:80
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















