Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Бокс кеші өтеді

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Заманауи технологиялар шаруашылықтың шырайын келтіреді

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Тұрғын үй алаңсыз тіршіліктің алғышарты

Тұрғын үй алаңсыз тіршіліктің алғышарты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Президенттің сайлауалды бағдарламасында 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті қойылған. Бұл меже бастапқы жоспардан 7,3 млн шаршы метр­ге артық. Былтыр 19,1 млн шаршы метр тұрғын үй тапсырылып, сала рекордтық көрсеткішке қол жеткізген, дейді ресми мәлімет.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Халықтың тұрмыс-тірші­лігі баспанасымен де өлшенсе керек. Ел­дегі құрылыс қарқы­ны мен азаматтарды тұр­ғын үймен қамту көрсет­кіш­тері мемлекеттің экономи­калық әлеуетін ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік тұ­рақ­тылық деңгейінің де көр­сеткіші іспетті. Кейінгі жылдардағы деректер бұл салада жүйелі өзгеріс жүріп жатқанын көрсетеді. Биыл да баспана бағытындағы нақты істер жалғасын тауып, тәуір нәтижеге қол жеткізілген.

Жақында тұрғын үй құрылысы сала­сының кейінгі 11 айындағы қоры­тын­дысын жариялаған Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осы уа­қыт аралығында 19,9 млн шаршы метр тұрғын үй, яғни 154 300 пәтер пай­да­ла­нуға берілгенін мәлімдеді. Демек, тарих қойнауына енгелі отырған 2025 жыл бұл сала үшін жаман болмаған. Шар­шы метрдің көптеп пайдалануға берілуі, бір жағынан, жеке құрылыс пен инвестицияның жан­дануын біл­дір­се, екінші жағынан, мемлекеттік бағ­дар­ламалардың көмегі тиіп жатқанын аңғартады. Өңірлердегі құрылыс көле­мі­нің артуы ішкі еңбек нарығына да оң әсер етіп, мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл алғашқы жартыжылдықта құры­лыс жұмысының көлемі 3,31 трлн тең­геге жеткен. Бұл – өткен жылмен салыс­тырғанда 18,4%-ға артық көрсеткіш. Бұған қоса, 11 млн шаршы метрден астам жаңа нысан пайдалануға берілсе, оның 7,9 млн шаршы метрі – тұрғын үй, қалғаны мектеп, балабақша және ден­сау­лық сақтау нысаны.

Тұрғын үй мәселесінде әлеуметтік осал топтардың мүддесіне қашанда басымдық беріледі. Өйткені өздігінен үй сатып алуға шамасы жетпейтін аз қам­тылған отбасыларды, мүмкіндігі шек­теулі жандарды баспанамен қамту – Үкіметтің халық алдындағы жауап­кер­шілігі. Осы санаттағы азаматтарды қолдау үшін мемлекет бірталай сүйекті бағдарламаларды қабылдағаны мәлім. Айталық, жеңілдетілген пайызбен несие беретін ипотекалық бағдарламалар баспанаға мұқтаж жандарға едәуір демеу болып келеді. Министрліктің дерегінше, 2 және 5 пайыздық мөлшерлемемен берілген 4,9 мың ипотекалық несиеге 63,1 млрд теңге бағытталған. Бұдан бөлек, «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» бағ­дар­ламалары арқылы 205,7 млрд тең­геге 7,6 мың несие берілген.

2025 жылдың алғашқы 11 айында 7,2 мың пәтер әлеуметтік осал топтарға жалға беру үшін сатып алынған.

Сонымен қатар әкімдіктер мемлекет­тік бағалы қағаздар шығару тетігін пайдалана отырып, 4,4 мың пәтерді салып, сатып алды дейді министрлік өкілдері. Бұл тәжірибе жергілікті атқарушы орган­дардың тұрғын үй мәселесін шешуде қар­жылық құралдарды тиімді пайдалана бастағанын көрсеткен.

«Finprom.kz» порталының хабарлауын­ша, ел азаматтарына баспаналы болу мүмкіндігін сыйлайтын ипотекалық несиелер рекордтық 7,4 трлн теңгеге жеткен. «Екінші деңгейлі банктердің жалпы несие портфеліндегі ипотеканың үлесі кейінгі жылдары тұрақты түрде 18%–20% деңгейінде тұр. Бұрын мемле­кет­тік бағдарламаларды белсенді түрде дамытқанға дейін экономикадағы ипотеканың үлесі небәрі 8%-ды құрай­тын» делінген хабарламада.

Еліміздегі ипотекалық қарыздардың жартысынан көбін «Отбасы банк» қамта­масыз етіп отыр. Тұрғын үйге мұқтаж аза­маттарды тіркеуді де осы банк жүр­гізеді. «Бұл тұрғын үй саласындағы институционалдық өзгерістердің бірі болды. Жүйенің орталықтандырылуы баспана кезегін жұртшылыққа неғұрлым ашық ете отырып, әкімдіктерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Биыл 7,3 мың жалға берілетін пәтер беріліп, 10 мыңнан астам азамат субсидияланған ипотекаға қол жеткізді. Қазір бірыңғай базаға 965 мыңнан астам азамат тіркелген, олардың шамамен 600 мыңы – әлеуметтік осал топ өкілдері», дейді журналистермен жүз­десуін­де Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қ.Қажкенов.

Жоғарыда аталған тұрғын үй кезегі­нің бірыңғай базасына 1 млн-ға тарта аза­маттың тіркелуі – елімізде үйсіз жүрген азаматтардың әлі де көп екенін білдіреді. Оның сыртында мемле­кеттік тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай, тіркелейін десе, оның талаптарына сай келмей жүрген жұрт қаншама?

Дегенмен тиісті ведомство өкілдері халықты баспанамен қамтамасыз ету тетіктерін жан-жақты қарастырып, неғұрлым тиімді тәсілдерді қолданысқа енгізіп жатқанын айтады. Соның бір түрі – тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау мен тұрғын үй сертификаттарын беру. Бұл да – халықтың төлем қабілетін арттыруға бағытталған тетіктер. 2025 жылдың үшінші тоқсанының соңына қарай 11 мыңнан астам азамат жалдау ақысы бо­йынша субсидия алған. Бұл мақсатқа 7,6 млрд теңге бөлінген.

Ал 1400-ден астам адамға бастапқы жарнаны жабу үшін 1,7 млрд теңгеге тұрғын үй сертификаты берілген. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қолдау шаралары баспаналы болу жолындағы ең күрделі кезең алғашқы жарна мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал етеді.

Үкімет үлестік құрылыс саласындағы мем­ле­кеттік реттеуді күшейтуді де мық­тап қолға алды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінде үлескерлердің құқы, оларды сенімсіз құрылыс компанияларынан қорғау мәселелері заңдағы өзгерістерде қаттап жазылғаны айтылған. Мысалы, рұқсатсыз салынып жатқан тұрғын үй-жайларына үлескер тартуға және алдын ала келісімдер жасауға ты­йым салынады. Әкімдіктің рұқсаты немесе бірыңғай оператордың кепілдігі бол­маса, әлі аяқ­талмаған құрылысты жарнамалауға болмайды.

Сондай-ақ азаматтар тұрғын үйлер мен оның құрылыстары жөнінде шынайы әрі нақты ақпараттан құлағдар болып отыру үшін 2026 жылы арнайы портал іске қосылмақ. Құрылыс саласындағы барлық жүйені біріктіретін ақпараттық ресурс­та қала құрылысы кадастры, сараптама порталы және е-құрылыс қызметтеріндегі мәліметтер біріктіріледі. Айталық, порталдан рес­пуб­ликадағы 89 қаланың құрылыс рұқ­саттарының пакетін беру мемлекеттік қызметтерін, сәулеттік жос­парлау тапсырмаларын, электр желісіне қосылудың техникалық сипаттамаларын, алдын ала жобаларды бекіту жос­парларын қарауға болады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, аталған портал «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейді. Мұнда қажетті ақпаратты жылдам әрі оңай табудың барлық мүмкіндігі қарастырылған. Пайдаланушылар бірыңғай egov.kz логинімен басты бетке тіке­­лей өтіп, керекті мәліметтерді көре алады. Жаңадан іске қосылған осы өзгеріс­тердің бәрі тұрғын үй құрылыс сала­сын­дағы мәсе­лелерді оңтайландыра түседі дейді мамандар.

Жалпы, 2025 жылдың тұрғын үй саласындағы көрсеткіштерді байыптасақ, мемлекет тұрғын үй саясатын құрылыс көлемімен ғана емес, әлеуметтік тиімділік тұрғысынан да бағалауға көшкен. Биыл кезекті рекорд жаңартылып, 10 айдың ішінде 14,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін соның нәтижесі деп бағалауға болады. Finprom.kz сарап­шыларының дерегінше, бір жыл бұрын дәл осындай кезеңде 14 млн шаршы метр, бес жыл бұрын 9,8 млн шаршы метр, он жыл бұрын 7 млн шаршы метр, ал он бес жыл бұрын бар болғаны 4,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Былтыр елдегі тұрғын үй қоры 434,3 млн шаршы метрге жетті. Соның ішінде қалада – 287,1 млн шаршы метр, ауыл­­да 147,2 млн шаршы метр баспана тұр­­ғы­зыл­ған.

Не десек те, еліміздегі тұрғын үй бағ­дар­­ламалары мен тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесі уақыт өткен сайын жаңа­рып, кемшін тұстарын толықтырып, үйден үміт­ті жандардың жүрегіне сенім ұялатып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

Аймақтар • Бүгін, 14:25

2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?

Тұлға • Бүгін, 14:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Besqaru зауытымен танысты

Президент • Бүгін, 13:30

Рустам Баялиев қызметінен босатылды

Президент • Бүгін, 13:16

Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?

Медицина • Бүгін, 13:00

Тайынша ауданында сабаннан сапалы жиһаз жасайтын цех ашылды

Экономика • Бүгін, 12:50

«Тағамдарға арналған дәмдеуіш»: Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды

Оқиға • Бүгін, 12:40

Президент елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне барды

Президент • Бүгін, 12:39

Степногорскідегі «сұрықсыз» Аяз ата: тұрғындарды шошытқан мүсіндер алаңнан алынып тасталды

Аймақтар • Бүгін, 12:30

Депутат: Шағын және шалғай аудандар қолдаусыз қалып отыр

Қоғам • Бүгін, 12:25

Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады

Әлем • Бүгін, 12:20

Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен

Қоғам • Бүгін, 12:05

Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:53

Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады

Қоғам • Бүгін, 11:52

«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?

Білім • Бүгін, 11:40

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 14:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see165

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

05 Тамыз 2026 23:24see126

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see119

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

05 Тамыз 2026 23:23see119

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

06 Тамыз 2026 08:29see118

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see118

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

05 Тамыз 2026 22:45see117

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

05 Тамыз 2026 23:05see117

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see115

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see114

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

06 Тамыз 2026 11:01see112

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see111

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see110

Бокс кеші өтеді

06 Тамыз 2026 03:21see110

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see109

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see109

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see109

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see108

Заманауи технологиялар шаруашылықтың шырайын келтіреді

06 Тамыз 2026 03:44see108

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары