Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Салтанатты жиында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өмірдің екінші белесіне батыл аттағалы тұрған жастарға ағалық тілегін айтты. «Бүгін сіздердің алдарыңызда өмірдің ең маңызды дәуірі есік ашып отыр. Аттаған қадамдарың сәтті болып, өмір жолдарың жарқын болсын. Қазір Мемлекет басшысының талабымен елімізде талантты жастардың әлеуетін ашуға толық мүмкіндік бар. Жастардың сапалы білім алып, жоғары деңгейдегі маман болып, өздерінің қабілетін арттыруына және кәсіби тұрғыдан шыңдалуына барлық жағдай жасалған», деді Ғауез Торсанұлы.
Облыста «Алтын белгі» алушылар саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, былтыр оның саны 124 болған еді. Облыс басшысы бұл педагогтер мен ата-аналардың балалардың сапалы білім алуына алаңдаушылық білдіріп, олардың білімге ынтасын арттыруға үлес қосқаны туралы айтты. «Сонымен қатар жастардың да жыл өткен са--йын білімге құлшынысы артып отыр. Мен сіздердің мол білімдерің туған жерді түлетуге, елімізді дамытуға елеулі үлес қосатынына сенемін», деді ол.
Ресми іс-шарадан соң түлектерге «Алтын белгі» аттестаты табыс етілді. Жас түлектер арасынан сөйлеген жастар «Алтын белгінің» мақтанышпен қатар үлкен жауапкершілік те жүктейтінін жеткізді. Мерекелік іс-шара ақсақалдар мен білікті адамдардың тілегі және ата-аналар мен ұстаздардың құттықтауына жалғасып, соңынан жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.
ПЕТРОПАВЛ