20 өңірде бала құқығын қорғайтын басқармалар жұмысын бастады

01.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Қазақстанның барлық өңірінде Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстанның 20 өңірінде балалардың құқын қорғайтын басқармалар өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда бұл басқармаларда 135 маман қызмет атқарады.

Негізгі міндеті - балаларға қатысты мәселелерге жедел ден қойып, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға нақты көмек көрсету.

Жыл басынан бері қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметкерлерінің саны үш еседен астам өсіп, 303-тен 1029 маманға жетті.

Сондай-ақ мамандар үшін бірыңғай жұмыс стандарттары мен кәсіби даярлау бағдарламалары енгізіліп жатыр. 22 наурыздан бастап мұнда қызмет ететін мамандардың киімдері де белгіленді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью