Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматының Түрксіб ауданында 81 жастағы зейнеткер жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Көршісі Tengrinews.kz тілшісіне жантүршігерлік мәліметтерді айтып берді.
Алматының Түрксіб ауданында 81 жастағы зейнеткер жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Көршісі Tengrinews.kz тілшісіне жантүршігерлік мәліметтерді айтып берді.
Не болды?Алғашқы болып зейнеткердің көршісі, православиелік қарттар үйінің директоры Радмила Дмитриевна дабыл қаққан. Ол зейнеткермен 2025 жылғы қазанда танысып, содан бері оған көмектесіп келгенін айтады.
"Онымен қарым-қатынасымыз жақсы, достық ниетте болды. Мен үнемі қарт адамдармен жұмыс істеймін, сондықтан олардың тағдырына бейжай қарай алмаймын. Пансионатымның аспазы ол кісіге арнап ыстық тамақ салып беретін. Кейде базарға бірге баратынбыз: итіне тамақ, өзіне сүт пен жеміс-жидек алатынбыз. Жергілікті базарда бізді бәрі таниды. Біз үнемі байланыста болдық", – дейді көршісі.
Көршілер соңғы рет 16 сәуірде телефонмен сөйлескен, бірақ бір аптадан кейін қария байланысқа шығуды қойған. Радмила Дмитриевна бір жамандықты сезіп, 23 сәуірде кешке оның үйіне барғанда, мынадай қорқынышты жағдайға куә болады:
"Келсем, жарық сөніп тұр. Сағат түнгі 22:00-ге таяп қалған. Оның теледидары әрқашан қосулы тұратын. Мұндай кеш уақытта ол қайда кетуі мүмкін? Бірдеңе болғанын бірден түсініп, учаскелік полиция қызметкерін шақырттым. Аулаға кіргенімізде, үйдің есігі айқара ашық жатқанын көрдік. Бәрі ашық-шашық қалған", – дейді әйел.
Ертесіне жағдай тіпті күрделене түсті. Көршісінің айтуынша, учаскелік полицей келесі күні таңертең жедел топпен келуге уәде берген. Алайда бригада келгенде, бос тұрған үйге әлдекімдер кіріп үлгергені белгілі болды.
"Екі ер адам оны сүйреп апарып, көлікке отырғызған""Біз кеткенде мен сыртқы қақпаны жаптым, бірақ үйдің есіктері ашық қалған болатын. Келесі күні жасақпен келгенімізде, қақпаны ашсақ – үйдің кіреберіс есігі ішінен құлыптаулы тұр. Демек, біз жоқта ол жерде біреулер болған", – дейді әйел.
Радмила Дмитриевна көше тұрғындарынан сұрастыра бастағанда, басқа да сұмдық жайттар анықталған. Куәгерлер зейнеткерді күндіз жұрттың көзінше алып кеткенін айтқан.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды
Бүгін 08:10 1
"Көршілер шығып: "Иә, сәрсенбі шамасында, күндізгі сағат үште бір көлік келіп тоқтады, екі ер адам оны сүйреп апарып, көлікке отырғызды" дейді. Ал өздері бұл туралы тіс жармаған! Оны күштеп салып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Қайда апарды? Кім алып кетті? Біз ештеңе білмейміз", – дейді алматылық тұрғын.
Әйелдің айтуынша, куәгерлер үйдің маңынан күдікті адамдар тобын да көрген.
Тілшімен сөйлескен әйел қарияның Паркинсон ауруымен ауыратынын және бірнеше рет инсульт алғанын, сондықтан өз еркімен үйден шығып кетуі физикалық тұрғыдан мүмкін еместігін алға тартады.
"Ол кісі өте әлсіз. Нанға бірге барғанда, құлап қалмасын деп қанша рет демеп жүрдім. Оны өзімнің пансионатыма, күтім мен араласатын ортаң болады деп шақырғанмын, бірақ ол өз үйінен кеткісі келмеді", – дейді кейіпкер.
Сондай-ақ, Радмила Дмитриевна зейнеткердің туыстары бар екенін, бірақ олармен іс жүзінде араласпағанын атап өтті:
Алаяқтар ма, әлде "қамқоршылар" ма?"Оның ұлы болған, ол қайтыс болды, бірақ туған немере қызы бар – ол Мәскеу түбінде бір жерде тұрады. Туған ағасы да болған, ол да қайтыс болды, бірақ оның екі ұлы қалды. Олар қарияның екі туған жиені, Алматыда, "Алтын Орда" ауданында тұрады. Бірақ ол олармен араласпайтын", – дейді әйел.
Радмила Дмитриевна ақсақал "қара риелторлардың" құрбаны болуы мүмкін деп күдіктенеді. Ол бұған дейін зейнеткердің сеніміне кіріп алған Ж. есімді әйелді еске алады. Қарияның айтуынша, сол әйелдің ұрлыққа қатысы бар көрінеді.
"Бұрын ол үйіне келіп жүрді, содан кейін ата маған телефонын ұрлатып алғанын айтып шағымданды. Біз сол кезде барып жаңасын сатып алдық. Мен оған: "Ата, ешкімге есік ашпаңыз, біреу келсе, бірден маған қоңырау шалыңыз" деп ескерткенмін", – дейді әйел.
Кейінірек полицейлер көршісіне бұл іске қатысы барлардың арасында сол әйелдің де есімі аталатынын, ол бес жылдан бері зейнеткерге күтім жасап жүргенін алға тартқанын хабарлаған. Радмила Дмитриевна бұл нұсқаға сенбейді: жарты жыл бойы араласқан уақытында ол әйелді бірде-бір рет көрмеген:
"Жылжымайтын мүлікті қайта жазуға көндірмек болған": полиция не дейді?"Мен полициядан: "Оның сөзіне сенбеңіздер, ақсақалдың өзімен сөйлесіңіздер" деп өтінемін. Оның есі дұрыс, бәрін түсінеді. Ойы сергек, оны алдап соғу мүмкін емес. Тек физикалық тұрғыдан дәрменсіз", – дейді көршісі.
Алматы Полиция департаменті зейнеткердің қала маңындағы ауылдардың бірінен, жергілікті тұрғындардың үйінен табылғанын хабарлады. Оны ұрлап кетті деген күдікпен үш азамат ұсталған.
"Жедел уәкілдер дабылға бірден әрекет етті. Қаскөйлер жәбірленушінің сеніміне кіріп және оның дәрменсіз күйін пайдаланып, оны жылжымайтын мүлікті қайта жазуға көндіру үшін бостандығын шектегені анықталды", – деп хабарлады полиция.
Күдіктілер екі ер адам мен бір әйелге қатысты 126-бап "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Алматы ПД видеосынан кадр Алматы ПД видеосынан кадр Алматы ПД видеосынан кадр"Азаматтардың уақтылы жүгінуі мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылы арқасында ауыр зардаптардың алдын алуға және зейнеткердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік туды", – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Алматы ПД қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ әрбір қатысушының рөлін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Анықтама: Қылмыстық кодекстің 126-бабы "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Егер қылмыс алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалса (2-бөлім, 1-тармақ), заңда 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу