Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

81 жастағы зейнеткер бірнеше күн тұтқында болды Алматыдағы сұмдық оқиғаның мән жайы

81 жастағы зейнеткер бірнеше күн тұтқында болды Алматыдағы сұмдық оқиғаның мән жайы

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматының Түрксіб ауданында 81 жастағы зейнеткер жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Көршісі Tengrinews.kz тілшісіне жантүршігерлік мәліметтерді айтып берді.

Алматының Түрксіб ауданында 81 жастағы зейнеткер жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Көршісі Tengrinews.kz тілшісіне жантүршігерлік мәліметтерді айтып берді.

Не болды?

Алғашқы болып зейнеткердің көршісі, православиелік қарттар үйінің директоры Радмила Дмитриевна дабыл қаққан. Ол зейнеткермен 2025 жылғы қазанда танысып, содан бері оған көмектесіп келгенін айтады.

"Онымен қарым-қатынасымыз жақсы, достық ниетте болды. Мен үнемі қарт адамдармен жұмыс істеймін, сондықтан олардың тағдырына бейжай қарай алмаймын. Пансионатымның аспазы ол кісіге арнап ыстық тамақ салып беретін. Кейде базарға бірге баратынбыз: итіне тамақ, өзіне сүт пен жеміс-жидек алатынбыз. Жергілікті базарда бізді бәрі таниды. Біз үнемі байланыста болдық", – дейді көршісі.

Көршілер соңғы рет 16 сәуірде телефонмен сөйлескен, бірақ бір аптадан кейін қария байланысқа шығуды қойған. Радмила Дмитриевна бір жамандықты сезіп, 23 сәуірде кешке оның үйіне барғанда, мынадай қорқынышты жағдайға куә болады:

"Келсем, жарық сөніп тұр. Сағат түнгі 22:00-ге таяп қалған. Оның теледидары әрқашан қосулы тұратын. Мұндай кеш уақытта ол қайда кетуі мүмкін? Бірдеңе болғанын бірден түсініп, учаскелік полиция қызметкерін шақырттым. Аулаға кіргенімізде, үйдің есігі айқара ашық жатқанын көрдік. Бәрі ашық-шашық қалған", – дейді әйел.

Ертесіне жағдай тіпті күрделене түсті. Көршісінің айтуынша, учаскелік полицей келесі күні таңертең жедел топпен келуге уәде берген. Алайда бригада келгенде, бос тұрған үйге әлдекімдер кіріп үлгергені белгілі болды.

"Біз кеткенде мен сыртқы қақпаны жаптым, бірақ үйдің есіктері ашық қалған болатын. Келесі күні жасақпен келгенімізде, қақпаны ашсақ – үйдің кіреберіс есігі ішінен құлыптаулы тұр. Демек, біз жоқта ол жерде біреулер болған", – дейді әйел.

"Екі ер адам оны сүйреп апарып, көлікке отырғызған"

Радмила Дмитриевна көше тұрғындарынан сұрастыра бастағанда, басқа да сұмдық жайттар анықталған. Куәгерлер зейнеткерді күндіз жұрттың көзінше алып кеткенін айтқан.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

Бүгін 08:10 1

"Көршілер шығып: "Иә, сәрсенбі шамасында, күндізгі сағат үште бір көлік келіп тоқтады, екі ер адам оны сүйреп апарып, көлікке отырғызды" дейді. Ал өздері бұл туралы тіс жармаған! Оны күштеп салып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Қайда апарды? Кім алып кетті? Біз ештеңе білмейміз", – дейді алматылық тұрғын.

Әйелдің айтуынша, куәгерлер үйдің маңынан күдікті адамдар тобын да көрген.

Тілшімен сөйлескен әйел қарияның Паркинсон ауруымен ауыратынын және бірнеше рет инсульт алғанын, сондықтан өз еркімен үйден шығып кетуі физикалық тұрғыдан мүмкін еместігін алға тартады.

"Ол кісі өте әлсіз. Нанға бірге барғанда, құлап қалмасын деп қанша рет демеп жүрдім. Оны өзімнің пансионатыма, күтім мен араласатын ортаң болады деп шақырғанмын, бірақ ол өз үйінен кеткісі келмеді", – дейді кейіпкер.

Сондай-ақ, Радмила Дмитриевна зейнеткердің туыстары бар екенін, бірақ олармен іс жүзінде араласпағанын атап өтті:

"Оның ұлы болған, ол қайтыс болды, бірақ туған немере қызы бар – ол Мәскеу түбінде бір жерде тұрады. Туған ағасы да болған, ол да қайтыс болды, бірақ оның екі ұлы қалды. Олар қарияның екі туған жиені, Алматыда, "Алтын Орда" ауданында тұрады. Бірақ ол олармен араласпайтын", – дейді әйел.

Алаяқтар ма, әлде "қамқоршылар" ма?

Радмила Дмитриевна ақсақал "қара риелторлардың" құрбаны болуы мүмкін деп күдіктенеді. Ол бұған дейін зейнеткердің сеніміне кіріп алған Ж. есімді әйелді еске алады. Қарияның айтуынша, сол әйелдің ұрлыққа қатысы бар көрінеді.

"Бұрын ол үйіне келіп жүрді, содан кейін ата маған телефонын ұрлатып алғанын айтып шағымданды. Біз сол кезде барып жаңасын сатып алдық. Мен оған: "Ата, ешкімге есік ашпаңыз, біреу келсе, бірден маған қоңырау шалыңыз" деп ескерткенмін", – дейді әйел.

Кейінірек полицейлер көршісіне бұл іске қатысы барлардың арасында сол әйелдің де есімі аталатынын, ол бес жылдан бері зейнеткерге күтім жасап жүргенін алға тартқанын хабарлаған. Радмила Дмитриевна бұл нұсқаға сенбейді: жарты жыл бойы араласқан уақытында ол әйелді бірде-бір рет көрмеген:

"Мен полициядан: "Оның сөзіне сенбеңіздер, ақсақалдың өзімен сөйлесіңіздер" деп өтінемін. Оның есі дұрыс, бәрін түсінеді. Ойы сергек, оны алдап соғу мүмкін емес. Тек физикалық тұрғыдан дәрменсіз", – дейді көршісі.

"Жылжымайтын мүлікті қайта жазуға көндірмек болған": полиция не дейді?

Алматы Полиция департаменті зейнеткердің қала маңындағы ауылдардың бірінен, жергілікті тұрғындардың үйінен табылғанын хабарлады. Оны ұрлап кетті деген күдікпен үш азамат ұсталған.

"Жедел уәкілдер дабылға бірден әрекет етті. Қаскөйлер жәбірленушінің сеніміне кіріп және оның дәрменсіз күйін пайдаланып, оны жылжымайтын мүлікті қайта жазуға көндіру үшін бостандығын шектегені анықталды", – деп хабарлады полиция.

Күдіктілер екі ер адам мен бір әйелге қатысты 126-бап "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алматы ПД видеосынан кадр Алматы ПД видеосынан кадр Алматы ПД видеосынан кадр

"Азаматтардың уақтылы жүгінуі мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылы арқасында ауыр зардаптардың алдын алуға және зейнеткердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік туды", – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Алматы ПД қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ әрбір қатысушының рөлін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Анықтама: Қылмыстық кодекстің 126-бабы "Бас бостандығынан заңсыз айыру" бойынша бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Егер қылмыс алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалса (2-бөлім, 1-тармақ), заңда 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 18:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары