Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Шымкент әуежайындағы ұшақ пен жануар қатысқан оқиғаның мән жайы белгілі болды

Шымкент әуежайындағы ұшақ пен жануар қатысқан оқиғаның мән жайы белгілі болды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шымкентте сәуірде әуежайда болған оқиғаға қатысты тергеу аяқталды. Онда FlyArystan ұшағы қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында жануармен соқтығысқан болатын, деп хабарлайды Tengri Travel.

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі жануар аэродром аумағына Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлім жауапкершілік аймағындағы периметрлік қоршау ақауы салдарынан кіріп кеткенін хабарлады.

Ит ұшу алаңына қалай тап болды?

Жаңа мәліметтер туралы "Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі" АҚ авиациялық қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры – юасқарма мүшесі Жәнібек Шәріпбаев айтып берді.

Оның сөзінше, "Шымкент әуежайы" АҚ жүргізген тергеу жануар аэродром аумағына қоршаудағы саңылау арқылы өткенін көрсеткен.

"Шымкент әуежайы" АҚ жүргізген тергеу нәтижелері бойынша, оқиғаға Қорғаныс министрлігі №55652 әскери бөлімінің жауапкершілік аймағындағы периметрлік қоршау тұтастығының тиісінше қамтамасыз етілмеуі, атап айтқанда, жануардың ұшу алаңына кіруіне жағдай жасаған саңылаудың болуы себеп болған", - деді Шәріпбаев.

Бұл ретте Авиациялық әкімшілік әуежайдың өзі қызмет көрсететін қоршау учаскесі жарамды күйде болғанын, ал анықталған саңылау бүгінде жабылғанын атап өтті.

ҚАӘ олқылық әскери бөлім жауапты учаскеде табылғанын нақтылады. Саңылаудан бөлек, онда авиациялық қауіпсіздік талаптарында көзделген кейбір элементтер: күзет жарығы, бейнебақылау жүйесі және қазуға қарсы құрылғылар болмаған. Тергеу мәліметтері бойынша, осының бәрі жануардың ұшу алаңына еркін кіруіне жағдай жасаған.

Неге ҚАӘ әскери бөлімді тексермеді?

Сонымен қатар Авиациялық әкімшілік әскери бөлімге қатысты тексеру жүргізілген-жүргізілмегені туралы айтты. Ведомство мұндай өкілеттіктері жоқ екенін түсіндірді.

"Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі" АҚ мемлекеттік авиация субъектілеріне қатысты инспекторлық нұсқамалар беруге, бақылау іс-шараларын жүргізуге және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға өкілетті емес", - деп атап өтті Шәріпбаев.

Сондықтан №55652 әскери бөлімі Қорғаныс министрлігіне қарасты болғандықтан, оған қатысты тексеру жүргізілген жоқ.

Сонымен бірге ҚАӘ әскери бөлім өкілдерімен қоршаудың жай-күйі мен авиациялық қауіпсіздік мәселелерін ұдайы талқылағандарын хабарлады.

"ҚР ҚМ №55652 әскери бөлімі қоршауды тиісті қалыпқа келтіру бойынша белгілі бір жұмыстарды жүргізіп жатыр, алайда аталған ескертулер объективті себептерге, соның ішінде ҚР ҚМ тарапынан қаржыландыру мәселелеріне байланысты қазіргі уақытта толық жойылған жоқ", - деді Шәріпбаев.

Оқиғадан кейін қандай шаралар қабылданды?

Проблемалы учаске талапқа толық сәйкестендірілгенше, әуежай аумақты бақылауды күшейтті.

Авиация әкімшілігі мәліметінше, авиациялық қауіпсіздік қызметі мен жерүсті қамтамасыз ету қызметі қызметкерлерінің патрульдік топтар саны, сондай-ақ аралау жиілігі арттырылды.

ҚАӘ жануарлардың ұшу алаңында пайда болуы ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретінін, сондықтан мұндай жағдайлар жануарлардың аэродром аумағына кіруіне жол беретін себептерді барынша тез жоюды талап ететінін атап өтті.

Әуекомпания не дейді?

Әуекомпания тергеуді қолданыстағы авиациялық оқиғаларды тергеу қағидаларына сәйкес "Шымкент халықаралық әуежайы" АҚ жетекшілік ететін комиссия жүргізгенін хабарлады.

"Тергеу нәтижесі азаматтық авиация уәкілетті органының бақылауында. Тергеу қорытындысын қарау, ресми түсініктеме беру және осы мәселе бойынша шешім қабылдау солардың құзыретіне кіреді", - деп хабарлады FlyArystan өкілдері.

Оқиғаның мән-жайы

Еске сала кетейік, оқиға 2026 жылғы 15 сәуірде Алматы - Шымкент бағыты бойынша қатынайтын FS7105 рейсі қонғаннан кейін болған.

Сол кезде FlyArystan ұшақ қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында болған итке соқтығысқанын хабарлаған еді.

Салдарынан әуе кемесі зақымдалды.

"Соқтығысу салдарынан әуе кемесінің компоненттері зақымдалды. Қазіргі уақытта ауыстырылуы тиіс барлық бөлшек Алматыдан жеткізіледі", - деп хабарлаған еді бұған дейін әуекомпания.

Тасымалдаушы қандай бөлшектер зақымдалғанын нақтыламады.

Оқиғадан кейін материалдар Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасында тіркеліп, тексеру басталды. Ол кезде жануар аэродром аумағына қалай тап болғаны хабарланбаған еді. Енді тергеу негізгі себептердің бірін атады - бұл Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің жауапкершілік аймағындағы периметрлік қоршау учаскесінің жай-күйіндегі олқылықтар.

Тағы оқыңыз: Алматы әуежайындағы бұзақылық: екі ер адам рейстен түсіріліп, жазаланды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 17:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары