Аббат Өрісбаев, Құрылтай депутаты, Әділет партиясы фракциясының мүшесі: Көлік логистикалық әлеует артады

31.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Еліміздің гео­графиялық орналасуы мен табиғи мүмкіндіктері Еуразия кеңіс­тігіндегі маңызды көлік торабына болуымызға жол ашады. Ендігі міндет – осы артықшылықты нақты эко­номикалық нәтижеге айналдыру.

«Бақты – Аягөз» теміржол желі­сі, «Арал – Каспий» бағыты және «Бей­неу – Сексеуіл» автомобиль жолы – елдің көлік байланысын кеңейтіп, жүк тасымалының тиімділігін арттыруға ба­ғытталған маңызды жобалар. Олар­дың жүзеге асуы өңірлер арасындағы бай­ла­нысты нығайтып қана қоймай, отандық өндірістің дамуына, сауда ай­налымының өсуіне және жаңа жұ­мыс орындарының ашылуына мүм­кіндік береді.

Бұл ретте Маңғыстаудың орны ерекше. Каспий теңізінің жаға­сында орналасқан өңір – еліміздің батысқа шығатын маңызды қақ­паларының бірі. Ақтау портының мүмкіндігін тиімді пайдалану, теңіз, теміржол және автомобиль кө­лігінің өзара байланысын күшейту еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Көлік дә­ліздері дамыған сайын Маңғыс­таудың инвестициялық тар­тым­дылығы да артып, кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Алайда инфрақұрылымның дамуын тек салынған жолдармен не­месе тасымалданған жүк көле­мімен бағалау жеткіліксіз. Ең бастысы – оның халықтың тұрмыс-тіршілігіне, өңір экономикасына және жергілікті кәсіпкерліктің өркендеуіне қанша­лықты пайда әкелгені. Жаңа жобалар тұрақты жұмыс орындарын ашуға, логистика шығындарын азайтуға, отандық өнімнің нарыққа шығуын жеңіл­детуге және жергілікті бюджет кірі­сін арттыруға қызмет етуі керек.

Осы мақсатта облыс әкімдігі тарапынан инвестиция тарту, іскерлік байланыстарды нығайту және жаңа экономикалық жобалар­ды іске асыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті дамыту, инфрақұрылым­дық жоба­лар­дың орындалуын бақылау және олардың тиімділігін бағалау өңірдің ұзақмерзімді дамуына берік негіз қалайды.

Сонымен бірге көлік-логис­тика­лық әлеуетті толық пайдалану үшін жол сапасы, инженерлік инфрақұры­лым, порттардың өткізу мүмкіндігі және логистикалық қызметтердің қолжетімділігі өзара үйлесімді дамуы қажет. Сонда ғана Маңғыстау арқылы өтетін әрбір көлік дәлізі ел эко­номикасына нақты табыс әкелетін тетікке айналады.

Жол – елді жалғайтын күре­тамыр, ал логистика – экономика­ның қоз­ғалысын қамтамасыз ететін маңызды күш. Сондықтан көлік инфра­құрылымына салынған инвестиция­ның нәтижесі халықтың әл-ауқа­тынан, бизнестің мүмкін­дігінен және өңірдің экономикалық өсімінен көрінуі тиіс.

Маңғыстаудың географиялық артықшылығы – оның мүмкіндігі, ал сол мүмкіндікті ел игілігіне жа­рату – ортақ міндет. Каспий жаға­сындағы қасиетті өлкенің әлеуеті толық ашылып, қолға алынған бастамалар нақты нәтижесін берсе, Маңғыстау Қазақстанның халық­аралық көлік-логистикалық жүйе­сіндегі беделін одан әрі нығайта түседі. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью