Аббат Өрісбаев, Құрылтай депутаты, Әділет партиясы фракциясының мүшесі: Көлік логистикалық әлеует артады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Еліміздің географиялық орналасуы мен табиғи мүмкіндіктері Еуразия кеңістігіндегі маңызды көлік торабына болуымызға жол ашады. Ендігі міндет – осы артықшылықты нақты экономикалық нәтижеге айналдыру.
«Бақты – Аягөз» теміржол желісі, «Арал – Каспий» бағыты және «Бейнеу – Сексеуіл» автомобиль жолы – елдің көлік байланысын кеңейтіп, жүк тасымалының тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды жобалар. Олардың жүзеге асуы өңірлер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, отандық өндірістің дамуына, сауда айналымының өсуіне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.
Бұл ретте Маңғыстаудың орны ерекше. Каспий теңізінің жағасында орналасқан өңір – еліміздің батысқа шығатын маңызды қақпаларының бірі. Ақтау портының мүмкіндігін тиімді пайдалану, теңіз, теміржол және автомобиль көлігінің өзара байланысын күшейту еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Көлік дәліздері дамыған сайын Маңғыстаудың инвестициялық тартымдылығы да артып, кәсіпкерлікке жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Алайда инфрақұрылымның дамуын тек салынған жолдармен немесе тасымалданған жүк көлемімен бағалау жеткіліксіз. Ең бастысы – оның халықтың тұрмыс-тіршілігіне, өңір экономикасына және жергілікті кәсіпкерліктің өркендеуіне қаншалықты пайда әкелгені. Жаңа жобалар тұрақты жұмыс орындарын ашуға, логистика шығындарын азайтуға, отандық өнімнің нарыққа шығуын жеңілдетуге және жергілікті бюджет кірісін арттыруға қызмет етуі керек.
Осы мақсатта облыс әкімдігі тарапынан инвестиция тарту, іскерлік байланыстарды нығайту және жаңа экономикалық жобаларды іске асыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті дамыту, инфрақұрылымдық жобалардың орындалуын бақылау және олардың тиімділігін бағалау өңірдің ұзақмерзімді дамуына берік негіз қалайды.
Сонымен бірге көлік-логистикалық әлеуетті толық пайдалану үшін жол сапасы, инженерлік инфрақұрылым, порттардың өткізу мүмкіндігі және логистикалық қызметтердің қолжетімділігі өзара үйлесімді дамуы қажет. Сонда ғана Маңғыстау арқылы өтетін әрбір көлік дәлізі ел экономикасына нақты табыс әкелетін тетікке айналады.
Жол – елді жалғайтын күретамыр, ал логистика – экономиканың қозғалысын қамтамасыз ететін маңызды күш. Сондықтан көлік инфрақұрылымына салынған инвестицияның нәтижесі халықтың әл-ауқатынан, бизнестің мүмкіндігінен және өңірдің экономикалық өсімінен көрінуі тиіс.
Маңғыстаудың географиялық артықшылығы – оның мүмкіндігі, ал сол мүмкіндікті ел игілігіне жарату – ортақ міндет. Каспий жағасындағы қасиетті өлкенің әлеуеті толық ашылып, қолға алынған бастамалар нақты нәтижесін берсе, Маңғыстау Қазақстанның халықаралық көлік-логистикалық жүйесіндегі беделін одан әрі нығайта түседі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2026 03:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















