Дәулет Кәрібек, Құрылтай депутаты, Әділет партиясы фракциясының мүшесі: Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмыла білсек...
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Себебі біз еліміздің басты саяси оқиғасына елеулі өзгерістерді жүзеге асырып, мемлекеттік басқару жүйесіндегі түбегейлі реформаларды табысты орындап, төрт құбыламыз теңеліп келдік. Президент биылғы Жолдауында жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның негізгі мақсаттарына тоқталды.
Жолдаудың өзегінде тұрған тақырып – ауқымды құрылыс. Алқалы жиында Мемлекет басшысы еліміздің әр аймағында әлеуметтік маңызы бар нысандардың жаппай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Бұл – жаңа мектептер, ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары ашылып, халықтың тұрмысы айтарлықтай жақсарады деген сөз.
Тағы бір іргелі бастама – цифрлық экономика. Шын мәнінде, озық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні дамыту – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Президент озық шешімдерді ұлттық экономикаға кешенді енгізудің маңызы мен бағдарларын айқындап берді. Сонымен қатар Мемлекет
басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін еселей түсудің маңызына айрықша тоқталды. Қазіргідей алмағайып заманда теңіз арқылы тасымал бағыттары сын-қатерге толы екені жасырын емес. Мұндай кезде құрлық арқылы жүк тасымалына сұраныстың арта түсетіні сөзсіз. Мемлекет басшысы осы тарихи мүмкіндікті қалт жібермеуіміз қажет екенін атап өтті.
Жалпы, Жолдауда экономикадан бөлек, қоғамның барлық саласы қамтылған. Мәселен, мұнда Салық кодексіне өзгерістер енгізу, қаржы саласын реттеу, мемлекеттік қызмет саласын реформалау, мұғалім мәртебесін көтеру, құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстау сияқты айрықша маңызды бастамалар көтерілді. Бүкіл қоғам ел дамуының бағыт-бағдарын жіті түсінуі үшін осы құжатты мұқият оқуға тиіс. Түпкі мақсат – халықтың әл-ауқаты екені айқын. Бұл – халықтың табысын арттырып, келер ұрпаққа қуатты әрі ықпалды мемлекетті аманат етіп қалдыру.
Біз ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмыла білсек, осы міндетті орындайтынымыз анық.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 05:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















