Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

Айына 2 ден 3,4 миллион теңгеге дейін Еңбекмині ең табысты бос жұмыс орындарын атады

Темір Қырықбаев, Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі: Шаруаның қолын қақпай, қолдау көрсетейік

Темір Қырықбаев, Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі: Шаруаның қолын қақпай, қолдау көрсетейік

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фермерлер мен кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері қатарынан бірнеше маусымда қайталанатын баға өсімі, логистикалық қиындықтар мен түрлі шектеу шараларының әлі де шешімін таппағанына қынжылыс білдіруде. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Темір Қырықбаев осы мәселе төңірегінде Парламент мінберінен Үкіметке сауал жолдаған еді.

– Экспортты шектеуге не себеп болды, оның салдары қандай?

– Қазір фермерлер мен кәсіп­керлер сәбіз бен басқа да ауыл шаруа­шылығы өнімдерін экс­порт­тауға шектеу қою туралы на­разылық танытуда. Сарапшы­лар да бағаны тек экспортты шек­теумен ұстап тұру мүмкін емес дейді. Кәсіпкерлеріміз мемлекет ішкі нарыққа қанша өнім керек екенін нақты есептеп берсе, фер­мер­лер соны өндіруге дайын екен­ін ашық айтып жатыр. 

Менің ойымша, Қазақстан шаруа­лардың қолын қақпай, қол­дау көрсетуі керек. Қазір билік кә­сіпкерлерге өсірген бүкіл өнім­ін сатуға мүмкіндік беруге тиіс. Се­бебі уәкілетті органдар қысқы маусымда бағаны тұрақтандыру үшін әрбір өңірдегі шаруалардан қажетті өнімдерді сатып алып, сақ­тап қояды. Оның ішінде, кар­топ пен сәбіз де бар. Сондықтан да осы уәкілетті органдар есеп-қи­сап­тары дұрыс жасаған болса, қазіргі жағдайда сәбізді шетелге экспорттауға шаруаларға шектеу қоюдың қажеті жоқ.

Үкімет ең алдымен экспортқа шығарылатын немесе шектеу қой­ылған өнімдерге бақылауды күшейтуі керек деп есептеймін. Ол үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министр­лігі мен Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі бірлесіп, әр өңірдің тұ­ты­н­атын азық-түлігіне талдау жа­сап, нақты қажеттілігін анық­та­ғаны абзал. Осыдан кейін шар­уа­­л­ардан қажетті көлемдегі өнімді сатып алып, қоймаларда сақтау мә­селесін реттеген жөн. Одан кейін­гі амал – қоймаларда сақта­латын өнімдерді қатаң бақылауға алу. Температуралық режимнің бұзылмауын, герметизацияның сақталуын қамтамасыз ету керек. Себебі қоймадағы есіктердің жиі ашылып-жабылуының өзі өнім­нің сапасына әсер ететіні анық.

– Сонда қазір ішкі нарыққа қанша өнім керектігі туралы нақты мәліметтің болмағаны ма?

– Жоғарыда атап өткенімдей, жауапты министрліктер бірлесіп, әр өңірдің тұтынатын азық-түлік­теріне талдау жасап, нақты дерек­терді, яғни қажетті өнім көлемін анықтау керек. Сондай-ақ еліміз­де ішкі нарықты қорғау шаралар­ын, соның ішінде бақылауды, кон­трафактілік және жалған, бұр­маланған азық-түлік өнім­деріне қарсы шараларды күшейту қажет.

Мысалы, Қазақстанның Кар­топ және көкөніс өсірушілер одағының айтуынша, қоймаларда өнім жеткілікті, сәбіз де, картоп та жетіспей жатқан жоқ. Сондық­тан Ауыл шаруашылығы министр­лігі таратқан «өнім тапшылығы бар» деген ақпараттың қаншалық­ты дұрыс екеніне күмән туады. Бұл мемлекет пен шаруалардың арасында тұрақты диалогтың жоқ екенін көрсетеді.

Мысалы, тек Павлодар облыс­ы­ның өзінде фермерлердің қол­ын­да 120 мың тоннадан астам сәбіз бар. Қазір тіпті оның келісін 80 теңгеден сатудың өзі қиын, себебі сұраныс төмен. Ал сәбіз ұзақ сақталмайды. Осы жағдайда экспортқа уақытша тыйым салу шаруалардың өнімін сату мүмкін­дігін одан әрі шектейді.

– Бұған дейін де осындай шек­теулер болды ғой, соның нәти­жесінде баға түсті ме?

– Бұған дейінгі тәжірибеге қарасақ, экспортты тоқтату ба­ғаны түсірмейді. Керісінше, баға өсе береді. Ал ең үлкен соққыны шаруалар алады. Өйткені өнім дүкенге жеткенше делдалдар мен тасымалдаушылардың үстеме бағасынан бірнеше есе қымбаттап кететіні бұрыннан белгілі. Сол үшін олар бұл шектеуден еш зиян көрмейді. 

Мендегі деректерге қарағанда, 2021 жылы Орталық Азия елде­р­інде картоп пен сәбіз бірнеше есе қымбаттаған. Әр мемлекет баға­ның неге көтерілгенін өздігінше түсіндірді, бірақ экспорт-импорт­тың әсері, өнімнің аз жиналуы және ішкі экономикалық мәселе­лер сияқты ортақ себептер де бол­­ды. 2024 жылы бұл жағдай қай­­та­ланып, картоп тапшылығы байқалды.

Сондықтан Қазақстан Респуб­ликасы Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашы­лығы министрлігі бірігіп, экс­порт­қа шығатын өнімдерге нақты талдау жасап, Қазақстандағы тұтыну көлемін анықтауы қажет деп ойлаймын. Қажет болған жағ­дайда шаруаларға тапсырыс беру арқылы осындай өнімдерді кө­бірек егу мәселесін қарастыру керек.

Бұған дейін картоп, ет және пияз экспортына да осындай шек­теулер қойылған, бірақ ол жағдай­лардан нақты қорытынды шығар­ылған жоқ. Қазір де қысқамерзім­ді әкімшілік шешімдер басым болып тұр. Мұндай саясат ұзақ уақытқа созылса, фермерлердің өндірісті дамытуға деген ынтасын төмен­детеді және елдің шетелдік өнімге тәуелді болу қаупін күшейтеді.

– Онда неліктен баға тым ша­рық­тап кетпеуі үшін делдалдар мен логистика мәселесі реттелмейді?

– Бүгінгі Ұлттық статистика бю­росының құжаттарына көз жүгіртсек, 2025 жылғы жылдық инфляция 12,3% деңгейінде қа­лып отыр. Үкімет инфляцияны төмендету бойынша түрлі шара қа­былдап жатқанын ресми мәлім­дейді. Алайда қарапайым халық бұл бастамалардың нақты нәти­же­сін сезіне алмай отыр. Инфля­ция қағазда баяулап жатқанымен, дүкен сөресіндегі бағалар ырыққа көнер емес. Жақында өңірлерді аралап, тұрғындармен жүзбе-жүз сөйлескен кезде осы жағдайдың айқын көрінісі байқалды: азық-түлік бағасы үнемі өсуде, оның ішінде өз елімізде өндірілетін өнім­дердің өзі күн санап қымбат­тап барады.

Халықтың айтуынша, бағаның өсуіне ең алдымен логистика мен коммуналдық шығындардың артуы себеп. Кәсіпкерлер де бұл пікірді қуаттайды. Біз «бағаны нарық реттейді» деп жиі айтамыз, алайда уәкілетті органдар сауда жүйесіндегі делдалдыққа қатысты толыққанды талдау жасап, түп­кі­лікті есеп берген емес. Нарықтағы баға қозғалысында «кім, қалай және қанша пайда көріп отыр?» деген сұрақтардың жауабы әлі де ашық.

Статистика да бұл жағдайды растап отыр. Былтырғы жылдың желтоқсан айы бойынша азық-тү­лік тауарларының жылдық өсімі – 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 11,1%, ақылы қызмет­тер 12% қымбаттаған. Азық-түлік тауарлары арасында қызанақ ба­ға­сы – 7,9%, күріш – 4,8%, қияр – 4,7%, тәтті бұрыш – 2,7%, кеп­ті­рілген өрік 2% арзандағанымен, кері­сінше жүзім – 7,7%, көк шай 7,9% қымбаттаған.

Азық-түлікке жатпайтын тау­ар­лар да бір орында тұрған жоқ: аяқкиімге жағатын крем – 10,8%, сантехникалық қоспалауыш – 8,5%, электрлік бұрғы 6,6% өскен. Қызметтер секторына келсек, 2025 жылы тұрғын үй-коммун­ал­дық қызметтер саласындағы суық су тарифтері 13,1% төмендеге­ні­мен, аяқкиім жөндеу – 10,1%, пош­­та қызметтері – 8,9%, авто­сақ­тандыру 6,5% өскен. Өңірлер арасында Алматы қаласы мен Қостанай облысында жылдық инфля­ция деңгейі салыстырмалы түрде төмен – 11,7%, ал Абай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында 11,8% деңгейінде тір­келген.

Осы деректердің барлығы елдегі баға саясатының әлдеқайда терең талдауды қажет ететінін көр­сетеді. Бағаны тек мәжіліс зал­дарында немесе есептерде емес, шынайы өмірде тұрақтан­дыру мәселесі күн тәртібінен түспеуге тиіс. Бұл тұрғыда мен жергілікті атқарушы органдарға ауыл шаруа­шылығы өнімдерін өндірушілер мен ірі сауда орындарын тікелей беттестіруді ұсынар едім. Шаруа­лар өнімін тікелей сата алса, ал дүкендер делдалсыз сатып алса, баға тұрақтандыруға септігін ти­гізері анық.

Сонымен қатар Үкімет қойма­ларда сақталатын өнімдердің сапа­сына қатаң бақылау орнатуы керек. Температуралық режим, герметизация және қойма талап­тарының сақталуы – өнімнің өзін­дік құны мен соңғы бағасына әсер ететін маңызды фактор. Бұл бағытта талаптарды күшейту кеш­іктірілмеуге тиіс. Өйткені базар­дағы баға мәселесі – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін әлеуметтік-экономикалық индикатор. Сондықтан инфляция туралы есептер халықтың қалта­сы­мен сәйкес келгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткіздік деп ашық айтуымызға болады.

– Сіз Үкіметке жолдаған депут­ат­тық сауалыңызда нақты қандай ұсыныстар көтердіңіз?

– Депутаттық сауалда мен бір­неше нақты мәселені көтердім. Біріншіден, экспортқа шектеу енгізу туралы ұсыныс қандай эко­номикалық және статистикалық есептеулерге негізделгенін сұра­дым. Яғни, ішкі нарықтың қажет­тілігі, қолда бар қорлар туралы нақ­ты қандай деректер пайда­ла­нылды, олардың дұрыстығына қай орган жауапты – осының барлығы ашық айтылуы тиіс деп есептеймін.

Екіншіден, баға өсімі жалғас­қан жағдайда экспортты әкімші­лік жолмен шектеудің тиімділігіне күмән бар екенін атап өттім. Сол себепті «сауда үстемесін реттеу», «логистиканы оңтайландыру» және «тұрақтандыру қорлары ар­қы­лы сатып алу» сияқты жүйелі тетіктерді қолдану мүмкіндігі қа­рас­тырылды ма, қарастырылса оның нәтижесі қандай болғанын нақтылау қажет болды. Себебі өнім өндірушілерге шектеу салу – ең соңғы және уақытша шара болуы керек.

Үшіншіден, ішкі нарықты кепілдендірілген көлемде өніммен қамтамасыз етіп, артық өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін, нақты әрі түсінікті модель қажет екенін айттым. Ауыл шаруа­шы­лығы саласында жұмыс істейтін шаруалар алдын ала жос­парлай алуы үшін ойын ере­желері өзгермей, тұрақты болуы шарт. Менің ұстанымым біреу: мемле­кетке қажеті – бірреттік тыйымдар мен шектеулер емес, тұрақты және болжамды ереже­лер. 

Сұхбаттасқан

Кәмила ДҮЙСЕН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:238
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 05:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

15 Шілде 2026 23:20see141

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see117

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see116

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see116

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see114

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

15 Шілде 2026 17:44see114

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see114

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

15 Шілде 2026 21:04see113

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

14 Шілде 2026 18:55see113

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

15 Шілде 2026 16:13see113

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see113

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

15 Шілде 2026 16:19see112

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see112

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see112

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see112

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

15 Шілде 2026 15:54see110

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

15 Шілде 2026 12:32see110

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

15 Шілде 2026 19:30see110

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

16 Шілде 2026 12:55see108

Айына 2 ден 3,4 миллион теңгеге дейін Еңбекмині ең табысты бос жұмыс орындарын атады

15 Шілде 2026 17:46see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары