Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ирактағы топ АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал ұзақ соғысқа дайындалуға шақырды

Иран жауап соққыларын бастады: Таяу Шығыста жарылыстар тіркелді

Түркістан облысы тұрғын үй саны бойынша көш бастап тұр

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

Халық құрметтеген құтқарушылар

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз азаматтардың құқығының қорғалуы

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен : Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай тосын жазба жариялады (ФОТО)

Михаил Шайдоровқа ерекше сыйлық берілді

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

Nvidia ның жаңа чиптері ChatGPT дің жауап беру жылдамдығын өсіреді

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

Қанаты қайырылған құстар

Ұлықбек Тұмашинов, Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі: Агроөнімдерді дайындауды заман талабына сай жаңғырту керек

Ұлықбек Тұмашинов, Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі: Агроөнімдерді дайындауды заман талабына сай жаңғырту керек

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бұл жүйе фермердің табысын арттырып, делдалдарға тәуелділікті азайтып, өңірлердің дамуын теңестіруге мүмкіндік береді. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ұлықбек Тұмашинов осы бағыттың нақты тетіктерін түсіндіріп берді.

– Мал өнімдерін дайындау мен жеткізудің заманауи желісі деген ұғым­­ның өзіне тоқтала кетейікші. Бұл бастама ауылдық жерлердің дамуы­на қаншалықты серпін бере алады?

– Ауылдан қалаға дейін жететін азық-түлік пен малға қатысты ши­кізатты жинап, өңдейтін жүйені құру – ауыл өмірін жаңа заманға ла­­йықтап қайта құру деген сөз. Бұл – шынын айтқанда, өте үлкен, өте маңызды міндет. Егер Үкімет осы істі дұрыс жолға қойса, ел ішіндегі халықтың қалай қоныстанатынын тиімді реттей алады, өз бетімен жүріп жатқан ішкі көші-қонды сабасына түсіреді, шекара маңын­дағы елді мекендердің қаңырап қалуын тоқтатады. Сонымен қатар Қазақстанның ұлттық ерекшелігін, кең-байтақ жерін ескере отырып, жаңа форматтағы агроиндустрияны қалыптастыруға жол ашады. Мұн­дай жағдайда мемлекеттік аграр­лық саясатты жүргізу әлдеқайда жеңіл болары анық. Неге дейсіз ғой?

Біріншіден, ауылдағы ең үлкен түйткіл – өнімді өткізу мәселесі ше­шіледі. Өнімін өткізе алған ауыл­дың тұрмысы да, тіршілігі де жақсарады. Мал өсіру де, оның өнімдерін тапсыру да кәдімгідей дамитын кәсіпке айналады. Екін­шіден, осы уақытқа дейін ауылдағы шаруа мен қаладағы тұтынушының ортасында 30 жыл бойы тамыр жайып алған, негізгі пайданы өз­дері көріп отырған делдалдар жү­йе­сі не жойылады, не мемлекет рет­тей алатын қалыпқа түсіп, өз ер­кімен жаңа жүйеге бірігеді. Сон­да бақылау мемлекеттің қолында болады. Үшіншіден, еліміз азық-тү­лік қауіпсіздігін толық қамта­масыз етіп қана қоймай, шетелге ет экспортын да күшейте түседі. 

Сонымен қатар жалпы ішкі өнім­нің ішінде ауыл шаруашы­лығының, әсіресе мал шаруашы­лы­ғының үлесі артады. Шекаралық аудандардағы мәселелерді шешу де, ол жерлерде халықты тұрақ­тан­дыру да әлдеқайда жеңілдейді. Нә­тижесінде, ауылдардың әлеу­меттік жағдайы түзеліп, оларда да қаладағыдай жекеменшікке негіз­делген шағын мектептер, балалар бақшалары пайда болуы әбден мүмкін. Қысқасы, ауылдан қалаға дейін созылатын азық-түлік пен мал шикізаттарын дайындау жү­йесін қалыптастыру – стратегия­лық маңызды іс. Оның жанама пайдасы да өте көп, санай берсең таусылмайды. 

– Оған не себеп болды деп ойлайсыз?

– Оның да өзіндік себептері бар, әрине. Бұрынғы ұжымшар мен кеңшар жүйесі күйреп қал­ғаннан кейін, ауыл шаруашылығы ұзақ уақыт құлдырауға түсіп, со­ның салдарынан өңдеу кәсіп­орын­дары тоқтап қалды, жолдардың жағдайы нашарлады, ауылмен қа­тынас тіпті қиындап кетті. Әлеу­меттік-тұр­мыс­тық инфрақұрылым әлсіреп, жан-жақтан жетіспеушілік қысып, ауылдың тіршілігі тығы­рық­қа тірелді.

Ал қазір осы мәселені реттеуге қажетті алғышарттар біртіндеп қа­лыптаса бастады деуге толық негіз бар. Мал шаруашылығында жеке меншік толық орнықты. Соның арқасында үйір-үйір жылқы ұстап, жүздеп сиыр мен қой бағатын фер­мерлердің үлкен бір тобы пайда болды. Бүгінде Қазақстандағы төрт түліктің 45 пайызы осы фермер­лердің қолында.

Қалған малдың тағы 45 пайы­зын ауылдарда тығыз орналасқан үй шаруашылықтары ұстап отыр. Олар да тұрақты түрде жұмыс іс­тей­тін дайындау мекемелеріне мал тапсы­руға өте ынталы. Өйткені дәл осын­дай жүйенің жоқтығы фер­мерлерге де, қарапайым ауылдағы халыққа да кәдімгідей ауыр тиіп отыр. Елде шамамен 2 миллионға жуық үй шаруашылығы барын ескерсек, бұл кемінде 6-7 миллион ауыл тұрғы­нына ортақ проблема деген сөз.

Енді негізгі алғышарттарға ке­лейік. Мал басы жеткілікті: 2024 жы­лы ірі қара 8,3 миллион басқа жет­ті, қой-ешкі 20,9 миллион бол­ды, ал жылқы саны 4,1 миллионға жетті. Өсім де бар, мысалы 2025 жыл­дың қаңтарында мал шаруа­шылығы өнімінің жалпы индексі 104,1 пайыз болып, алдыңғы жыл­мен салыстырғанда өсім көрсетіп отыр. Экспортқа да сұраныс жо­­ға­ры, қазір отандық сиыр етіне сырт­қы нарық қызығып отыр. 2025 жылдың алғашқы жартысында ет экспорты 16,1 мың тоннаға дейін өсіп, 2,4 есеге артты. Мемлекет тарапынан да қадамдар жасалып жатыр, пайдаланылмай бос жатқан жайылымдар мен шабындықтар алынып, мал ұстап отырған адамдарға қайтарыла бастады.

– Өзіңіз білесіз, бұған дейін Мем­лекет басшысы агросекторды жаңғырту міндетін қойып, 2030 жылға дейін ауыл шаруашылығы өнімін екі есе көбейтуге тапсырма берген болатын. Бұл жүйе осы ме­жеге жетуге септігін тигізе ала ма?

– Ол мақсатқа жетудің бір жо­лы – тұрақты жұмыс істейтін осын­дай дайындау мекемелерін ке­ңінен ашу. Сонымен қатар мал өсі­рушілер мен асылдандырылған тұқымды ұстаушыларға, коопе­ра­тивтерге арзан несиелер, субси­диялар, салық жеңілдіктері сияқты қолдау шаралары қарастырылған. Ауылдарға жол мен көлік қатынасы жақсарып, инфрақұрылым дамып келеді, бұл да жүйені жолға қоюға жағдай жасайды.

Қазір елімізде ауылдардан қа­лаларға дейін мал шикізаты мен өнімдерін дайындайтын тізбекті мекемелерді құруға толық негіз бар. Ветеринариялық-санитария­лық талаптар заңмен бекітіліп, малды сою, шикізатты сақтау және қайта өңдеу объектілерінің қауіп­сіздігі мен сапасы қамтамасыз еті­леді. Бұл талаптар өнімнің сапа­сын арттырып, экспорттық әлеуе­тін көтеруге мүмкіндік береді.

Мал өнімдерін дайындау мен өңдеу инфрақұрылымын дамыту маңызды: сою пункттері, ет ком­бинаттары, сүт өңдеу зауыттары сияқты нысандарды ауылға жақын орналастыру арқылы шикізатты жоғалтпай, сапасын сақтап жеткі­зуге болады. Ет пен сүт өнімдерін тасымалдауда тоңазытқыш жүйе­лерін қолдану – сапаны қамта­масыз етудің негізгі шарты.

Жүйені жолға қоюдың бірнеше кезеңі бар. Біріншіден, құқықтық база: барлық өндіріс объектісі санитариялық нормаларға сай болуы, малдың шығу тегі мен ден­саулығы, ветеринариялық құжат­тары міндетті түрде тіркелуі керек. Екіншіден, технологиялық ше­шім­дер, яғни мамандарды арнайы оқу орындары дайындайды, олар жаңа әдістерді енгізіп, өндірістің тиімділігін арттырады. Үшіншіден, өңірлік кооперативтер арқылы фермерлердің өнімін жинақтап, бір орталықтан өңдеу және өткізу жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл ішкі нарықпен қатар халықаралық экспорттық бағыттарға шығуға мүмкіндік береді.

– Алғышарттарын айттық, ал сол жүйені қалыптастыруда қандай қиындықтар болуы мүмкін? Оларды шешудің нақты жолдары қандай?

– Иә, қиындықтар бар, бірақ олардың барлығы шешілетін мә­селелер. Мысалы, шағын ауылдар­да сою пункттері мен өңдеу за­уыттарының жоғы – бұл мәселені мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік негізінде шағын өңдеу ор­талықтарын ашу арқылы шешуге болады. Ветеринариялық бақылау әлсіз болса, цифрлық бақылау жүйесі арқылы (электронды мал паспорты, QR-код арқылы қада­ғалау) реттеледі. Нарыққа жеткі­зу­дегі шығындардың көптігі логис­ти­калық хабтар мен аграрлық клас­терлер арқылы азайтылуы мүм­кін. Қорыта айтқанда, елімізде мал шикізаты мен өнімдерін дайындау жүйесін жолға қою үшін заңнамалық талаптарды сақтау, өңдеу инфрақұрылымын дамыту, мамандарды даярлау және логис­тикалық тізбекті жетілдіру қажет. Бұл ауыл шаруашылығының тиім­ділігін арттырып, ауылдық аймақ­тардың экономикалық дамуына үлкен серпін береді.

– Өнімді дайындау мен жеткізу тізбегі нақты қалай жұмыс істеуі керек? Оның кезеңдері мен схема­сын түсіндіріп берсеңіз?

– Жүйе бірнеше деңгейден тұ­рады және әр деңгей нақты функ­цияны атқарады. Бірінші дең­гей – ауылдағы дайындау пункттері. Әр ауылда мал сою пункті болуға тиіс. Бұл жерде мал санитариялық та­лаптарға сай сойылады. Сүт қа­был­дау бекеттері фермерлерден сүтті жинайды, салқындатқышта сақтайды. Тері қоймалары теріні тұздап, консервілеп дайындайды. Әр өнім аудан ішіндегі коопера­тивке өткізіледі.

Екінші деңгей – кооперативтік орталық. Аудан кооперативтері ауылдардан өнімді жинап алады. Оларда үлкен тоңазытқыш қой­ма­лар, алғашқы өңдеу цехтары, май, сүзбе, кілегей шығаратын жаб­дық­тар болады. Өнімдер бір бренд­пен қапталады. Мысалы: «Зай­сан еті», «Қатон сүті» деген­дей. Бұдан соң рефрижераторлы көліктермен қа­ла­ға жеткізіледі. Жеткізу жиілі­гі­не келер болсақ, мәселен, сүт – күн­делікті немесе кү­нара,  ет – ап­та­сына 2-3 рет, ал тері – айына 1-2 рет.

Үшінші деңгей – қалалық өткізу жүйесі. Қалада әр ауданның фермерлік дүкендері жұмыс істей­ді. Жәрмеңкелер ұйымдас­ты­ры­лады. Қала тұрғындары WhatsApp/Telegram арқылы алдын ала тап­сырыс бере алады. Бұл – делдалсыз тікелей сату.

Осылайша, ауылдан қалаға де­йінгі тізбек толық бақыланады. Ве­теринариялық талаптар сақ­талады, өнімнің сапасы жоғалмай­ды, тұтынушыға тікелей жеткі­зі­леді. Ең бастысы – бұл жүйе аудан­аралық бәсекені күшейтіп, «қай өңірдің өнімі дәмдірек?» деген табиғи жарыс тудырады. Бұл өз кезегінде сапаны арттырады.

– Ал жылдар бойы өзектілігін жоймай келе жатқан делдалдар мәселесін қалай шешуге болады және бұл салаға қосымша қаржы көздерін тартудың тиімді жолдары қандай?

– Міне, бір айта кететін жайт – осы. Өйткені халықты ұзақ жылдар бойы шулатқан «делдалдар», шын мәнінде, хаостық жағдайда пайда болған еді. Енді осы стихиялы түрде қалыптасқан топты жаңа жүйеге тартуға болады. Мысалы, олар өз еркімен ауылдардан қа­был­дау пунктерін ашып, аудан­дық кооперативке кірсе, олардың қызметін толық бақылауға алу оңай. Бағаны өз бетінше белгілеу мүмкіндігі болмайды, барлығы кооператив тәртібімен жүреді. Ал өнім жинау, сұрыптау, тасымалдау тәжірибесі мен мүмкіндіктері кооперативке пайдалы болады.

Егер осы жүйені толық жолға қою үшін әр ауданға 300 миллион теңге қажет болса, бүкіл ел бойын­ша 51 миллиард теңге керек екен. Бәлкім, нақты есепте көбірек не­месе азырақ болуы мүмкін. Ма­ман­дар оны кейін нақтылап шы­ғады. Мемлекет үшін бұл аса үлкен қаражат емес. Оны мем­лекет пен жекеменшік әріптестік арқылы шешуге болады, сонда шығын азаяды. Біздің ойымызша, ең тиімді жолы – шетелге кеткен отан­дық олигарх капиталын тар­ту. Мысалы, «Инвесторлар капита­лын ауыл шаруашылығына тарту» атты жоба жасауға болады. Бұл жоба мемлекет пен ірі капитал иелері арасындағы ерікті келісімге негізделіп, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталады.

Жобаның мәні мынада: Қа­зақстан – ауыл шаруашылығында әлеуеті жоғары ел, бірақ инфра­құрылым жеткіліксіз, делдалдар жүйесі үстемдік құрғандықтан, ауылдағы табыс төмен. Ал елден тысқары жасырылған ірі капи­талдар экономиканы дамытпай отыр. Ұсыныс – осы қаржыны заң­ды түрде елге қайтарып, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға жұмсау. Бір сөзбен айт­қанда, ауыл шаруашылығы өнім­дерін дайындау желісін заман та­лабына сай жаңғырту – терең әлеу­меттік мәні бар эконо­ми­калық мә­селе. Егер жобаны де­путаттар, сарапшылар мен ма­мандармен ақылдасып, тиімді бизнес түрінде құратын болсақ, оның болашағы жарқын, өміршең болары анық.

Сұхбаттасқан 

Кәмила ЕРКІН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 08:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ирактағы топ АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал ұзақ соғысқа дайындалуға шақырды

27 Ақпан 2026 21:09see119

Иран жауап соққыларын бастады: Таяу Шығыста жарылыстар тіркелді

28 Ақпан 2026 19:38see116

Түркістан облысы тұрғын үй саны бойынша көш бастап тұр

27 Ақпан 2026 20:37see112

Малтон неге мәдениет үйінен қуылды?

28 Ақпан 2026 02:37see112

Халық құрметтеген құтқарушылар

28 Ақпан 2026 14:13see111

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

28 Ақпан 2026 15:41see110

Алматы облысында браконьерлік пен заңсыз қару сақтау бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды

28 Ақпан 2026 17:30see110

Жаңа Конституция ережелерін талқылады

28 Ақпан 2026 03:53see108

IBF шешімі алдағы күндері жариялануы мүмкін Жәнібек Әлімханұлының менеджері

28 Ақпан 2026 14:28see107

Айдос Сарым: Азаттық дегеніміз азаматтардың құқығының қорғалуы

28 Ақпан 2026 14:28see107

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

28 Ақпан 2026 15:18see107

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

01 Наурыз 2026 09:55see107

Тірі жүргенімізді көре алмайтындар да бар екен : Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай тосын жазба жариялады (ФОТО)

28 Ақпан 2026 16:31see106

Михаил Шайдоровқа ерекше сыйлық берілді

28 Ақпан 2026 01:43see106

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

28 Ақпан 2026 14:05see105

Nvidia ның жаңа чиптері ChatGPT дің жауап беру жылдамдығын өсіреді

28 Ақпан 2026 14:34see105

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

01 Наурыз 2026 10:48see105

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

01 Наурыз 2026 11:58see104

Алматы әкімі Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

28 Ақпан 2026 20:45see103

Қанаты қайырылған құстар

28 Ақпан 2026 02:37see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары