Жанарбек Әшімжан, Құрылтай депутаты, Әділет партиясы фракциясының мүшесі: Тарихи жауапкершілікті терең сезінуге үндейді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Мемлекет басшысының бұл жолғы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздегі конституциялық реформалар мен саяси жаңғырулардан кейін жолдануымен құнды екенін баса айту керек.
Бұл Жолдау Қазақ елінің алдағы даму бағдарын айқындап, тарихи жауапкершілігімізді терең сезінуге үндейді.
Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы қарсаңында жарияланған бұл Жолдаудың мәні ерекше. Себебі бүгінгі міндет – қол жеткізген жетістіктерді еселеу ғана емес, келер ұрпаққа технологиялық тұрғыдан дамыған, экономикасы қуатты, әлеуметтік мүмкіндіктері тең әрі заң үстемдігі орныққан мемлекетті аманаттау.
Президент атап өткендей, күрделі геосаяси жағдайда ел егемендігін нығайтудың басты шарты – ішкі тұрақтылық, қоғамдық келісім және жүйелі еңбек. Бірлік пен тәртіп жоқ жерде тұрақты даму да болмайды. Сондықтан елдің болашағы әрбір азаматтың жауапкершілігіне, мемлекеттік институттардың тиімділігіне және қоғамның ортақ мақсат жолында жұмыла білуіне байланысты болмақ.
Осы тұрғыдан алғанда, «Халықтық құрылыс» жобасының маңызы зор. Инфрақұрылымды жаңғырту, шалғай елді мекендерде мектептер, медициналық, мәдениет және спорт нысандарын салу, жолдарды жөндеу, ауызсу мен газ жеткізу – халықтың тұрмыс сапасын арттыратын нақты қадамдар. Сонымен бірге бұл бастама жаңа жұмыс орындарын ашып, отандық өндіріс пен кәсіпкерліктің дамуына серпін беруге тиіс. Мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуы, жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы – басты талап.
Экономикалық дербестікті нығайту үшін шикізатқа тәуелділіктен арылып, өңдеу өнеркәсібін дамытуға, қосылған құны жоғары өнім өндіруге басымдық беру қажет. Ауыл шаруашылығына жасанды интеллект пен су үнемдеу технологияларын енгізу, өнімді терең өңдеу және логистиканы жетілдіру де азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл еңбеккерлерінің табысын арттыруға мүмкіндік береді. Ал әділ бәсеке мен кәсіпкерлікті қолдау инвестиция тартудың және экономиканы өркендетудің маңызды шарты болмақ.
Жасанды интеллект пен цифрландыру – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі құралдардың бірі. Озық технологияларды өндіріс пен мемлекеттік басқаруға енгізу еңбек өнімділігін арттырып, шешім қабылдау сапасын жақсартады. Дегенмен технологиялық жаңғыру білім мен ғылымды дамытумен қатар жүруге тиіс. Білікті маман даярлау, адами капиталға инвестиция салу – болашақ табыстың берік негізі.
Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету де күн тәртібіндегі маңызды міндет. Халықтың нақты табысын арттыру, инфляцияны тежеу, медициналық көмектің сапасын жақсарту, мұғалім мәртебесін қорғау және мұқтаж азаматтарға атаулы қолдау көрсету реформалардың негізгі нәтижесіне айналуы қажет. Бұл ретте мемлекеттік басқаруды жетілдіру, бюрократияны қысқарту және заң талаптарын мүлтіксіз орындау айрықша маңызды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:65
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 05:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















