Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Ақмола облысында көлік өртенді

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

Әлеуметтік қолдау тұрақты қоғамның негізі

Әлеуметтік қолдау тұрақты қоғамның негізі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Шымкентте тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыру, әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың баспанаға қол жеткізуіне жағдай жасау бағытындағы жұмыстар қаланың әлеуметтік-демографиялық дамуының маңызды бөлігіне айналып отыр.

Әр шаңыраққа – тұрақтылық пен сенім 

Отбасының әл-ауқаты мен қоғамның тұрақтылығы бір-бірімен тығыз байланысты. Өз үйі бар отбасы болашаққа сеніммен қарап, балаларын тәрбиелеуге, білім алуына және тұрмысын жақсартуға көбірек мүмкіндік алады. Сондықтан тұрғын үй мәселесін шешу тек құрылыс саласына қатысты міндет емес, ол  әлеуметтік саясаттың, демографиялық дамудың және адам капиталына инвестиция салудың маңызды бағыты. Халық саны артып, тұрғын үйге сұраныс көбейіп келе жатқан Шымкент қаласында баспана мәселесін шешу әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отыр. Осы орайда қалада тұрғын үй құрылысын дамыту, жеңілдетілген бағдарламаларды іске асыру және азаматтардың жеке баспанаға қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Жуырда қалада тұрғын үймен қамтуға арналған екі бағыт бойынша кезекті іс-шаралар өтіп, барлығы 60 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Оның ішінде 30 отбасына сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй ұсынылды. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Баспана Асар-2 шағынауданындағы көпқабатты үйлерден берілді. Жаңа қоныс иелерінің қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар бар. Бұл санаттағы азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуының маңызы ерекше. Себебі тұрақты баспана отбасылық тұрмысты реттеуге, балалардың қажеттіліктеріне көңіл бөлуге және болашаққа сенімді жоспар құруға мүмкіндік береді.

Сатып алу құқығымен жалға беру тетігі азаматтарға тұрғын үйді бірден толық құнына сатып алмай, жалға алу арқылы кейіннен өз меншігіне өткізуге жағдай жасайды. Осылайша, баспанаға мұқтаж азаматтарға жеке тұрғын үйге қол жеткізудің қосымша мүмкіндігі ұсынылады.

Жеңілдетілген бағдарламалар – баспанаға қолжетімділік тетігі

Қалада «Отбасы банк» АҚ арқылы жүзеге асырылатын жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары да тұрғындарды баспа­намен қамтуда маңызды рөл атқарады. Кезекті іс-шара барысында тағы 30 отба­сына пәтер кілттері табысталды. Тұрғын үйлер Бозарық, Ақжайық және Асар-2 шағынаудандарында орналасқан. Азаматтар «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламаларына қатысып, төлем қабілеттілігі мен бел­гі­ленген талаптарға сәйкестігін растағаннан кейін пәтер сатып алды.

Баспаналы болғандардың арасында көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Бұл жеңілдетілген тұрғын үй тетіктерінің әртүрлі әлеуметтік топ үшін маңызын көрсетеді. Екі іс-шараның нәтижесінде 60 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. Әрине, бұл көрсеткіш қаладағы баспанаға деген жалпы сұранысты толық өтемейді. Дегенмен әрбір отбасының жеке үйге қол жеткізуі әлеуметтік қолдаудың нақты нәтижесі.

Отбасы құндылығы – қоғам тұрақтылы­ғының тірегі. Қазақ қоғамында отбасы әр­дайым ерекше орынға ие. Жас отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуы жеке өмірін жоспарлауға және бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге жағдай жасайды.  Сондықтан тұрғын үй саясатының нәти­жесін берілген пәтерлер санымен ғана бағалау жеткіліксіз. Оның шынайы тиім­ділігі отба­сылардың тұрмыс сапасының жақсаруынан, әлеуметтік осалдық тәуе­келдерінің төменде­уінен және бала­лардың қолайлы ортада өсуіне жасалған мүмкін­діктерден көрінуге тиіс.

Шымкенттің әлеуметтік-демо­гра­фиялық дамуы тұрғын үй құрылысымен қатар, жаңа шағынаудандардағы инфра­құрылымның сапасына да тәуелді. Бозарық, Ақжайық және Асар-2 аумақ­тарында тұрғын үй қорының кеңеюі баспанаға мұқтаж азаматтарға мүмкіндік беріп отыр.

Асар-2 шағынауданындағы сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлер қолда­ныстағы құрылыс нормаларына сәйкес салынып, инженерлік-коммуни­кациялық инфрақұрылымға қосылған. Бұл тұрғын­дардың қауіпсіздігі мен күнделікті тұрмыс қолайлылығын қамта­масыз ету үшін қажет. Сонымен бірге жаңа шағын­аудан­дардың толыққанды дамуы мектептер мен балабақшалардың, медициналық мекемелердің, қоғамдық көлік пен демалыс орындарының қолжетімді болуын талап етеді. Тұрғын үй құрылысы осы қажет­тіліктермен қатар жоспарланған жағдайда ғана адамдар үшін қолайлы өмір сүру ортасы қалыптасады.

Сондықтан Шымкентте тұрғындарды баспанамен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың басты мәні пәтер кілтін табыстаумен шектелмей, әр отбасы­ның сапалы өмір сүруіне жағдай жасау. Өйткені берік отбасы, қолайлы орта және ұрпақ болашағына деген сенім тұрақты дамзі.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:26
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 06:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see145

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see142

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see142

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see141

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see141

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see140

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see140

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see138

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see138

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see133

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see131

Көріпкел болып кетті : Ерболат Беделханның SuperStar KZ жобасындағы болжамы дәл келді

27 Қазан 2026 19:40see129

Ыстамбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісінде жаңа деректер белгілі болды

27 Қазан 2026 19:14see128

“Халықтық құрылыс“: Тоқаев жаңа инфрақұрылымдық жобаның атауын ұсынды

28 Қазан 2026 11:31see125

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see124

Қазақстанда бірден 7 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

27 Қазан 2026 14:44see123

Тоқаев 2027 жылдың соңына дейін жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды ұсынды

28 Қазан 2026 12:48see122

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see121

Алатауда инвестициялық сот құрылады Тоқаев

28 Қазан 2026 12:19see120

Сіздер не, тұтас бір қойды жеп қоясыздар ба? Бішкек мэрі шенеуніктің түскі асына аударылған ақшаға ашуланды

28 Қазан 2026 14:53see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары