Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Серілік құрып жүрген кезең еді... : Танымал әнші Сәкен Қалымов отбасындағы сұмдықты айтты (ВИДЕО)

Сауалнама: жыл несімен есте қалды?

Биыл Президент тапсырмасымен 141 мектеп ашылды

Қазақстан Ыстықкөлдегі жерді 49 жылға жалға алды

Салық амнистиясы туралы нені білу керек

“Айыппұл салмаймыз, бірақ...“ қазақстандықтарға мобильді аударымдарға қатысты ескерту жасалды

Щучинск қаласында мектептердің бірінде қазандық жарылды

Қазақстан Әзербайжанға мұнай экспортын үш есе арттырды

Құрылыстағы отандық өнімдер үлесі 70% ға жетті

Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер

Ғалымжан Кенжебек Ресейдің Ахмат футбол клубына ауысты

Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігітті пышақтап кетті

ШҚО да мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтің орнына спорттық сайыс өткізді

Қарашығанақ ГӨЗ құрылысы: ҚМГ мен Қытайдың CITIC компаниясы базалық қағидаттарды айқындады

Шымкентте бір үйдің 8 адамы уланып қалды

Елде темір өңдейтін байыту фабрикасы салынады

Ақтөбеде Жыл 12 ай кейіпкерлерінің мерекелік керуені өтеді

Әлеуметтік маңызы бар азық түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

Парламент Қазақстанның Құрылыс кодексін қабылдады

Барыс Амурдан ұтылып қалды

Айдарбек САПАРОВ: Ауыл шаруашылығы тұрақты даму негізі

Айдарбек САПАРОВ: Ауыл шаруашылығы тұрақты даму негізі

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие. Кейінгі жылдары бұл салада бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Әрине, шешімін күткен мәселелер де аз емес. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек САПАРОВПЕН сұхбаттасқан едік.

– Айдарбек Сейпілұлы, биылғы егін науқаны табысты аяқталып, қатарынан екінші жыл рекордтық өнім жиналды. Осындай нәтижеге қол жет­кізудің негізгі себебі қандай?

– Рекордтық өнімнің басты сыры – мемлекеттің қолдауы мен шаруалардың еселі еңбегі. Былтыр ел бойынша 26,7 млн тонна астық жиналса, биыл бұл көрсеткіш 27,1 млн тоннаға жетті. Майлы дақылдардан 4,8 млн тонна өнім алынып, жаңа рекорд тіркелді. Сонымен қатар, 428 мың тонна мақта теріліп, бұл кейінгі 18 жылдағы ең жоғары нәтиже болды.

Президент тапсырмасына сәйкес – ауыл шаруашылығына жеңілдетілген кредит түрінде көрсетілген мемлекеттік қол­дау көлемі биыл алғаш рет 1 трлн тең­геге жетті. Оның 750 млрд­ тең­гесі 5 пайыздық мөл­шер­ле­мемен көктемгі және күзгі науқанға ба­ғытталса, 250 млрд теңге техника алуға арналған лизингке бөлінді. Бұл шаралар шаруалардың тұ­­қым, тыңайтқыш, жанар-жағар­­май, техникамен толық қамты­луы­­на мүмкін­дік берді. Мәсе­лен, минералды тыңайтқыштар енгізу деңгейі алғаш рет ғылыми негізделген қажеттіліктің 56%-ын (1,8 млн тонна) құрады. Элиталық тұқым үлесі де 9,5%-дан 11,5%-ға дейін артты. Келесі жылы бұл көрсеткіштер одан әрі жақсарады деген үміт бар.

– Төрт жыл бұрын ауыл шаруашылығы техникаларының 90 пайызы тозған күйде болатын. Биыл бұл көрсеткіш 70 пайызға дейін төмендеді. Осы оң өзгеріс техника сатып алуға арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламасының жемісі деуге бола ма?

– Ауыл шаруашылығындағы техниканы жаңарту – қазіргі басты мәселенің бірі. Осыған байланысты министрлік үш қолдау тетігін ұсынады: сатып алынған техниканың 15–30%-ын инвестициялық субсидиялау, техниканы кредит немесе лизинг арқылы алу кезінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін жабу, сондай-ақ отандық техниканы жеңілдетілген лизингпен сатып алу. Биыл мемлекеттен бөлінген 1 трлн теңгенің 250 млрд-ы жеңілдетілген лизингке бағытталды, бұл былтырғы 120 млрд теңгеге қарағанда екі есе көп. Нәтижесінде, жыл басынан бері шаруалар 25 мың техника алған, оның 8,7 мыңы лизинг арқылы алынған, бұл техниканы жаңарту қарқынын 6,5%-ға дейін арттырды.

– Биыл қамбамыз астыққа толды. Ендігі міндет – оны сапалы түрде сақтап, тиімді бағамен өткізу. Бұл бағытта министрлік қандай іс-шараларды қолға алып отыр? Сондай-ақ экспорт бойынша алдағы жоспарлар қандай?

– Өндірілген астық көлемі ішкі қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеді және экспорттық әлеует сақталады. Өткен маусымда астық экспорты 13,4 млн тоннаны құрап, алдыңғы жылға қарағанда 47%-ға өсті. Экспорттық география 45-тен астам елді қамтиды. Биыл отандық астық Бельгия, Португалия, Польша, Норвегия, Ұлыбритания, Вьетнам, БАӘ, Марокко, Алжир, Египет сияқты елдерге жеткізілді. Сонымен қа­тар Иран, Әзербайжан, Армения, Грузияға да жеткізілімдер жа­ңар­тылды. Жаңа егіннен шамамен ­3,9 млн тонна астық экспортта­­лып, бұл өткен жылмен салыстыр­­ған­да 13,6%-ға артық. Жаңа мау­сым­да астық пен ұн экспорты 13 млн ­тонна деңгейінде сақталмақ.

– Экспорт туралы сөз қозғағанда, агрохабтар мен логистика туралы айтпасқа болмайды. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Қазіргі таңда ең өзекті міндеттің бірі – агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту», деді. Бұл бағыттағы еліміздің қазіргі жай-күйі қалай әрі алда қандай өзгерістер күтіп тұр?

– Министрлік Мемлекет бас­шысының Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-ша­ралар жоспарына сәйкес Сауда және интеграция министрлігі­­мен және басқа мүдделі орган­дар­­мен бірлесе жұмыс жүргізіп отыр. Қа­зі­р 5 трансшекаралық сау­да-логистика хабын дамыту қолға алынды: Жамбыл облысын­дағы Қырғызстанмен шекаралас индустриялық кешен, Түркістан облысындағы Өзбекстанмен шекарадағы «Орталық Азия» кооперация орталығы, Батыс Қазақстан облысындағы Ресей­мен шекаралас «Еуразия» транс­порттық орталығы, Маңғыстау облысындағы «Каспий торабы» және Жетісу облысындағы Қытай­мен шекарадағы «Қорғас торабы».

Агрохабтар азық-түлік баға­сын тұрақтандыруға, елдер арасын­дағы тауар айналымын жақсар­туға және инвестиция тартуға ықпал етеді, бұл өндірушілер мен экспорттаушыларға тиімді жағдай жасайды. Мысалы, Жамбыл облысындағы агрохабта майлы тұқымдар мен бидайды қайта өңдеу кешені, ауыл ша­руашылығы техникасы мен тыңайтқыштар зауытына инвес­торлардан өтінімдер түсті. Жетісу облысындағы «Қорғас торабы» маңында ауыл шаруашылығы жа­нуарлары мен балықтарға ар­налған құрамажем өндіретін кәсіп­орындар жұмыс істейді. Түркістан облысында Өзбекстан­ға экспортқа арналған мақта, кү­ріш және басқа да өнімдерді қай­та өңдеу жобасы жоспарланып отыр. Маңғыстау облысындағы «Кас­пий торабының» дамуы отандық астықтың ЕО мен Орталық Азияға экспортын арттырады.

– Президент Ауыл шаруа­шы­лығы еңбеккерлерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде «Терең өңделген өнім шығаруға басымдық беру қажет» деген еді. Тіпті келесі жылы өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу­ді міндеттеді. Сондай-ақ терең өңдеуге басымдық беру жайын да айтты. Міндет межесінен көріну үшін қайтпек керек?

– Бізде 2024–2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімін және тамақ өнеркәсібін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бар. Онда қайта өңдеуге тапсырылған ауыл ша­руашылығы өнімдерін, айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, жеңілдетілген кредиттер беру және ішкі нарықта отандық қайта өңделген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа нарық көздерін ашу арқылы қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуетін өсіру көзделген.

Ұлттық даму жоспарында бекітілген алты тауар бойынша (ет, сүт, майлы дақылдар тұқымы, күріш, жүгері, қарақұмық – ред.) 2024 жылы қайта өңделген өнім үлесі 40 пайыздың орнына 50 пайызды көрсетті. Биыл оны 55 пайызға жеткізу жоспарланған. Жоғарыда аталған бағытта жұ­мысты жетілдіру арқылы келесі жылы Президент жүктеген межені еңсереміз деп сенемін.

– Мемлекет басшысы мал шаруашылығын дамытуға ерек­ше назар аударуды да тапсырды. Қазір бұл сала бойынша арнайы жоспар әзірленіп жатқанынан хабардармыз. Осыған байланысты толығырақ тоқталып өтсеңіз, министрлік мал шаруашылығын дамыту үшін қандай қадамдарды қолға алмақ?

– Расында, қазақтың қанымен біте қайнасып, сүйегіне сіңген ата­кәсіпті дамыту бүгінде мемлекеттік саясаттың басымдығына айнал­ды. Бүгінде әзірленген кешенді жос­пар аясында мал шаруашылығын дамытудың бірқатар нақты іс-шараларын іске асыру көзделген. Мәселен, барлық жануар түрлері бойынша асыл тұқымды мал басын сатып алуға 6% мөлшерлемемен ұзақ­мерзімді жеңілдетілген кре­дит беру бағдарламасы жү­зеге асырылады. Екіншіден, игеріл­меген жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 6% мөлшерлемемен бірыңғай кредиттік өнім іске қосылады. Бұл құрал жайылым инфрақұры­лы­мын дамытуға бағытталған қо­сымша шығындарды қаржы­лан­­дыруға мүмкіндік береді. Атал­ған кредиттік өнімдерді табыс­ты іске асыру үшін «ДАМУ» қоры ар­қылы 85%-ға дейін кепіл­ден­­діру тетігін енгізуді жос­пар­лап отырмыз. Үшіншіден, са­ла­ны кадрлармен қамтама­сыз ету және мал шаруашылы­ғы қыз­мет­керлері үшін қажетті әлеу­мет­­тік жағдайларды қалып­тас­тыру жөніндегі шаралар пы­сық­­талып жатыр. Төртінші­ден, мал шаруашылығының бар­лық ба­ғыты бойынша айналым қа­ражатын толықтыруға ар­нал­ған 5%-дық жеңілдетілген несие­лен­діру жайы жолға қойылып отыр. Биылғы қыркүйектен бұл несие­лендіру бағдарламасы бор­­­да­қы­лау алаңдарына бағытта­лып ­­іске қосылды. Ендігі кезектегі ­не­гіз­­гі міндет – аталған бағдарла­ма­­­­ның ­аясын кеңейту. Қазір ­бұл про­­цес­терге қажетті есептер жүр­гізі­­ліп жатыр. Шығын­дар бел­гілі бол­­ған соң, құжат мүд­делі мем­ле­кет­­­тік органдармен келі­суге жолда­нады.

– Мал шаруашылығы туралы сөз болғанда, тері өңдеу мәселесі де назардан тыс қалмайды. Бүгінде ірі қара мен ұсақ мал терілерінің кәдеге жарамай, босқа рәсуа болуы алаңдатады. Осы түйткілді шешудің уақыты жеткен жоқ па? Министрлік бұл мәселені қалай реттеуді жоспарлап отыр?

– Дұрыс айтасыз, мал терісін кәдеге жарату мәселесі өте өзекті. Бүгінде республика бойынша жануарлар жүнін өңдеуде қуат­тылығы жылына 29 мың тонна­ны құрайтын 9 кәсіпорын, 3,3 млн дана ірі-қара мен 3,1 млн дана ұсақ мал терісін өңдейтін 12 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл, әрине, аздық етеді. Сондықтан қазір жүн-тері өндірісін жетілдіру мақсатында инвестиция тарту бағытында кешенді жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде, жуырда ғана Ақтөбе облысында «KazFeltec» ЖШС-ның алғашқы тоқыма емес материалдар және жүн өңдеу зауыты іске қосылды. Кәсіпорын жылына 2,2 мың тонна дайын өнім шығара алады. Жоба­ның инвестициялық құны – 5,3 млрд теңге. Сонымен қатар әр аймақтан тері қабылдау пункттерін ашу да қолға алынды. Бүгінде дәл осындай бірқатар инвес­торлар­мен келіссөз жүргізіліп жатыр. Тіпті инвестициялық жобалар­ды мемлекет тарапынан субси­диялау да көзделген. Сондай-ақ осы салаға бет алған кәсіпкер­лер­ге 2,5% мөлшерлемемен 10 жыл­ға дейінгі мерзімге кредит беру, техникалық жабдығын сатып алуға лизинг қарастыру бойынша шешім қабылданды.

– Ішкі нарықты отандық етпен қамтып, ет өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру да маңызды міндет екені анық. Ендеше, етті «қызыл алтынға» айналдыру үшін қандай нақ­ты қадамдар қажет? Бұл ба­ғытта отандық шаруалардың мүм­кіндігі қандай?

– Еліміздегі шаруалардың оған әлеуеті жетеді. Бүгінде шаруаларымыз ішкі нарықты сиыр, қой, жылқы етімен және жұмыртқа­мен толық қамтиды. Ал құс еті бо­йынша қамту деңгейі 79 пайыз­дан 82 пайызға жетті. Экспортта өсу ­динамикасы айқын сезіледі. Айталық, іргелес жат­қан Өзбекстанға 2024 жылы 17 мың тонна ет экспортталса, биыл бұл көрсеткіш 27 мың тоннаға жуықтады. Cол секілді Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай, БАӘ, Қатар, Грузия, Иран, Беларусь елдері­нен отандық етке деген сұраныс жоғары. Бүгінде осы өсімді тұрақ­ты сақтау мақсатында асыл тұқым­ды мал шаруашылығын дамыту, заманауи бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорында­рын іске қосу, цифрлық бақылау және ветеринариялық қауіпсіздік жүйелерін дамыту жолға қойылды.

– Ветеринария саласындағы мәселелер көптен бері көте­ріліп келеді. Бүгінде бұл бағыт­та нақты қандай жұмыс ат­қа­рылды? Саланы материал­дық-техникалық жабдықтау, ветеринар мамандардың жағ­дайын жақсарту, кадрлық әлеуетті арттыру бойынша алда қандай жоспар бар?

– «Дәрігер адамды, ветеринар адамзатты емдейді» деген сөздің өзектілігі артып келеді. Қазіргі жағдайда ветеринарлық қадағалаудың ұлт саулығы үшін маңызы зор. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында ветеринария саласы жаң­ғыр­тылуда. Кейінгі екі жылда 400 ветеринариялық нысан салынды, тағы 235 нысанның құрылысы жүріп жатыр. 892 арнайы авто­кө­лік алуға 3,4 млрд теңге жұмсал­ды. Алдағы екі жылда ветеринария­лық инфрақұрылымды нығай­ту­ға 66,2 млрд теңге бөлініп, 1049 мал қорымы, 72 станса мен 1278 пункт салынбақ. Сондай-ақ аса қауіп­ті ауруларға қарсы вакцинация нәтижесінде жануарлар ауруының ошақтары 51%-ға азайды.

Ветеринария саласын жетіл­діру аясында бірқатар маңызды шаралар атқарылып отыр. Халық­аралық сарапшылардың қаты­суымен жұмыс тобы құрылып, бруцеллез, аусыл және өзге де қауіпті ауруларға қарсы күрес тәсілдері қайта қаралуда. Сонымен қа­тар отандық екпе үлесі 34%-дан ­78%-ға дейін артты. Ветеринария­лық бақылауды күшейту үшін толық цифрлық қадағалау жүйесі енгізіліп, малдың туған сәтінен бастап, өнімнің тұтынушыға жеткенге дейінгі барысы автоматтандырылды. Экспортқа арнал­ған карантиндік бақылау да цифр­лық форматқа көшірілді. Зертханалық мүмкіндіктерді арттыру мақсатында 3,8 млрд теңгеге 70-тен астам қалдықты анықтай­тын 9 жоғары тиімді сұйықтық­тық хроматограф сатып алын­ды. Бұл – азық-түлік қауіпсіздігін халықаралық стандарттарға сай бақылауға мүмкіндік береді. Вете­ринар мамандардың басты мәселесі – еңбекақының аздығы. Оны жақсы білемін. Бұл түйткілдің түйінін тарқату мақсатында да кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір сала кадрларын қолдау мақсатына қосымша 22 млрд теңге қаржы сұратылды. Ол үшін тиісті заңнамаға да өзгеріс енгізіліп жатыр. Бұл жоспар жүзеге асса, 2027 жылдан бастап мамандардың жалақылары өседі.

– Қазір көптеген иннова­циялық технология арқы­лы заманауи фермалар салынып жатқанын жақсы білеміз. Демек, саланы цифрландыру үдерісін жалғастыруда қандай жаңашылдықтар шаруалардың жұмысын жеңілдетеді?

– Саланы цифрландыру тек шаруалардың жұмысын жеңіл­детіп қоймай, шығынды азайтып, өнімділікті арттыруға жол ашады. Сондықтан Мемлекет басшысы Жолдауда цифрлық технологиялар мен жасанды ин­теллектіні енгізуді тапсырды. Қазір мұндай шешімдерді қолданатын ауыл шаруашылығы өндірушілерінің саны 600-ден асты. Өсімдік шаруашылығында GPS-навигация, дрон, сенсор және аналитикалық платформаларға негізделген дәлме-дәл егіншілік жүйелері енгізіліп жатыр. Бұл егіс жұмысын автоматтандырып, тыңайтқыш пен өсімдікті қорғау құралдарын тиімді әрі үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Цифрландыру мал шаруа­шылығына да енгізіліп жатыр. Мәселен, азықтандыруды, жа­нуарлардың денсаулық жағдайын, микроклиматты және табынның өнімділігін басқару процестері қазір автоматтандырылып келеді.

Елімізде 104 заманауи сүт-тауарлы фермасы мен 30-дан аса бордақылау алаңында IT-жүйелер енгізілген. Онда жануарлардың өмірлік көрсеткіштерін автоматты түрде мониторингілеу, азықтандыру мәзірін реттеу жүзеге асырылуда. Бұл технологиялар өнімділіктің артуына және өнім сапасының жақсаруына ықпал етеді.

Ауыл шаруашылығы өнім­дерін қайта өңдеуде де өндірістік процестерді басқарудың автомат­тандырылған жүйелері енгізіліп жатыр. Бүгінде елімізде 200-ден астам кәсіпорын смарт-ферма санатына жатады. Онда дәлме-дәл егіншіліктен бастап, деректерді интеллектуалды талдауға дейінгі цифрлық шешімдер кешенді түрде қолданылады. Цифрландыру деңгейі жоғары өңірлер – Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Павлодар және Қостанай облыстары. Бұл аймақтарда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуде автоматтандыру мен цифрлық технологияларды қолдану тұрақты тәжірибеге айналған. Алдағы мақсат – толық цифрландырылған агроөндіріске кезең-кезеңімен көшу.

– Дамуды ғылым-білімсіз елес­тету мүмкін емес. Агросала­дағы ғылымда нендей жетістік­тер бар?

– Шын мәнінде, агроөнер­кәсіптік кешеннің тұрақты да­муының маңызды факторлары­ның бірі – ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету. Қазір аграрлық ғылымның көрсеткіштері алдың­ғы қатарлы агротехнологиялар­ды қолданатын шаруашылықтар­дан артта қалып келеді. Мұның бір­неше себебі бар. Біріншіден, аграр­лық ғылымды қаржыландыру жүйесі әлсіз әрі уақтылы емес. Дамы­ған елдер ауыл шаруашылығы­ның жалпы өнімінен ғылыми зерттеулерге 1%-дан 3%-ға дейін қаржы бөледі, ал елімізде бұл көрсеткіш 0,3%–0,4%-ды құрайды. Соның салдарынан бүгінде ғимараттар мен құрылымдар 85%-ға, техника 70%-ға, зертханалық жабдықтар 66%-ға ескірген. Сәйкесінше, кадр­лар тұрақтамайды. Қазір ғылыми зерттеулердің өндіріске енгізілу үлесі 22%-ды құрайды, ал 2030 жылға дейін 40%-ға жеткізу жос­парда. Мысалы, АҚШ-та бұл көрсеткіш 50–60%, Еуропалық одақта 40–55%, Қытайда 45–50%, ал Израильде 70%-ды құрайды.

2030 жылға дейін аграрлық ғылымды қаржыландыру көле­мін ұлғайту көзделіп отыр. 2026 жылғы республикалық бюджетте материалдық-техникалық базаны жаңарту үшін 16,8 миллиард теңге қарастырылды.

Сондай-ақ С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық зерт­теу университетінің базасын­да 2025 жылдың соңына дейін агро­өнеркәсіп саласындағы алғашқы аймақтық технопарк құрылмақ. Бұл технопарк стартаптар мен ша­ғын бизнеске ғылыми және технологиялық қолдау көрсететін болады, сол арқылы органикалық ауыл шаруашылығын дамыту үшін ерекше экожүйе қалыптасады. Аталған мақсатта «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС базасында өндірістік-технологиялық бөлім құрылып, еуропалық стан­дарттарға сәйкес органикалық өндіріс талаптары­на сәйкестігі расталды.

2025 жылы қазанда еліміздегі алғашқы агроэкологиялық-кли­мат­тық карбонды полигон ашылды. Полигон заманауи құрал-жаб­дықтармен жабдықталған. Бұл экожүйе жағдайларына жыл бойы мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

– Ауыл шаруашылығы саласында еңбек күші тапшылығы жиі көтерілетін мәселеге айналды. Әсіресе қожалық иелері малшы сияқты мамандар­дың жоқтығын айтып дабыл қағып отыр. Бұл түйткілді шешу үшін министрлік қандай нақты қа­дамдар жасап жатыр?

– Бұл – өте өзекті әрі күн тәр­тібіндегі мәселе. Себебі қыты­мыр қыстың аязында, жаздың аптап ыстығында мал соңында жүру – еріккеннің ермегі емес. Тіпті жануарларды ұры-қарыдан, түз тағысынан қорғау қажет. Бұл – ерлікке пара-пар еңбек. Осындай бейнетті жұмысқа жастар бармай­ды десем, қателік емес шығар. Мұ­ның басты себебі – шопандардың әлеуметтік жағдайының төмен­дігі, мамандыққа деген теріс көзқа­рас. Осынау олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 2026–2030 жылдарға арналған мал ша­руашылығы саласындағы агро­бизнесті қолдау және дамыту жө­ніндегі Кешенді жоспардың жобасы әзірленді. Онда шопандар мен малшылардың балаларына тегін жоғары білім беру, отар бағатын малшыларды ынталандыру жәрдемақысын енгізу, шопандардың балаларына тегін тамақпен, көлікпен қам­ты­латын мемлекеттік интернаттар салу, олардың зейнеткерлік жа­сын өзгерту мәселесі қаралып, малшы, сауыншы және тракторшы-механизатор мамандықтары­ның беделін арттыру, шопандар мен малшылардың балаларын әске­ри қызметтен босату секілді бір­қатар нақты мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылып жа­тыр. Аталған шараларды іске асыру саладағы кадрлық мәселелерді кешенді шешуге мүмкіндік береді.

– Биыл Президенттің қо­лы­нан механизатор, трактор­шы, сауыншы сынды қара­пайым ең­бек адамдары жоғары мемлекет­тік наградалар алды. Көпшілік бұл қадамды ауыл ең­беккерлеріне деген шынайы құрметтің белгісі деп қабыл­дады. Осы игі бастама алдағы уақытта да жалға­сын таба ма?

– Президент Ақмола облысы фермерлерімен кездесуінде: «Агрофорум өткізу дәстүрге айналады. Жыл сайын жиналып, агросаладағы қордаланған мәселелердің шешімін бірге іздейміз», деп нақты айтты. Шын мәнінде, ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген әр адам – диқан, малшы, механизатор не сауын­шы болсын – құрметке лайық. Бұл – саяси тұрғыдан да, адами тұрғыдан да әділетті шешім. «Ке­лісіп пішкен тон келте болмас» демекші, тәжірибелі еңбек адамымен бетпе-бет пікірлесіп барып қабылданған шешім қоғам үшін әрдайым тиімді болмақ. Еңбек адамдарына құрмет бір жылмен шектелмей, тұрақты дәстүрге айналары сөзсіз.

Әңгімелескен –

Қуат ӘУЕСБАЙ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:34
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 10:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Серілік құрып жүрген кезең еді... : Танымал әнші Сәкен Қалымов отбасындағы сұмдықты айтты (ВИДЕО)

28 Желтоқсан 2025 19:26see108

Сауалнама: жыл несімен есте қалды?

28 Желтоқсан 2025 16:34see108

Биыл Президент тапсырмасымен 141 мектеп ашылды

29 Желтоқсан 2025 17:31see107

Қазақстан Ыстықкөлдегі жерді 49 жылға жалға алды

29 Желтоқсан 2025 10:48see106

Салық амнистиясы туралы нені білу керек

29 Желтоқсан 2025 19:22see105

“Айыппұл салмаймыз, бірақ...“ қазақстандықтарға мобильді аударымдарға қатысты ескерту жасалды

29 Желтоқсан 2025 12:02see105

Щучинск қаласында мектептердің бірінде қазандық жарылды

29 Желтоқсан 2025 15:49see104

Қазақстан Әзербайжанға мұнай экспортын үш есе арттырды

29 Желтоқсан 2025 11:12see104

Құрылыстағы отандық өнімдер үлесі 70% ға жетті

29 Желтоқсан 2025 08:33see104

Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер

28 Желтоқсан 2025 16:02see103

Ғалымжан Кенжебек Ресейдің Ахмат футбол клубына ауысты

28 Желтоқсан 2025 23:48see103

Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігітті пышақтап кетті

28 Желтоқсан 2025 23:49see103

ШҚО да мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтің орнына спорттық сайыс өткізді

28 Желтоқсан 2025 17:10see102

Қарашығанақ ГӨЗ құрылысы: ҚМГ мен Қытайдың CITIC компаниясы базалық қағидаттарды айқындады

29 Желтоқсан 2025 18:46see102

Шымкентте бір үйдің 8 адамы уланып қалды

29 Желтоқсан 2025 12:13see102

Елде темір өңдейтін байыту фабрикасы салынады

29 Желтоқсан 2025 22:17see101

Ақтөбеде Жыл 12 ай кейіпкерлерінің мерекелік керуені өтеді

30 Желтоқсан 2025 04:37see101

Әлеуметтік маңызы бар азық түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

29 Желтоқсан 2025 23:13see101

Парламент Қазақстанның Құрылыс кодексін қабылдады

29 Желтоқсан 2025 11:29see100

Барыс Амурдан ұтылып қалды

28 Желтоқсан 2025 16:30see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары