Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Бордақылау алаңдарын жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды

Бордақылау алаңдарын жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Агробизнес» ауқымды бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Бордақылау алаңдарын қаржыландыру» шағын бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. Аталған бастама 2025 жылдан бері іске асырылып келеді және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Қаржыландыру коммерциялық қаражат есебінен жүзеге асырылады, ал сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5% деңгейінде белгіленген. Несие мерзімі – 12 айға дейін.

Қаражат айналым қаражатын толықтыруға бағытталады. Қарыз сомасының кемінде 70%-ы кейіннен бордақылау үшін ірі және ұсақ мал төлін сатып алуға жұмсалуы тиіс.

Фермерлер ілеспе шығыстарға (30%-ға дейін) жемшөп, жанар-жағармай материалдарын, жемшөп дайындайтын және тарататын техникаларға арналған қосалқы бөлшектерді, сондай-ақ жануарларды сәйкестендіруге арналған чиптер мен сырғаларды сатып алуға қаржы бағыттай алады.

Қаржыландыру Аграрлық несие корпорациясы филиалдары арқылы тікелей, сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарын қорландыру арқылы қолжетімді.

Бағдарламаға қатысу үшін бордақылау алаңдарына ең төменгі қуат бойынша нормативтік талаптар қойылады: ІҚМ бордақылау алаңының сыйымдылығы кемінде 500 бас, ал ҰМ үшін кемінде 1000 бас болуы қажет.

Қарыз алушының ауыл шаруашылығы басқармасында тіркелген есептік нөмірі, экологиялық қорытындысы болуы және серуендету мен азықтандыру аймақтарының, желден қорғаныс жүйесінің, жылытылатын суаттардың, карантин алаңы мен сумен жабдықтау жүйесінің болуына қатысты техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Аграрлық несие корпорациясы мемлекеттік қаражаттың ашық әрі тиімді пайдаланылуына ерекше назар аударады.

«Бордақылау алаңдарын қаржыландыру бағдарламасы – ішкі нарықты сапалы етпен қамтамасыз етуге және нарықтағы бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік беретін жедел әрекет ету құралы. Біз фермерлердің қымбат нарықтық қаржыландыру көздерін іздеуге алаңдамай, мал мен жемшөпті жедел сатып алуына жағдай жасау үшін қаржыға қолжетімділікті барынша жеңілдеттік», – деп атап өтті АКК өкілдері.

Кеңес алу және өтінім беру үшін фермерлерге бизнес жүргізетін өңірі бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік филиалдарына жүгіну қажет.

Бағдарлама шарттары туралы толық ақпарат agrocredit.kz ресми сайтында және 1408 Call-орталығы арқылы қолжетімді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Мамыр 2026 14:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары