Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Астана тиімді мемлекеттік басқару үшін ерекше мәртебеге ие болады Парламент елорда мәртебесі туралы заңды мақұлдады

Астана тиімді мемлекеттік басқару үшін ерекше мәртебеге ие болады Парламент елорда мәртебесі туралы заңды мақұлдады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»  конституциялық заңды бірінші оқылымда мақұлдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің айтуынша, Астана – бүгінде  әкімшілік орталық қана емес, еліміздің саяси басқару, экономикалық белсенділік, инвестициялық тартымдылық, сондай-ақ қоғамдық даму үдерістерінің негізгі шоғырланған орталығы.

– Елорданың қарқынды дамуы, халық санының тұрақты өсуі, оның ішінде урбанизация процестерінің күшеюі өз кезегінде құқықтық және басқарушылық тетіктерді одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы әзірленді. Конституциялық заң жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері – астананың ерекше мәртебесін айқындау, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыру.

Заң жобасымен мәслихат пен астана әкімдігінің өкілеттіктері нақтыланып, жүйеленеді. Атап айтқанда, астана мәслихаты мен әкімдігіне сәулет және қала құрылысы, жол қозғалысы, халықты әлеуметтік қорғау, экология, туризм, коммуналдық меншікті басқару және т.б. негізгі құзыреттер беріледі.  Мәслихат пен әкімдіктің құзыреттері жоғарыда аталған түзетулермен ғана шектелмейді, өзге де салалық заңдарда көзделген құзыреттері сақталады. Бұл ретте, қала маңы аймағының көлемі мен шекарасы және оны пайдалану тәртібі, қала және облыс мәслихаттары мен әкімдіктерінің бірлескен ұсыныстары бойынша Үкіметпен белгіленеді, – деді ол.

Сонымен қатар  Бауыржан Омарбеков астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, арнаулы трассаларды және автомобиль жолдарын санитариялық тазарту, туризмді дамыту, сондай-ақ жер мәселелерін реттеу бойынша тиісті ұйымдардың құқықтық мәртебесі айқындалатынын жеткізді.

– Астанада көлік инфрақұрылымын басқару, жол жүрісін ұйымдастыру және қаланың автотұрақ кеңістігін реттеу функциялары Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы арқылы жүзеге асырылатын болады. Астананың орманды саябақ аймағы – қала аумағы шегіндегі қорғау, сауықтыру және рекреациялық функцияларға арналған жерлері. Оның шекараларын белгілеу және өзгерту Астана әкімдігінің ұсынуы бойынша Үкіметпен жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ аймақтың экологиялық жағдайына теріс әсер ететін кез келген қызметті жүзеге асыруға тыйым салу көзделеді, Астанада көлік инфрақұрылымын басқару, жол жүрісін ұйымдастыру және қаланың автотұрақ кеңістігін реттеу функциялары Жол жүрісін ұйымдастыру орталығы арқылы жүзеге асырылатын болады, – деді Бауыржан Омарбеков.

Ұлттық экономика вице-министрі сонымен қатар заң жобасында астананың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыруға ерекше назарда екенін айтты. Осыған байланысты дизайн-код талаптары ғимараттарға, жол желісіне, жарнама мен сыртқы безендіру элементтеріне қолданылады. Құрылыс, реконструкциялау және абаттандыру жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

– Аталған мәселелерді үйлестіру мақсатында Сәулет-қала құрылысы кеңесін құру жоспарлануда. Кеңес сондай-ақ қаланың және оның маңындағы аймақта сәулет-қала құрылысы мен көркемдік келбеті бойынша жобаларды қарастыратын болады. Бұл бірыңғай қала құрылысы саясатын іске асыруға, елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз етуге және заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Заң жобасын қабылдау астананың елдегі саяси, әкімшілік және экономикалық орталық ретінде ерекше рөлін айқындауға мүмкіндік береді, – дейді ол. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Мамыр 2026 14:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары