Әсет Наурызбаев, энергетика саласының сарапшысы: Күн мен желдің қуаты мол
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Өйткені елдің оңтүстігінде көптеген газ стансасы іске қосылып жатыр. Кейбірі кестеден кешігіп келеді. Дегенмен келісімшарттың орындалуына қарай іске қосылары сөзсіз.
Ол болмаған жағдайда алдағы үш жылда тапшылықты жоюдың жалғыз жолы өңірлерде көптеген күн және жел энергиясы стансасын салу керек. Мұндай стансалар әртүрлі өңірде орналасқаннан кейін бір-бірін толықтырып отырады. Ол банктегі депозит сияқты, көп болған сайын әрдайым қалдық қалып отырады.
Ал қазіргі қолданыстағы электростансаларды жаңғыртуға болады деген ой бар, егер онда жаңартатындай мүмкіндік болса. Мәселен, әйгілі Екібастұз ЖЭО-сы әбден ескіргендіктен, оны жаңғыртудың мәні қалмады. Негізгі критерий – сағатына қанша киловатт өндіретіндігінде. Егер жөндеп-жасқап болғаннан кейін өндірілетін киловатт қымбатқа түсетін болса, онда қажеті жоқ.
Оның қасында күн электростансалары жазда жақсы көмек берсе, жел электростансалары жыл бойы өндіріп тұра алады. Айта кетерлігі, электр энергиясы қыста жылыту маусымына байланысты ЖЭО-ларда көп өндіріле бастайды. Ол әлгі өндірісі азайған күн стансаларының көрсеткішін толықтырып отырады.
Бізде ЖЭО-лардың өтпелі кезеңі – негізгі стратегиямыз болып қала береді. Өтпелі кезең деп отырғанымыз – қазба отын түрінен жаңартылатын энергия көздеріне ауысу. Қазақстан халықаралық міндеттемелерді мойнына алғаннан кейін Президент қол қойған құжат бойынша, 2060 жылға дейін ЖЭК-ке толық ауысуымыз керек.
Енді бір 30 жылдан кейін электр энергиясын сақтайтын арзан технологиялар пайда болады. Жаздағы ыстықтың бәрі қыста электр энергиясы мен жылу өндіруге жұмсала бастайды. Сайып келгенде ол уақытта энергетиканың мүлде басқа картинасын көреміз.
Еліміздің территориясының жартысы – жазықты жер. Бұл күн және жел электр энергиясы стансаларын салуға өте жақсы мүмкіндік. Оның қасында атом электр стансаларының энергиясы тұтынушы үшін әлдеқайда қымбатқа түседі. Сондықтан оны дата-орталықтар пайдаланып, ал күн мен желдің электр қуатын қарапайым халық тұтынса, осы әлдеқайда әділетті болар еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 05:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















