Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әділет партиясы: Өндіріс дамыса, адамдар тұрақты жұмыспен қамтылады

Қазақстандықтар қанша ет, нан және картоп тұтынады

​Атырау облысының жастары Ақшолақовқа өз сұраныстарын жеткізді

Павлодардағы психикалық денсаулық орталығы желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Нетаньяху мэрдің оны тұтқындау туралы үндеулеріне қарамастан Нью Йоркке барады

Ауыл партиясы әйелдердің саясаттағы рөлін талқылады

АҚШ тұрғыны лотереядан 800 миллион доллар ұтып алды

Күйеуге шығуға асықпаңыздаршы : Айгүл Иманбаева қыздарға кеңес берді (видео)

30 шілдеде еліміздің орман қоры аумағында 6 орман өрті тіркелді

Respublica партиясы әйел еңбегі бағаланған өндіріс орнына барды

Перзентхананың аумағында той тойлауға рұқсат бермесе екен... : Жазира Байырбекова өтінішін жеткізді

Ақмола облысында 20 жастағы жігіт суға секіремін деп көз жұмды

Жұлыны үзілген : Алакөлде гидроцикл мініп, ажал құшқан марқұмның туыстары әділдік іздейді

Арқа спортының адымы

Алматыда заманауи онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр

Жады мықты ұлт ұтылмайды

Басылымда бас қосқан жастар

Жаңа оқу жылында оқушылар қанша күн демалады?

Атырауда қоқыс пен масаға толы канал толық жаңғыртылады

Қазақстан шетелдік студенттерге 550 грант бөлді

Жансая Ғаниқызы, туризм саласының сарапшысы, инфлюенсер: Туризмде сапаға жұмыс істеуіміз керек

Жансая Ғаниқызы, туризм саласының сарапшысы, инфлюенсер: Туризмде сапаға жұмыс істеуіміз керек

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Туристер ең көп келетін елдердің қатарында Қытай, Үндістан, Түркия, Германия және Оңтүстік Корея көш бастап тұр. Одан өзге, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 66-орыннан 52-орынға көтерілген. Біз жақында Қазақстандағы туризмнің қазіргі ахуалы туралы сарапшы Жансая Ғаниқызымен тілдескен едік. 

– Жансая Ғаниқызы, қазір ше­т­елге сапар жоспарлаған кез келген туристің алғаш болып мән беретіні – елдегі қауіпсіздік. Осыған дейін көбі Азиядағы қауіпсіздігі жоғары деген Таяу Шығыс елдерін жиі таң­дайтын. Бірақ бүгінгі геосаяси ахуалға байланысты олар да бағытын өзгерте бастады. Осы тұста Қазақ­стан үшін әлемдегі геосаяси жағдай­ды пайдаланып, елге турист тарту­дың сәті туып тұрған жоқ па?

– Әрине, бұл Қазақстан үшін қолайлы мүмкіндік деп айтар едім. Кейінгі жылдары туристер қауіп­сіздік тұрғысынан Таяу Шығыс елдерін, әсіресе, Біріккен Араб Әмір­ліктері мен Қатар сияқты ба­ғыт­тарды жиі таңдады. Бірақ әлем­дегі геосаяси тұрақсыздық олардың бағытын өзгертуіне себеп болды. Меніңше, Қазақстан бұл жағдайда өзін қауіпсіз, бейтарап және тұ­рақты ел ретінде көрсете алады. Себебі бізде ішкі саяси тұрақтылық бар. Табиғи, мәдени ресурстарымыз да сан алуан. Алайда біз бір маңыз­ды нәрсені түсінуіміз керек. Мүм­кіндік өздігінен нәтиже бермейді. Егер біз халықаралық деңгейде өз орнымызды дұрыс айқындай ал­масақ, маркетинг пен бренд жасау­ды күшейтпесек, бұл мүмкіндікті басқа елдер пайдаланады. Сон­дықтан дәл қазір Қазақстанға мық­ты туристік PR мен стратегиялық коммуникация қажет. Сондай-ақ біз үшін ең маңызды бағыттардың бірі – сервис сапасын көтеру. Тури­змде ең күшті жарнама – адам­дардың тәжірибесі. Бұл дегеніміз, Қазақстанға келген турист елге оралғаннан кейін өзгелерге «Мін­детті түрде барып көріңдер» деп кеңес беруі тиіс. Қазір біз осы бағытқа енді ғана ақырындап келе жатырмыз. Бірақ, шынын айт­қан­да, қазір Қазақстан көбіне толық­қанды бағыт емес, транзиттік ел ретінде қабылданады. Мысалы, көптеген турист неге Өзбекстан немесе Қырғызстан бағыттарын таңдайды? Себебі оларда қалып­тасқан баға сегменттері бар, сервис деңгейі тұрақты және туриске таңдау берілген. Жеке саяхаттайтын турист үшін ол елдерде маршрут құру оңай, баға да түсінікті әрі қолжетімді. Ал бізде кей жағдайда баға жоғары, тіпті базалық қыз­меттердің өзінде айырмашылық байқалады. Өкінішке қарай, елге келген туристер такси бағасының негізсіз қымбаттауына жиі тап болатынын көріп жүрміз. Десек те, бұл бағытта нақты өзгерістер бар. Мәселен, Алматы халықаралық әуе­жайы аумағында арнайы тірек­тер орнатылып, туристерге Яндекс Go арқылы жергілікті тұрғындар сияқты такси шақыру мүмкіндігі берілді. Бұл кішігірім болса да өте маңызды қадам дер едім. Тағы бір атап өтерлік маңызды мәселе – Қазақстан туризмін тек Алматы мен Астана арқылы қабылдау. Қа­зақстан – кең-байтақ даланы алып жатқан ел. Біздің әлеуетіміз тек екі қаламен шектелмейді. 

– Сапа демекші, баға мен қызмет көрсету деңгейі арасындағы сәйкес­сіздік туралы көп сын айтылады. Ту­ризм саласында бағаның бұлай шарықтауы нақты бір шығындармен байланысты ма, әлде реттеудің әлсіздігінен туған жағдай ма?

– Бұл жерде бір ғана себеп бар деп айту қиын, меніңше, екі фактор қатар әсер етіп отыр. Бір жағынан, шы­ғындар расымен аз емес. Әсі­ресе, логистика, инфрақұрылым, сервиске кететін шығындар жо­ғары. Екінші жағынан, бұл әрине жүйелік басқарудың әлсіздігі. Баға өсімін тек объективті шығындармен түсіндіру аздық етеді. Сапа стан­дарттары толық қалыптаспаған, бақылау әлсіз, ал кейбір ойын­шы­лар нарықта ұзақмерзімді беделден гөрі қысқамерзімді табысқа көбірек мән береді. Сол үшін де нарықта біркелкілік жоқ. Мысалы, бір өңірде сол бағаға шынымен сапалы қызмет аласыз, ал басқа жерде дәл сондай ақша төлегеніңізбен, мүлде басқа деңгей ұсынылады. Бұл турист үшін сенімсіздік тудырады. Туризмде тек табиғаттың әдемі болуы жеткіліксіз, ең басты дүние – жергілікті адамдар мен мәдениет. Қонақты қалай қарсы алды, қандай деңгейде қызмет көрсетті, қандай эмоциямен шығарып салды – осы­ның бәрі елдің имиджін қалыптас­тырады. Өкінішке қарай, бізде сервис тұрақсыз. Кейде бір сапарда өте жақсы тәжірибе аласыз, ал келесі жолы дәл сондай бағаға көңі­ліңіз толмай қайтады. Шынды­ғын айтқанда, кейде турист нақты не үшін ақша төлеп жатқанын түсінбейді. Бұл да сенімге әсер етеді. Осы тұста мәселе тек эко­номикада емес деп ойлаймын. Егер біз туризмді тұрақты табыс көзіне айналдырғымыз келсе, онда қыс­қамерзімді пайдадан гөрі сапа мен репутацияға жұмыс істеуіміз тиіс.

– Шындап келгенде, көбі қара­жатты сыртқа шашпай-ақ, өз елін­дегі туристік орындарды таңдағысы келеді. Бірақ Қазақстанда демалу құны неге кейде шетелден де асып түседі?

– Иә, бұл сұрақты көпшіліктен жиі естимін. Орынды сын. Енді мәселенің негізгі себептеріне тоқ­талайық. Біріншіден, бізде туризм әлі толыққанды индустрияға ай­нал­ған жоқ. Мысалы, Түркия неме­се Египет елдерінде туризм  эко­номиканың негізгі салаларының бірі. Онда инфрақұрылым толық, бәсеке жоғары, ал баға саясаты жүйелі түрде реттелген. Ал Қазақ­станда маусымдық мерзімі қысқа, логистика қымбат, туристік нысан­дар аз, шашыраңқы және қызмет көрсету нарығында бәсеке төмен. Екіншіден, кей жағдайларда баға сапаға сәйкес келмейді. Бұл, яғни, нарықтағы реттеудің әлсіз­дігінен және сапа стандарттарының жеткі­лік­сіздігінен туындап отыр. Бұл  рет­те салада тәжірибелі маман­дардың жетіспеуін атап өту қажет.  Туризмді дамыту үшін бізге халық­аралық тәжірибесі бар  сарапшылар, стратегиялық ойлайтын менеджер­лер, сервис мәдениетін қалыптас­тыратын кәсіби кадрлар керек. Ең әуелі адам капиталына инвестиция салған тиімдірек деп санаймын. Себебі сапалы туризм ең алдымен, сапалы мамандардан басталатынын ескерген абзал. 

– Қазақстан аймақтарында кө­біміз біле бермейтін, әлемнің талай кереметімен тең түсетін ғажайып орындар көп-ақ. Бірақ неліктен олар туризм нарығында әлі де танымал бағыттардың қата­рында емес?

– Қазақстанда әлемдік деңгей­дегі локациялар расымен көп. Мысалы, Шарын шатқалы немесе Бозжыра сияқты жерлерді визуал тұрғысынан Гранд-Каньонмен салыстыруға әбден болады. Бірақ мәселе олардың әлеуетінде емес, сол әлеуетті қалай ұсынып отыр­ғанымызда. Қазір бұл бағыттардың халықаралық деңгейде кең таныл­мауының бірнеше нақты себебі бар. Ең алдымен, жүйелі маркетингтің жоғы. Екіншіден, халықаралық медиада көріну деңгейі төмен. Әлемдік аудитория Қазақстандағы туризм туралы тұрақты түрде ақ­парат алып отыр деу қиын. Үшін­ші­ден, әлі де сапалы инфлю­енсер­лік және цифрлық контент аз. Тағы бір маңызды фактор – қол­жетім­ділік. Қазақстанның гео­графиясы кең, арақашықтық ұзақ. Ал кейбір туристік нысандарға жету қиын. Бізде табиғаты керемет орындар болғанымен, оған жету барлық турист үшін оңай шаруа емес. 

– Қазір Қазақстанда сұранысқа ие туристік бағыттар қандай? Олар­дың арасында туристік әлеуеті жоғары, бірақ әлі күнге дейін толық ашылмаған бағыттар бар ма?

– Бүгінде Қазақстандағы негізгі туристік ағын бірнеше бағытта шоғырланған. Алматы – табиғи туризмнің орталығы болса, Астана – іскерлік қала, ал Түркістан – рухани туризмнің негізгі нүктесі. Сонымен бірге сіз айтқандай, әлеуеті өте жоғары, бірақ толық ашылмаған локациялар да көп. Мысалы, Бозжыра  визуал тұрғысы­нан әлемдік деңгейдегі ерекше та­би­ғи феномен. Катон-Қарағай  эко­туризм үшін өте қолайлы, таби­ғаты сақталған бірегей аймақ. Ал Келіншектау  кинотуризм мен storytelling үшін ерекше орын. Өкі­ніш­ке қарай, бұл өңірлердегі басты мәселе – инфрақұрылымның әл­сіз­­дігі мен жүйелі ілгерілетудің жоқ­тығы. Егер стратегия дұрыс құ­ры­лса, олар халықаралық дең­гей­дегі брендке айналар еді. Қазақ­стандағы туризм аталған бағыт­тармен шектелмейді. Негізінде, әрбір өңірдің өзіндік бірегей ерекшелігі бар. Кейбір турист тарих іздеп келеді, біреу табиғатқа барады, енді бірі тыныштық пен аутентикалық тәжірибені қалайды. Ал Қазақстанда осының бәрі бар. Мысалы, көп жағдайда назардан тыс қалып жатса да, Орталық Қазақстан өңірінде тарих пен этнографияға бай туристік орындар жеткілікті. Сол сияқты Солтүстік Қазақстан табиғаты, көлі мен орманды аймақтары арқылы келу­шілеріне ерекше демалыс ұсына алады. Бірақ бұл бағыттар туралы ақпарат аз. Мұндай орындар еліміз­де жеткілікті деңгейде насихат­талмайды. Сол үшін де қазіргі басты міндетіміз – тек дайын ба­ғыт­тарды дамытып қоймай, Қазақ­станның барлық өңірін туристік картаға енгізу керек екенін айтқым келеді. 

– Ішкі туризмді халыққа қол­жетімді ету үшін сала сарапшысы ретінде қандай шешімдер ұсынар едіңіз?

– Әуелі ішкі туризмге тек биз­нес көзі ретінде қарауды доғару ке­рек. Біз бұл саланы әлеуметтік және стратегиялық сала ретінде қа­рас­тыруымыз қажет. Өйткені ту­ризм дегенде біз көбіне шетелдік ту­ристерді елестетеміз. Ал шын мә­нінде, басты аудитория – өз аза­маттарымыз. Қазір қазақстан­дық­тардың ел ішінде саяхаттауға қы­зығу­шылығы өсіп келеді. Енді нақты қадамдарға келсек, бірін­шіден, логистика мәселесін шешу керек. Яғни, ішкі әуе және теміржол билеттерін субсидиялау, туристік аймақтарға арнайы жеңілдетілген пакеттер енгізу маңызды. Сонда ғана адамдар өңірлерге еркін қаты­най алады. Екіншіден, отбасылық және студенттік туризмді қолдау. Бұл – ішкі туризмді жандандыратын ең белсенді сегменттердің бірі. Үшіншіден, өңірлердегі шағын және орта бизнесті ынталандыру. Туризмнің дамуы жергілікті кәсіпкерлердің қызметімен де байланысты. Төртіншіден, ұлттық туристік өнімді жүйелеу. Туристер мен жергілікті тұрғындар үшін әртүрлі тариф қарастыру қажет. Бұл халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Мысалы, Тайланд немесе Индонезия сияқты елдерде жергілікті тұрғындарға қолжетімді баға, ал шетелдік туристерге нарықтық баға ұсынылады. 

– Кейінгі уақытта қоғамда «Шымбұлақтағы» тариф құнына қатысты шағымдар жиі айтылып жүр. Шенеуніктер демалыс орны жекеменшікке тиесілі болғандықтан, бағаны реттей алмайтынын ашып айтқан. Осы мәселенің аясында мы­надай сауал туады. Елімізде халық­аралық маңызы бар туристік нысан­дардың тек коммерциялық логикаға бағынуы қаншалықты әділетті?

– Мұнда бір нәрсені нақты түсініп алу керек. «Шымбұлақ» – жай ғана бизнес нысаны емес. Ол – Қазақстанның халықаралық дең­гейдегі туристік имиджін қалыптас­тыратын стратегиялық бренді. Сондықтан мұндай нысандарды тек нарық заңымен жұмыс істейтін коммерциялық объект ретінде қарау жеткіліксіз. Иә, ол жекемен­шік. Иә, бизнес табыс табуы керек. Бірақ сонымен қатар ол әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық қол­жетімділік қағидаларына негіз­делуі тиіс. Өйткені мұндай стра­тегиялық нысандардағы баға тек коммер­циялық құрал емес. Бұл – ішкі ту­ризмнің қолжетімділігі, халықтың демалыс мәдениеті, тіпті шетелдік туристің Қазақстан туралы ал­ғашқы пікірі. Егер баға саясаты тек қысқамерзімді табыс логикасымен шектелсе, онда бұл ұзақ мерзімде бірнеше тәуекелге әкелуі мүмкін. Осының салдарынан жергілікті халық үшін ел ішіндегі туристік орындар қолжетімсіз болып кетеді. Екіншіден, ішкі туризм баяулайды. Одан бөлек, «қымбат, бірақ сапаға сай емес» деген имидж қалыптасуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеге қа­ра­сақ, мұндай стратегиялық нысан­дарда әрқашан баланс сақталады. Бұл модельде бизнес өзінің эко­номика­лық тиімділігін сақтайды, алайда мемлекет пен қоғам мүддесі де қатар ескеріледі. Бұл қалай жүзеге асады? Мысалы, әлеуметтік тариф­тер, маусымдық жеңілдіктер, жергі­лікті тұрғындарға арналған арнайы ұсыныстар, икемді баға саясаты арқылы. Негізгі мәселе бағаның өзінде емес, оның қалай қалып­тасып, қандай стратегиямен басқа­рылып отырғанында. 

– Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Сәуір 2026 15:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әділет партиясы: Өндіріс дамыса, адамдар тұрақты жұмыспен қамтылады

30 Шілде 2026 18:19see132

Қазақстандықтар қанша ет, нан және картоп тұтынады

30 Шілде 2026 16:07see129

​Атырау облысының жастары Ақшолақовқа өз сұраныстарын жеткізді

30 Шілде 2026 18:12see126

Павлодардағы психикалық денсаулық орталығы желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

30 Шілде 2026 20:41see121

Нетаньяху мэрдің оны тұтқындау туралы үндеулеріне қарамастан Нью Йоркке барады

30 Шілде 2026 17:48see120

Ауыл партиясы әйелдердің саясаттағы рөлін талқылады

30 Шілде 2026 22:02see119

АҚШ тұрғыны лотереядан 800 миллион доллар ұтып алды

30 Шілде 2026 22:05see117

Күйеуге шығуға асықпаңыздаршы : Айгүл Иманбаева қыздарға кеңес берді (видео)

31 Шілде 2026 01:21see116

30 шілдеде еліміздің орман қоры аумағында 6 орман өрті тіркелді

30 Шілде 2026 23:47see115

Respublica партиясы әйел еңбегі бағаланған өндіріс орнына барды

31 Шілде 2026 22:50see111

Перзентхананың аумағында той тойлауға рұқсат бермесе екен... : Жазира Байырбекова өтінішін жеткізді

31 Шілде 2026 22:34see109

Ақмола облысында 20 жастағы жігіт суға секіремін деп көз жұмды

31 Шілде 2026 22:22see109

Жұлыны үзілген : Алакөлде гидроцикл мініп, ажал құшқан марқұмның туыстары әділдік іздейді

30 Шілде 2026 21:27see108

Арқа спортының адымы

01 Тамыз 2026 08:53see108

Алматыда заманауи онкологиялық орталық салу жоспарланып отыр

01 Тамыз 2026 11:30see108

Жады мықты ұлт ұтылмайды

31 Шілде 2026 20:23see108

Басылымда бас қосқан жастар

01 Тамыз 2026 08:53see107

Жаңа оқу жылында оқушылар қанша күн демалады?

31 Шілде 2026 20:22see107

Атырауда қоқыс пен масаға толы канал толық жаңғыртылады

31 Шілде 2026 22:05see106

Қазақстан шетелдік студенттерге 550 грант бөлді

31 Шілде 2026 18:35see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары