Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақының мерзімі қысқарады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстанда жұмыссыздыққа байланысты төлем алу мерзімі 6 айдан 4 айға дейін қысқартылмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, пандемия кезінде төлем мерзімі уақытша 6 айға дейін ұзартылған. Алайда қазіргі жағдайда мұндай ұзақ мерзім қажет емес.
Сондай-ақ жұмыссыз ретінде тіркелу тәртібі де өзгереді. Қазір азаматтар небәрі 3 күн ішінде тіркелсе, алдағы уақытта бұл мерзім 10 күнге дейін ұлғайтылады.
Бұдан бөлек, негізсіз төлемдердің алдын алу үшін жүйеге қосымша өзгерістер енгізілмек. Қазіргі таңда жұмыссыздық жәрдемақысының ең жоғары мөлшерін қайта қарау мәселесі де қарастырылып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 21:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















