Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Бокстан Әлем кубогы басталды

Бокстан Әлем кубогы басталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бразилия осымен екінші мәрте Әлем кубо­гының алғашқы кезеңін өткізіп отыр. Әлемдік додаға 50 елден 400-ге жуық боксшы бақ сынасады. Еліміздің атынан Нұржан Насанов баптайтын ерлер құрамасынан 9 спортшы, Елдос Сейдалиннің жетекшілігіндегі қыздар құрама­сынан 7 боксшы жүлдеге таласпақ. Былтырғы сайыста еліміздің боксшылары 3 алтын, 3 қола жүлдені қанжығаға байлап қайтқан еді. Сол бәсекеде Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Жазира Орақбаева (51 келі) чемпион атанғаны елге мәлім, демек биылғы додада да ел сенімі ақталары анық.

Назымның көздегені бар

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрама­сынан бес боксшы шаршы алаңға шықты. Әлемнің үш дүркін чемпионы атанған отандасы­мыз Назым Қызайбай іріктеу кезеңінде алғашқы болып өнер көрсетті. Спортшымыздың түркия­лық боксшы Айшен Ташкынды 4/1 есебімен сенімді түрде жеңгеніне куә болдық. Ескеретіні, Назым биылғы додаға орай салмақ ауыстырып, 54 келі салмақта бақ сынап отыр. Спорт сарап­шысы Аслан Қаженов салмақ ауыстыруына қа­рап, алдағы жарыстарға ерекше қарқынмен дайындалып жүр деп пайымдайды. 

– Назым Қызайбай 54 келіге көтеріліп, салмақ ауыстырғанымен, ә дегеннен жақсы жұдырықтасты. Енді кезекті жекпе-жегін польша­лық боксшымен өткізеді. Неге бұлай шешкенін білмеймін, бірақ бапкерлермен, федерация мамандарымен ақылдасуымен үлкен шешім қабылдағанына сенемін, яғни мұның артында көздеген мақсаты бар деген сөз. Алда Азия ойындары мен Олимпиада ойындары өтеді. Назым соған қазірден дайындалып жатқан сыңайлы, – дейді сарапшы. 

Шеберлік шыңдауға мүмкіндік

Ерлер құрамасынан 70 келіге дейінгі салмақта Фарух Тоқтасынов та ерекше шеберлік танытып, 3/2 есебімен келесі кезеңге жолдама алды. Боксшымыз жекпе-жек кезінде екі рет нокдаунға түскеніне қарамастан, ирландиялық Джон Макконеллдан басым өнер көрсетті. 80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов те келесі кезеңге өтті. Ол жапониялық Кай Ториабені мерзімінен бұрын жеңіп, жекпе-жек екінші раундта-ақ аяқталды. Жарыстың екінші күнінде ел намысын екі спортшымыз қорғады, оның ішінде 65 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Тунис елінің боксшысы Хассен Аттиямен жұдырықтасып, 5/0 есебімен айқын басымдық көрсетіп, жеңіске жетті. Өкінішке қарай, алғашқы екі күнде ұлттық құрамадағы үш спортшымыздың жарыс жолын ерте аяқтауына тура келді. 60 келіге дейінгі салмақта Жансері Көшербаев ирландиялық Джуд Галлахерге есе жіберсе, 90 келіге дейінгі салмақта Дәулет Төлемісов бразилиялық Исаиас Фильоға жол бер­ді. Айта кететіні, әлемдік кубоктың алғашқы кезеңіне ерлер құрамасынан екінші, үшінші нөмірлі боксшылар сынға түсіп жатса, әйелдер арасынан бірінші нөмірлі боксшылар бақ сынап жатыр. Спорт сарапшысы Аслан Қаженов спортшылар соған сәйкес нәтиже көрсетіп жатыр деген пікірде. 

– Жарыс жолынан шығып қалған Жансері Көшербай таза жеңілді. Жансері – спорттық мансабын енді бастаған жас боксшы. Жастар арасындағы Азия чемпионатының, Әлем чем­пионатының қола жүлдегері, алайда ересектер арасында енді пісіп жатыр. Әлем кубогы оған тәжірибе жинауға, шеберлік шындауға жақсы мүмкіндік береді. Бапкерлер құрамының Жан­серіні жарысқа жіберуіндегі негізгі мақсат та осы болу керек. Ал Дәулет Төлемісовті жеңілді деп есеп­темеймін. Алғашқы раунд бастала сала бра­зилиялық боксшыға қарсы шықты, жекпе-жек тең дәрежеде өтті, Дәулеттің басымдығы да бол­ды. Бұл жерде сәл емес, айқын басымдық керек еді әрі алаң иесімен жұдырықтасты. Кез келген жерде шамамен тең дәрежеде жекпе-жек өтсе, қабылдаушы елдің боксшысына жеңісті береді, – дейді Аслан Қаженов.

Ұлттық құрама сенімді ақтайды

Жарыстың екінші күнінде 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Бағлан Кенжебек армениялық Жирайр Саргсянмен жұдырықтасып, алғашқы айналымда-ақ жарыс жолынан сүрінді. Қазір спортшыны бокс жанкүйерлері қатты сынға алып отыр. Алайда А.Қаженов Бағланның да мықты спортшы екенін мойындайды. Бағлан Кенжебек бұған дейін «Жібек жолы» халықаралық турнирінің, «Странджа» турнирінің жеңімпазы атанды, басқа да сайыстарда шеберлігін көрсетіп жүр. Сарапшының сөзінше, 55 келіге дейінгі салмақта озық боксшы өте көп, алайда Бағлан да алда бұл салмақты мықты бәсекелес болатына сенімді. Ол алдағы күндері ұлттық құраманың да ел сенімін ақтайтынына үмітті.

– Әрине, сенімді ақтайды, басты мақсат жалпыкомандалық есепте бірінші орын алу деп ойлаймын. Бұл – қолдан келетін шаруа, әсіресе қыздар жақсы нәтиже тіркейді деп сенемін. Ер­лерден де бір-екі алтын болуы керек. Ерлер құра­масы жарысқа 2-3 күн қалғанда ғана Бразилия еліне жетті, қыздарымыз 2 апта ертерек келіп, оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Уақыт айыр­машылығы да ыңғайсыздық туғызатынын ескеру керек, екі ел арасында 7-8 сағат айырма бар. Климаттың ылғалдылығы, жоғары температураға да спортшыларымыз бейімделіп үлгерді деп үміттенемін. Алғашқы жекпе-жектерге қарап, баға беру қиындау... Бірінші жекпе-жек кез келген боксшы үшін қиын өтеді, рингті сезінген соң ақырындап бой үйренеді. Бірінші айналымнан сүрінбей өткендерде ары қарай бокс жақсы жүреді, – дейді маман.

Ал спорт сарапшысы Айдос Рымқұл ойын бастала сала, жағдайды бірден кесіп айтудың қиын екенін жеткізді, бірақ қыздар құрамасының жеңіске ие боларына сенімді.

– Қыздарымыз Азия чемпионатына екінші орынмен барып еді. Бұл жолы Әлем кубогына Назым Қызайбай бастаған негізгі құрам қатысып отыр. Қыздар өз деңгейін жақсы көрсетеді, лайықты жүлде иеленеді деп сенемін. Ерлер бойынша, әрине, сұрақтар жоқ емес, бар. «Балапанды күзде санайды» демекші, сәл күте тұрып, әліптің артын бағайық. Финалда қалай болады екен, қоржынымызға қанша жүлде түседі екен дегендей, байқастау керек. Былтыр Брази­лияға үшінші құраммен барып, 85 келіде Дәулет Төлемісов Ливерпульда Әлем чемпионатында жүлде алған өзбек боксшысын озып, алтын медаль иеленген еді, сондықтан бәрі де мүмкін.

Сарапшының сөзінше, тек бокста емес, кез келген спорт түрінде, спорттың ең көркем түрі – мәнерлеп сырғанауда да «перде арты» интрига­лары көп болады. Қазіргі ойындар 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық процесі іспетті. Сарапшы осы перде артындағы ойындарда кім жеңіп шықса, сол мемлекеттер 2028 жылы өз алтынын түгендеп алады деген ойда. 

Алтынға апарар баспалдақ

Бразилияда өтіп жатқан бокс бәсекесі енді қыза түспек. Жарыстың үшінші күнінде шаршы алаңға Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін) шығып, бақ сы­намақ. 

– Фарух Тоқтасынов 70 келі салмақтағы үшінші нөмірлі боксшы, бірақ кейінгі сайыстарда жақсы өнер көрсетіп келеді. Диас Молжігітовтің ойыны жақсы өтті, Мұхамедсабыр Базарбайұлы сенімді жеңді. Барлық салмақты қалған қыз-жігіттерден де үміт бар. Әлем кубогын Азия ойындарына дайындықтың бір бөлігі десек болады. Қытайда өтетін турнирге бірінші нөмірлі боксшылар қатысады, дода енді қыза түседі. Қыздар құрамасы өздерінің шама-шарқын сынап байқайды, ерлер құрамасы Азия чемпионатына шамасын байқап көреді. Сол себепті Әлем кубогы Азия ойындарының, Олимпиада ойын­дарының алтын жүлдесіне апарар баспалдақ бо­луы керек, – деп түйіндеді А.Қаженов.

Айдос Рымқұл да Ұлттық құраманың алдағы Азия чемпионаты мен Олимпиада ойындарында ерекше өнер көрсететіне сенімді. Сонымен қатар Ұлттық құраманың бапкерлері Олимпиада ойын­дарына дайындықты ерте бастап, 65 келіге дейінгі салмақтағы боксшыны алып тастауды жөн деп шешкен.

– Біздің құрамадағы 60 пен 65 келіні ең әлсіз салмақ деп айтар едім. Асланбек Шымбергенов 69, 71 салмақпен жүлде алып жүрді. Асадхуджа Муй­динхуджаев 65 келіге түсіп, шеберлігін көрсеткен еді. Одан кейінгі барған жарысымызда бұл салмақпен қашан жүлде алғанымыз белгісіз. Ағайынды Сабырхандардың Азия чемпионатында жеңілгені де жақсы болды, Санжар Тәшкенбай да жеңілді. Осы жігіттер қателіктен сабақ алып, мықтылық көрсетеді деп сенемін. Азия ойын­дары­нан үміт жоқ емес, Әлем чемпионатында 7 алтынмен, Азия чемпионатында 6 алтынмен топ жарғанбыз. Қазір құрама бабында тұр деп ойлаймын, – дейді А.Рымқұл.

Сарапшы қазір Ұлттық құраманың салмақты кешенді ойындарға көңіл бөлу керегін айтып қалды. Алда өтетін Азия ойындары мен Олим­пиада ойындарына осы бағытта дайындықты күшейту қажет. 

– Мысалы, Өзбекстан құрамасында 80 келіге дейінгі салмақта Жавохир Умматалиев, 75 келіге дейінгі салмақта Фазлиддин Эркинбоев деген мықты боксшылар бар. Олимпиада 75 келі деген салмақ жоқ, сондықтан Фазлиддин Эркинбоев Азия чемпионатында 80 келіге шықты, яғни өзбек елінде 80 келі деген салмақта екі мықты бар. Менің ойымша, 85 келі салмақтағы боксшы – әлі әлсіздеу, тәжірибе жинап жүрген жас жігіт. Ертең олимпиада кезінде алғашқы кезеңнен-ақ жеңіліп қалуы мүмкін. Соған қарағанда, өзбек бап­керлері осы мақсатта спортшылардың салмағына іріктеу жасап, 80 келіні 85-ке көтеруі мүмкін. Біздікілер де бұған көңіл бөлуге тиіс.

Сонымен, әлем кубогы үш кезеңге жалғасады. Алғашқы кезең Бразилия елінде басталды, ал екінші кезеңді Қытай қабылдайды, бұл сайыс маусым айына жоспарланған. Халықаралық World Boxing федерациясының жариялаған кестесіне сәйкес, ақтық бәсеке қараша айында Өзбекстанда өтеді. Әлем кубогы – жаңадан құрылған World Boxing федерациясының 2026 жылғы маусымдағы ең ірі додаларының бірі. World Boxing федерациясы 2023 жылдың сәуірінде Швейцарияның Лозза қаласында құрылған еді. Федерацияның басты мақсаты – боксты Олимпиада бағдарламасында сақтап қалу, ірі жарыстарға спортшыларды дайындау. Әлем кубогының алғашқы ойыны дәл сол жылы қа­занда өткен еді, бұл кезде жеке турнир ретінде ғана қарастырылды, ал 2024 жылдан бері бокс бәсекесі толық кезеңде өтіп келеді. 

Бет қатталып жатқанда:  Назым Қызайбай 1/8 финалда Польша спортшысы Виктория Рога­линскимен жолығып үлгерді. Қос боксшы жекпе-жек бойы теңдей сынасып, бір-бірінің қимылын аңдумен болды. Алайда шешуші раундта 4:1 есебімен Виктория Рогалински жеңіске жетті.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 21:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары