Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Павлодар: энергетика қуаты артып келеді

Павлодар: энергетика қуаты артып келеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, көмір генерациясын дамыту мен экономика мен халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз етуге жаңа қуат көздерін іске қосу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді.

Үкімет басшысының сапары аясында тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақты жұмысы, энергетика мен көмір өндіру саласына цифрлық шешімдерді енгізу, өндірістік тиімділікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Олжас Бектенов өңірдің энер­гетикалық инфрақұрылымы­ның даму барысымен таныс­ты. Павлодар облысы бүгінде елдегі электр энергиясын өндірудің негізгі тірек аймағы саналады. Өткен жылдың қорытындысын­да мұнда республикадағы электр энер­гиясының 42 пайызы өн­діріл­ген. Сапар кезінде Екібас­тұз­дағы бірқатар ірі нысандар – МАЭС-1, МАЭС-2 мен «Богатырь Көмір» ЖШС кеніші мысалында энергия кешенінің қазіргі тиімділігі мен алдағы даму мүмкіндіктері қаралды.

Болат Нұржанов атындағы Екібас­тұз МАЭС-1 стансасында жүр­гізіліп жатқан жаңғырту жұ­мыс­ы таныстырылды. Атап айтқанда, отынмен қамтамасыз ету жүйесін реконструкциялау, жаңа түтін құбырын салу мен ескі құ­рылымды кезең-кезеңімен бөлшек­теу жобалары іске асырылып жатыр. Бұл шаралар өңірдің энергиямен жабдықталу сенімділігін арттыруға бағытталған.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің мәліметінше, биыл ел бойынша шамамен 2,6 ГВт жаңа қуат көзін іске қосу көзделіп отыр. Оның қатарында 2 427,6 МВт газ жобаларына, 245,8 МВт жа­ңар­тыла­тын энергия көздеріне тиесілі. Жалпы саны 13 жоба жүзеге асырылады. Олардың қатарында Текелі энер­гокешені, Атырау ЖЭО, Түркістан облысы мен Алматы қаласындағы бу-газ қондырғылары бар.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов 2025–2026 жыл­дардағы жылу беру маусымының өту барысы туралы баяндады. Өңірдегі энергия көздерінде негізгі 46 жабдықта жөндеу жұмысы аяқталған. Сондай-ақ 37,1 шақырым жылу желісі жаңғыртылып, нәти­жесінде жүйелердің тозу деңгейі 1,5 пайызға төмендеген. Бұл жылу жү­йесінің тұрақты жұмысын қам­тамасыз етуге мүмкіндік берген.

Екібастұз МАЭС-2 стансасында Премьер-министр кеңейту мен реконструкциялау жобасының іске асырылу барысын көрді. Қазір стансаның қуаты 1 ГВт. №3 пен №4 энергоблоктарды іске қосу арқылы бұл көрсеткішті 2,1 ГВт-қа дейін жеткізу жоспарланған.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қуат көздерінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттағы басым бағыт екенін атап өткенін еске салды. Қосымша энергоблоктарды іске қосу мен жаңа станса құрылысы экономиканың барлық саласына серпін беретінін айтты. Бұл қадамдар энергия тапшылығын біртіндеп жойып, отандық бизнес пен инвесторларды қажетті қуатпен қамтамасыз етуге жол ашады.

Премьер-министр «Богатырь Көмір» ЖШС карьерінде болып, ашық тәсілмен көмір өндіру про­цесі­мен танысты. Аумағы 43 шаршы шақырым, тереңдігі 300 метр бо­ла­тын бұл разрез – әлемдегі ең ірі көмір кен орындарының бірі. Кәсіпорын «Богатырь» мен «Север­ный» кеніштерінде өнді­ріс жүр­гі­зеді. Қазір өндірістік про­цес­­тер­ді автоматтандыру кезеңі аяқ­­тал­­ған. Келесі сатыда жасанды ин­тел­лект элементтерін енгізу жоспар­ла­нып отыр. Осы мақсатта «Жүк ағы­нын оңтайландырушы» мен «Тау-кен жұмыстарын жоспарлау» цифр­лық жобалары әзірленіп жатыр.

Бүгінде «Богатырь Көмір» – еліміздегі көмір өндірісінің 38 па­йызын қамтамасыз ететін жетекші активтердің бірі. Қор көлемі 2,3 млрд тоннадан асады. Компания бас директоры Евгений Мастернак алдағы жылдары өндіріс көлемін ұлғайту жоспарын мәлімдеді. Қазір екі кеніштің жиынтық қуаты жылына 42 млн тоннаны құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 45,2 млн тоннаға, 2032 жылға қарай 56,5 млн тоннаға жеткізу көзделген.

Президенттің көмір әлеуетін стратегиялық ресурс ретінде пайдалану жөніндегі тапсырмаларына сәйкес көмір генерациясын ұлттық жоба деңгейінде дамыту көзделген. Энергетика министрлігінің мәлі­метінше, экологиялық талаптарды сақтай отырып, «таза көмір» технологиясы негізінде шамамен 7,6 ГВт жаңа көмір генерациясын енгізу жоспарланып отыр.

Энергетикалық нысандарды аралау қорытындысы бойынша Премьер-министр МАЭС-1 жаң­ғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды, МАЭС-2-дегі жаңа энергоблоктарды уақтылы іске қосуды, «Богатырь Көмір» кә­сіп­орнының инвестициялық жос­парларын жүзеге асыруға қажетті қолдау көрсетуді тапсырды.

Премьер-министр Екібастұз энергия торабы базасында Прези­дент тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Деректерді өңдеу орта­лығы алқабы» жоба­сы­ның жүзеге асу барысын да тексерді. Жоба өңір­дің қуатты энергетикалық әлеуе­тін жоғары технологиялық инфрақұ­рылым­мен ұштастырып, цифрлық эконо­миканың жаңа тірегін қалып­тастыруға бағытталған.

Екібастұз МАЭС-1 маңынан болашақта аумағын 1300 гектардан астам жерге дейін кеңейтуге мүмкіндік беретін, бастапқы кезеңде 200 гектар аумақ белгіленген. Осы жерде есептеу инфрақұрылымы, «бұлтты» сервистер мен жасанды интеллектіге негізделген платформалар шоғырланатын арнайы технологиялық аймақ құру көзделіп отыр. Үкімет басшысы бұл бастама экономиканың жоғары технологиялық секторын дамытуға елеулі серпін беретінін айтты.

Олжас Бектеновке жобаның дизайн-тұжырымдамасы танысты­рылды. Премьер-министрдің орын­­басары – Жасанды интел­лект және цифрлық даму ми­нистрі Жаслан Мәдиев, облыс әкі­мі Асайын Байханов пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төр­аға­­сы Бағдат Мусин атқарылып жат­­қан дайын­дық жұмыстары мен инф­­ра­­құры­лымдық шешімдер тура­лы баяндады. Жоба экожүйесі Екібас­тұз энергия торабының қол­даныс­­тағы қуаттарына сүйене оты­­рып, кезең-кезеңімен іске асырылады.

Жоспар бойынша ұзындығы 15 шақырым электр тарату желілері тартылады, сондай-ақ қуаты 300 МВт болатын, кейін оны 1 ГВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін тө­мен­деткіш қосалқы стансалар са­лы­нады. Жоба аясында энергетика, есеп­теу қуаты, жасанды интеллект пен ілеспе салаларға қатысты 500-ге жуық жоғары білікті жұмыс ор­ны ашы­лады. Осыған байланыс­ты IT-ма­мандарды даярлау мен қай­та оқы­ту мәселесіне басымдық беріледі.

Инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақ қағидаттары негізінде инфрақұрылым жүргізу, тарифтік саясат пен салықтық жеңілдіктер ұсыну қарастырылған. Жобаның болжамды инвестиция көлемі шамамен 30 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр.

Үкімет басшысы «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасы­ның елдің цифрлық экономи­касын дамытудағы стратегиялық рөлін атап өтіп, жауапты министрліктер мен өңір әкімдігіне, сондай-ақ «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, инфрақұрылымды жедел әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша, еліміздің электр энергиясы қоры, климаттық жағдайы мен транскаспийлік дерек жеткізу арна­лары секілді бәсекелік артық­шылықтары бұл жобаны қысқа мерзімде іске асыруға мүмкіндік береді. Үкімет жобаны артық бюрократиясыз, нақты шешімдер арқылы ілгерілетуге ниетті.

Соңғы жаңалықтар

24 отбасы қоныстойын тойлады

Қоғам • Бүгін, 08:20

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Америкада білім алу мүмкіндігі

Білім • Бүгін, 08:00

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Үкімет • Кеше

Оқушылар өмірдің өзін сахналады

Мектеп • Кеше

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Инвестиция • Кеше

Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды

Президент • Кеше

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Қоғам • Кеше

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?

Ата заң • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Аймақтар • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 09:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары