Отанға берік отбасы керек
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда 26 қазан мен 2 қараша аралығында еліміздің барлық өңіріндегі Отбасын қолдау орталықтарында некеге тұруды жоспарлап жүрген жұптар мен жас отбасыларға арналған оқыту сабақтары өтіп жатыр. Бұл дәрістерге қатысып жатқан азаматтар алты бағыт бойынша білім алып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді. Олар: серіктестік пен жауапкершілік, репродуктивті денсаулық, құқықтық және қаржылық сауаттылық, эмоциялық интеллект және коммуникация.
Сабақтарға «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары, Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің өкілдері, тарихшылар және этнографтар да қатысады. Олар отбасындағы дәстүрлер, құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығы туралы әңгімелейді. Белгілі спортшылар, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері де өз тәжірибесін ортаға салады.
Акцияға қатысу үшін тұрғылықты жердегі Отбасын қолдау орталығына хабарласу қажет.
Бастама аясында кемінде 1 000 жұпты оқытумен қамту көзделген. Алдағы уақытта еліміздегі барлық Отбасын қолдау орталығында некеге дейінгі даярлық тұрақты түрде жүргізіледі.
Акция жастарға отбасын құруға саналы түрде дайындалып, шаңырақ көтерудің жауапкершілігін түсінуге, құқықтық және қаржылық білімін толықтыруға мүмкіндік береді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2026 06:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















