Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Отанға адал, батыл ана

Отанға адал, батыл ана

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгінде Ұлттық ұланның қатарында да ел қауіпсіздігіне өз үлесін қосып жүрген әйелдердің қатары аз емес. Ресми деректерге сүйенсек, әскери бөлімдердегі жеке құрамның он пайыздан астамын әйелдер құрайды. Солардың бірі – 6636 әскери бөлімінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің аға маманы,  сержант Алтынай Капбасова. Ол – қызметіне адал маман ғана емес, төрт баланы тәрбиелеп отырған ардақты ана.

Алтынай Қайратқызының балалық шағы Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Оразақ ауылында өтті. 1998 жылы мектеп бітірген соң, арман қуып Астана қаласына қоныс аударды. Жоғарыбілімді, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заңгер мамандығы бойынша алды. Алайда өмір жолы оны әскери салаға бағыттап, міне, 24 жылдан бері осы жауапты қызметтің бел ортасында келеді.

Еңбек жолын 2003 жылдың 28 наурызында 5570 әскери бөлімінде құпия бөлімнің аға жазбашы қызметінен бастайды. Кейін 2007 жылы 3660 әскери бөліміне ауысып, ал 2019 жылы 6636 әскери бөліміне тағайындалады. Қазіргі таңда аға маман ретінде құжат айналымының мінсіз жүргізілуіне үлес қосып келеді.

Жеке өмірінде де бақытын тапқан жан. 2007 жылы болашақ жары Азаматпен танысып, 2008 жылы шаңырақ көтерді. Бүгінде берекелі отбасының тірегі, төрт перзенттің аяулы анасы.

Әскери қызмет – тәртіп пен жауапкершілікті талап ететін күрделі сала. Ал осы жауапты міндетті абыроймен атқара жүріп, шаңырақтың берекесін сақтап, бала тәрбиесіне көңіл бөлу – әрбір ана үшін үлкен еңбек. Алтынай үшін отбасы – өмірі­нің басты құндылығы. Қызметтен тыс уақытта ол бар мейірімі мен қамқорлығын балаларына арнап, олардың тәрбиелігі, білімді болып өсуіне ерекше көңіл бөледі. Ана жүрегіндегі жылу мен қамқорлық оның әр ісінен байқалады.

Тұңғышы Ахат – 16 жаста, IT Step колледжінің бірінші курс студенті. Болашақ программист-дизайнер атануды мақсат етіп, ағылшын және қытай тілдерін меңгеріп жүр. Қызы Інжу – 13 жаста. Ағылшын тілін тереңдетіп оқып, волейбол үйірмесіне қатысады. Ұлы Әмір – 9 жаста, 4-сыныпта білім алады, ағылшын тіліне қызығып, футболды жаны сүйеді. Кенже қызы Іңкәр – 5 жаста, биыл мектеп табалдырығын аттамақ, сурет салуға әуес.

– Демалыс күндері балаларыммен уақыт өткізгенді ерекше жақсы көремін. Бірге ас дайындап, ата-анама барып, отбасы болып бас қосамыз, – дейді Алтынай Қайратқызы.

Қызметте – тиянақты әрі жауапкершілігі жоғары маман, шаңырағында – мейірім мен жылудың шуағы. Ол – әскери бөлімнің сенімді тірегі, отбасының берекесі. Отанға адал қызмет пен аналық мейірімді ұштастыра білген бүгінгі қазақ әйелінің жарқын келбеті.

Жанерке МҰРАТҚЫЗЫ, Астана қаласы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 14:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары