Жауынгер, жап аузыңды!
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
– Мен!
– Саптан шық!
–Құп болады!
– Сен бүгін атқораға барасың.
– Кеше де сонда барып едім ғой. Басқалар да барсыншы.
– Доғар! Жап аузыңды! Командир бұйрығы талқыланбайды, орындалады! Он бес тәулікке сұранып тұрсың-ау, Жолболсынов!
– Жоқ, командир жолдас!
– Ендеше бұйрықты орында!
– Құп болады!
– Міне, тап осылай! Мені ашуландырмаңдар! Бұйрықты бұлжытпай орындайтын болыңдар. Қиқаңдағандарың он бес тәулікке қамаласыңдар. Түсінікті ме?
Рота жауынгерлері шу ете қалды.
– Түсінікті!
Сол күні капитан Досанов жауынгерлерді жинап алып, батальон командирі Тұрғанбаевтың тау қойнауындағы саяжайын тазалатты, жөндеуден өткіздіртті. Бір жақсысы, жауынгерлерге жүдә жақсы болды. Еркінсіп, аунап-қунады. Тамақты да қалағандарынша жеп, ішті.
Алдыңғы жолы Жолболсынов бір топ жауынгермен бірге тағы бір командирдің атқорасын тазалап қайтқан. Мұны естіген қарулас достары атқора тазалағандарды мазаққа айналдырып еді. Тағы да мазаққа ұшырап қаламын ба деген Жолболсыновтың тартыншақтап тұруының осындай сыры бар еді. Бірақ батальон командирінің аты батальон командирі! Жәрдемге барғандар жетісіп қалды. Командирдің жомартсынғаны соншалық, қайтарда жауынгерлерге шараптан да дәмауыз тигізді.
Бірақ күнде майшелпек қайдан бола берсін?! Күнделікті жаттығу, саяси сабақ, сапта жүру, атыс қаруларының қыр-сырын үйрену, күзетте тұру сияқты бітіп болмайтын қарбаластар жауынгерлерді шыңдай түсті.
Досанов! Бұл Досанов нағыз қызылкөздің өзі! Жауынгерлердің қаққанда қанын, соққанда сөлін алады. Темір командир! Жауынгерлерді тырп еткізбейді. Өткенде қыңқылдаған бір жауынгерді бір ұрып шалқасынан түсірді. Тағы бір «қыңырдың» денесіне қызған үтік басып, тәубесіне келтірді. Осыдан соң мықтымсынған жауынгерлер жым болды. Тек осындай қосымша тапсырмалар болғанда ғана жауынгерлер еркінсіп қалады.
Бүгін өте жауапты күн. Н. әскери бөлімшесінің жауынгерлері ұшақтан секірулері керек. Бұдан бұрын да олар зеңгір аспанға сан мәрте көтеріліп, сонау заңғар биіктен төменге қарай талай мәрте құлдилаған. Несі бар, бүгінде қарғиды.
Шағын ұшақ көк аспанға ойнап шыға келді. Әрі-бері қайқаңдап, ойқыш-ұйқыш өрнек салды. Біресе көкке тік шаңшылып, шалқалап аунап түсті. Біресе төмен қарай құлдилап барып, көкке қайта тырмысты. Десанттардың ішек-қарындары солқылдады. Құсқысы келіп, лоқсығандары да жетерлік еді. Бірақ Досанов десанттарды осылай мықтап тәрбиелемесе Досанов бола ма? Ұшқышқа осылай тапсырма берген де өзі.
«АН-2» аспанда айқұш-ұйқыш өрнек салып жүріп ақыры бағытын түзеді. Межелі жерге келгенде жауынгерлер отырған бөлмеде қызыл жарық жанды. Бұл «секіре беріңдер» деген белгі болатын. Бұйрық келгенде бұғып қалатын Досанов па, дереу команда берді.
– Секіріңдер! Болыңдар жылдам!
– Жолдас командир!
– Жап, аузыңды, секір деген соң секір!
Командирдің жан дауысы шықты. Ұрыста тұрыс бар ма? Айқара ашылған ұшақ есігі алдына десанттар үймелеп қалды. Алғашқылары секіріп те кетті. Олар құлдилап бара жатты. Әлден соң Досановтың шыңғырған дауысы ұшақты теңселтіп жіберді. Бұл жолы десанттарға ұшаққа мінерде секіреміз деген команда берген жоқ болатын. Жаттығып жатқан жерінен қуып келіп, ұшаққа малша тиеген. Сондықтан жауынгерлер парашюттерін кимеген еді. Командирдің зілді бұйрығынан олардың есі шығып, қалай секіріп кеткендерін білмей де қалған.
Ұшақ айналып жер бауырлай келіп қонғанда жайрап жатқан он шақты десантты көрді. Асығыс шешім дегеннің соңы осы. Досанов жынданып кете жаздады. Бірақ бұйрық берген өзі емес пе? Енді өз сорынан көреді-дағы. Алайда кемшілігін бірден мойындай салатын Досанов па, түрлі дәлел арқылы жан-жағына қорған соғып алыпты.
– Менің бұйрығымды тыңдамай өздері секіріп кетті, – дейді комиссия алдында.
Япыр-ай, кім екен жанын жерге тастай алмай жүрген? Өтіріктің де қисыны болмаушы ма еді? Олар командирлері қатаң бұйрық берген соң ұшаққа амалсыз мінген еді. Не үшін ұшып шыққандарын әуелі білген де жоқ. Бұрын ұшақтан секіртерде парашюттерін тексеріп алушы еді. Парашюттің белдіктері дұрыс қадалған ба, жоқ па, оны да мұқият тексеретін. Бұ жолы қандай сайтан түрткені белгісіз, жау шапқандай асықтырды емес пе? Осыған көрінген екен де.
Досанов бүгін дел-сал болып отыр. Әскери қызметке келгелі қолына шексіз билік тиіп еді. Жауынгерлерді бір шыбықпен айдайтын. Оларға ойына келгенді істеп бақты.
Ал енді не болды? «Көп асқанға – бір тосқын» деген осы болар?
Капитан жаман түс көрді. Ұшақтан парашютсіз секірген жауынгерлерінің арасында өзі де құлдилап барады екен. Шыңғырып оянды.
Әй, оңбай құлайсың-ау енді, капитан мырза!
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:31
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2026 02:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















