Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

Қазақстанда азаматтардың өтініштерін қарау ережелері өзгереді

Binance криптобиржасына жасалған хакерлік шабуыл Қазақстанға әсер етпеді

Анасы емдеу сапасын тексеруді сұрады : Жаңаөзенде бір ай комада жатқан бала көз жұмды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды

Түркияда барлығы қосылған жүйесі бойынша демалыс ережелерін өзгерту жоспарлануда

Той кәдесі

Той кәдесі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

– Осы! Осы! Келіңіз! Төрлетіңіз!

– Балам үйленіп, той жасағалы жа­тыр едік. Тойдың қызықты өтуі аса­баға тікелей қатысты ғой, шырағым. Маған тойды жандырып жіберетін асаба керек.

– Ондай асаба бізде бар. Тіпті пішен. Тойыңызды түрлендіріп тамаша етіп өткізіп береріне бәс тіге аламын. Алдын ала ақысын төлесеңіз, боқысын шығарамыз.

– Боқысы несі тағы?

– Сөздің реті ғой, ақсақал. Тойды мынауский етіп өткізіп береміз деген сөз ғой. 

– Ә! Осы сендер қайдағы жоқ сөзді қайдан тауып ала қоясыңдар? Жә, сонымен, маған қай асабаны ұсын­ғалы отырсың?

– Мына Тойболды деген азамат мықты тамада. Бұл қалада бұдан асқан тамада  жоқ.  Кассаға ақшасын төлеп, тойдың қай күні, қай тойханада өте­тінін жазып кетіңіз.

– Тойболды тойда келгендерді екі езуі жыртылғанша күлдіре ала ма?

– Күлдіреді.

– Бұл тойдың керемет қызықты өткенін білдіреді ме?

– Білдіреді.

– Бұл бала билік қолына тиген соң ойына келгенін оттап, бүлдірмей ме?

– Бүлдіреді. То-есть, бүлдірмейді. Есесіне жұртты ішегі қатқанша күлдіреді.

– Ендеше осы балаға тоқтадым. 

– Қам жемеңіз, ақсақал! Бәрі де шики-шики болады.

– Шықы-шықы деген не?

– Шықы-шықы емес, шики-шики деймін. Ол – кереметтен де керемет де­ген сөз. Той басталды. Ортаға жұл­қы­нып асаба шықты. Сөзге шөліркеп қалған ба, Тойболды жұртшылық «қой, болды енді» дегенше аузы көпіріп тоқтаусыз сөйледі.  Бұдан соң ортаға жас жұбайларды шақырды. «Жар-жар» айтылып, жігіт пен келін көпшілікке бас иіп, асабаның айтқан жеріне тоқтай қалды. Тойболды жас келінге сәлем салдырып еді, Сәндігүл бетін шымшылады.

– Осында келіннің әкесі мен анасы, бауырлары отыр. Келін өз әкесіне, бауырларына   сәлем салушы ма еді? – деп күңк етті.

– Жә, босқа ашуланбаңыз, бұл тойдың ырымы ғой, – деп жанындағы әйел басу айтып еді, Сәндігүл өрше­леніп кетті. Бір кезде Тойболды ортаға жаңа құдаларды шақырды. Оның айтуы бойынша екі құда екі жаққа ұзаңқырап шегініп, сол тұрған жер­лерінен жүгіріп келіп құшақтасуы керек екен. Асаба айтса, заң! Екі құда екі бұрышқа барып біріне-бірі қарама-қарсы жүгіремін деп біреуі шалынып, омақаса құлады. Оны тұрғызамын деп жұрт үймелеп қалды.

Осыдан соң тамада «Тентек кәде» деген ойын ұйымдастырды. Бұл ойын­ның шарты бойынша жаңа құдалар бірін-бірі сөзбен іліп, сын садағымен атқыласуы тиіс екен. Жаңа құдалардың шыдамдылығын сын таразысына салатын бұл ойынның ережесі де оңып тұрған жоқ еді. Бірін-бірі әлі толық біліп болмаған құдалар қайткенде қарсыласын ызаландыруы керек. Соған шыдаған шыдады, шы­дамаған сыннан құлады. Ойын қызып жүріп кетті. 

Келін жақтан тойға келген Сал­қын­бек содырлардың сойынан еді. Ол анау-мынау ойынды көтере алмайтын. Мына біреу ежірейіп бірдеңе деп күңкілдейді. «Қайдан келген алқаш­сың?» деп айқаптағы жынына тиіп діңкілдейді. Мұндайға шыдайтын Салқынбек пе, қарсыласын салып қалды. Ол жалп етіп құлап, талып қалды. Тойшыл топ ережесіз төбелес көріп отырғандай орындарынан тұрып, жер тепкілеп, ысқырып, залды азан-қазан етті.

Бұл кезде жаңа құданы «жедел жәрдем» зембілге салып алып кетіп бара жатыр еді.

– Бүйткен кәделерің құрып кетсін! – деп Сәндігүл ернін сылп еткізді.

 – Осы күнгі асабалардан-ақ тойып біттім. Қазақтың салтында жоқ қайдағы-жайдағы әлденелерді тауып алады. Әй, бұрынғы ата салтымызбен өткізсек болмас па еді тойды?  – деп Ынтымақ күйінді.

– Осы асаба, тамада дегендерден-ақ көресіні көріп біттік. Анадағы бір  тойда жас келін атасына қасықпен торт жегіземін деп жасанды тістерін түгел сыпырып түсіріп еді. Мынау одан да өткен тамаша болды, – деп Нұртай қарқ-қарқ күлді.

– Тойға да қорқып баратын заман туды ғой, – деп Жағыпар шақшасын алып тізесіне соққылады. 

Одан соң той той болмады, бала-шаға жеп кетті. «Тағы бір кәденің кәкіріне ұшырап, біз де таяқ жеп қалмайық» деп ойлаған көпшілік біртіндеп тарай бастады.

Той иесі Мақтабек «мыналар той кәдесін бермей кетіп бара жатыр ғой» деп ойлағанда сылқ етіп құлады. Бетіне су бүркіп еді тұрмады. Екі бетін шымшылап еді, тұрмады. Содан соң амал жоқ,  жедел жәрдем шақырылды. 

Мақтабек аурухана палатасында «асаба, асаба!» деп оянды. Дәрігер оған «Тентек кәде» деген диагноз қойды. 

С.ОЛЖАБАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:29
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2026 02:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

29 Қазан 2026 09:57see157

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see157

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

29 Қазан 2026 07:07see156

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

29 Қазан 2026 12:08see151

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

29 Қазан 2026 16:18see151

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

29 Қазан 2026 14:47see151

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

29 Қазан 2026 19:22see149

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

29 Қазан 2026 18:42see148

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

30 Қазан 2026 07:21see138

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

30 Қазан 2026 12:12see136

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

30 Қазан 2026 04:23see135

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

29 Қазан 2026 18:59see135

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

30 Қазан 2026 02:40see131

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

30 Қазан 2026 12:31see130

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

30 Қазан 2026 02:40see126

Қазақстанда азаматтардың өтініштерін қарау ережелері өзгереді

30 Қазан 2026 02:41see123

Binance криптобиржасына жасалған хакерлік шабуыл Қазақстанға әсер етпеді

30 Қазан 2026 21:13see123

Анасы емдеу сапасын тексеруді сұрады : Жаңаөзенде бір ай комада жатқан бала көз жұмды

30 Қазан 2026 18:14see122

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды

30 Қазан 2026 21:46see119

Түркияда барлығы қосылған жүйесі бойынша демалыс ережелерін өзгерту жоспарлануда

29 Қазан 2026 17:04see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары